Назарбаев пен Трамп 16 қаңтарда кездеседі

Назарбаев пен Трамп 16 қаңтарда кездеседі

АҚШ президенті Дональд Трамп 16 қаңтарда Вашингтонда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

Екі ел президенті "аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық байланысты нығайту мәселелерін талқылайды". Ақ үйдің хабарлауынша, Трамп пен Назарбаев халықаралық мәселелерді, Ауғанстандағы жағдайды да сөз етеді. Бұл мәселе қаңтар соңына дейін өтетін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде де талқыланады. Қазақстан қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді.

9 қаңтарда Назарбаев Астанада АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролды қабылдады. Кездесуде Назарбаев Қазақстанда Америка капиталының қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істеп жатқанын айтты. 

Айдары:  Найзағай
10.01.18
38 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.