Бишімбаев сотта табысы жайлы мәліметті айтты

Бишімбаев сотта табысы жайлы мәліметті айтты

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен жемқорлық қылмысына қатысы бар 22 фигурантқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сотталушы Қуандық Бишімбаев осымен үшінші күн сот алдында жауап беріп жатыр. Сот барысында экс-министр өзінің соңғы 7 жылдағы табысы мен шығыны жайлы айтты.

"Маған өзімнің табысым жайлы мәліметтерді жариялауға рұқсат беріңіз. Және маған 120 мың доллар бере алдым ба, жоқ па сол сұраққа жауап беруге рұқсат беріңіз", - деді Бишімбаев судьяға.

Сотталушы қылмыстық іс материалдарында осы мәліметтердің көрсетілгенін айтып өтті. "Онда менің банктердегі есепшоттарымның бар екені айтылады. 2010-2017 жылдар аралығында шотқа 273 миллион 638 мың 328 теңге түскен. Бұл соманы ескі бағам бойынша санасақ, шамамен екі миллион доллар. Осы уақыт аралығындағы шығын көлемі - 262 миллион теңге. Олардың 95 миллион теңгесі депозитке аударылды. 42 миллион теңге қолма-қол шешілген. Сондықтан менің коттедж құрылысына 120 мың доллар ақша аударғаным мүмкін емес. Ақшаларға қатысты мәлімет мына жерде де көрсетілген", - деді Қуандық Бишімбаев.

Ал кеше, 9 қаңтарда өткен сот отырысында сотталушы Қуандық Бишімбаевқа арналып салынып жатыр делінген Қосшыдағы үй мен "Prяник" мейрамханасының кімге тиесілі екені жайлы толық айтып берген болатын.

"Менің немере ағам, немере туысқаным және менің анам. Сіздерге "Prяник" мейрамханасының екі қабаттан тұратынын айтып өткім келеді: екінші қабат менің туыстарыма тиесілі. Бірінші қабатын 5-6 адам басқарады, оларды танымаймын, оларға еш қатысым жоқ. Кезінде осы аумақты бір кешен етіп біріктіру туралы келісім жасалды. Міне, содан бірлесіп бизнесім жүріп келе жатыр. Осылайша, "Prяник" мейрамханасының 8 немесе 9 қожайыны бар. Бірінші қабатын - 5-6 адам басқарса, екінші қабатын менің туыстарым басқарып жатыр", - деді Бишімбаев.

Сонымен қатар, ол осы мейрамханада Астанада түбіндегі Қосшы ауылындағы үй құрылысына ақша аударғанын түсіндірді.

"Мен осыған дейін 89,5 мың доллар көлемінде алғашқы төлем жасағанымды айттым. Ақшаны Сисембаев Ринатқа бердім. Себебі ақша жинаумен сол айналысты. Алғашқылардың бірі болып төлем жасауды жөн көрдім. Мұнда ешкімнің ешкімге өтіріп айтып жатпағанын көрсеткім келді. Осы ақшаны 2015 жылдың тамызында берген едім", - деді экс-министр.

Сондай-ақ, ол осы кезде ешқандай да қолхаттар мен чектердің алынбағанын айтып өтті. Айтуынша, олар ауызша келісімге келіп отырған.

"Кім қанша салды... Мен тек өзімнің қанша ақша бергенімді айта аламын. Сисембаев алғаш рет жауап бергенде 20 мың доллар салғанын айтты. Бірақ мен оның расында қанша ақша бергенін білмеймін, ақшаны мен санаған жоқпын. Мен Сұлтан Нұрлыбектің 12 миллион теңге беріп жібергенін белмін. Және де өзімнің бастапқыда 89,5 мың доллар, ал 2016 жылдың жазында Жақсыбаевқа тағы да қосымша ақша беріп жібергенімді білемін. Мұнда ақшаның барлығын Ринат қадағалап жүрді", -деді Бишімбаев.

Бишімбаев өзінің және серіктестерінің салынып жатқан коттедждің заңды түрде кімге тиесілі болатынын анықтап үлгермегендерін айтып өтті.
Мұның алдында экс-министр Мемлекет басшысынан кешірім сұраған еді.

"Президенттің алдында кінәлі екеніміді білемін. Мен танитын адамдар, мен өзім жұмысқа шақырған Жақсыбаев, Жақыпов және тағы басқалар маған нұқсан келтірді, мен олар үшін Мемлекет басшысы алдында жауаптымын. Осы жағдай үшін және Президенттің сенімін ақтай алмағаным үшін ұяламын. Кадрларды таңдау кезінде қатты қателестім. Менің сеніміме кіріп, мені тек қолданған адамдарды өзіме жақындаттым. Мемлекет басшысынан кешіріп сұраймын, халықтан осы үшін кешірім сұраймын", - деген еді Бишімбаев.

Сондай-ақ, осыған дейін сотта Бишімбаевтың әйелі де сөз сөйлеген еді.

"(...) ҚР ҚПК-ның 120-бабының 1-тарауын назарға алып, журналистік тергеу ресми құжат ретінде мойындалу керек. Ал 125-бап бойынша қылмыстық істі шешу үшін дәлелерді бағалау қатыстылық, дәлелділік тұсынан бағалану керек. Осыған байланысты зауыт құрылысы туралы мақалаларды іске қосуыңызды сұраймын", - деген еді Бишімбаевтың әйелі сот залында.

2016 жылдың 30 желтоқсанында ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын.

 

tengrinews.kz 

Айдары:  Түтін
10.01.18
110 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.