Ақтөбе әкімдігінен мәйіт табылды

Ақтөбе әкімдігінен мәйіт табылды

8 қаңтар күні Ақтөбенің Ахтанов көшесіндегі қалалық әкімдік ғимаратынан "оқ тиіп, мерт болған" азаматтың мәйіті табылды. Бұл туралы Азаттыққа күштік құрылымдардағы дерек көзі хабарлады. Қайғылы жағдай жұмыс уақыты аяқталған соң кешкі сағат 19.00 шамасында анықталған. Кейбір деректерге қарағанда, қаза тапқан азамат «Күзет» қызметкері болуы мүмкін.

Ақтөбе қалалық әкімдігіндегі аппарат басшысы Нұрлан Күнтуовтың сөзіне қарағанда, қазаның аппарат қызметкерлеріне қатысы жоқ, әкімдік қызметкерлерінің барлығы аман. Күнтуов басқа ақпарат бере алмайтынын айтты.

Ақтөбе қалалық әкімдігі ғимаратындағы оқиғаны облыстық прокуратураның аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев та жоққа шығармады. «Қаза болған азаматтың кім екенін, қандай жағдайда мерт болғанын әзірше айта алмаймын» деді Дәулембаев.

Ақтөбе қаласы әкімдігі аумағында мерт болған адам 35 жастағы "Күзет" қызметкері Байбек Қарымсақов екені анықталды. Бұл туралы бүгін (9 қаңтар) өткен брифингте облыстық арнайы күзет қызметі басқармасы басшысының орынбасары Руслан Маханов хабарлады.

Алдын-ала тексеру бойынша Қарымсақов өз-өзіне қол салған. 

Айдары:  Найзағай
09.01.18
46 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.