Философ Асылбек Мусин қайтыс болды

Философ Асылбек Мусин қайтыс болды

Қазақстандағы рационал монотеизмнің негізін салушы философ, қоғам қайраткері Асылбек Мусин Рига қаласында белгісіз жағдайда қайтыс болды.

Асылбек Мусин 1979 жылы туған. Экономика саласы бойынша жоғарғы білім алған ол жастайынан  дін мәселесін жан-жақты зерттеген философ ғалым. Оның есімі «Ізгі амал» пікірлестер клубымен, былайғы жұрт «құраншылар» деп атайтын ислами ағыммен тығыз байланысты. Асылбек Мусин осы ағымның көшбасшы идеологы саналады. Ол діни-танымдық тақырыптарды қамтитын  ruh.kz ,   anti-idol.kz, nurmura.kz  интернет сайттарына басшылық жасады.

 

Қазақстандық рационал монотеистердің («құраншылардың») пікірі бойынша, Құдайдың адамға жасаған ең үлкен сыйы – Ақыл. Яғни, адам Құдайдың сыйын - Ақылды пайдалануы міндетті, Ақиқатты Ақыл арқылы тануы қажет. Бұған қосымша ретінде Құдай адамдар жолбасшы етсін деп Кітап жіберді. Құран – бәрі қамтылған, толық әрі анық баяндалған кітап. Сондықтан, Құранды түсіндіретін, Ақиқатты тануға көмектесетін қосымша кітаптардың, мазхабтардың, тариқаттардың, әулиелердің, хадистердің және т.б. қажеті жоқ.

Ақиқатты іздеудің ең үздік жолы – ғылым мен философия. Әр нәрсеге сын көзбен қарап дағдыланбай нағыз білімге жету мүмкін емес. Ақиқат турасындағы дерек сынсыз, дәлелсіз қабылданар болса, оның құндылығы мен пайдасы күмәнді.

Әрбір есі дұрыс адамның Құранды өз бетінше оқып-білуге, сол арқылы Ақиқатты тануға шамасы жетеді. Өйткені, адамда Ақыл бар. Ақиқатты танып-білуде Ақыл – құрал (инструмент), Құран – нұсқаулық (инструкция). Бұл методология бойынша, барлық нәрсені Ақылға салып, зерттеу керек, дәлел табылып жатса ғана, ол Ақиқат ретінде қабылдануы қажет. 

Айдары:  Найзағай
25.12.17
1197 оқылды

Пікір саны (1)

қазақ

Бұл жігіт Аслан Мусиннің ұлы емес пе. Арты қайырлы болсын, жас өлім, қайран тағдыр!!!

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.