ҚР СІМ Иерусалим мәртебесіне қатысты мәлімдеме жасады

ҚР СІМ Иерусалим мәртебесіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иерусалим қаласының мәртебесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Иерусалим қаласының мәртебесіне қатысты жағдайдың шиеленісуіне орай өз алаңдаушылығын білдіреді және барлық мүдделі тараптарды ұстамдылыққа шақырады», делінген хабарламада.

ҚР СІМ БҰҰ қарарлары негізінде Палестина-Израиль мәселесін реттеуді қолдайтынын растады.

«Иерусалимнің қазіргі мәртебесінің сақталуын жақтай отырып, Қазақстан халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы және Қауіпсіздік Кеңесінің 181 (1947), 242 (1967), 338 (1973), 2334 (2016) қарарлары, сондай-ақ 2002 жылғы Араб бейбіт бастамасы негізінде палестиндік-израильдік реттеуге қолдауын растайды», деп атап өткен ҚР СІМ.

Палестина-Израиль қақтығысының шешімі 1967 жылғы шекараларда астанасы Шығыс Иерусалим болып табылатын Палестина Мемлекетінің құрылуын көздейтін «екі халыққа екі мемлекет» қағидасына сәйкес іске асуы тиіс, деп санайды Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Таяу Шығыста бейбітшілікті орнатудың ажырамас шарты болып табылатын өңірдегі тұрақтылықты қалпына келтіру процесіне толық қолдау көрсетуді жалғастырады.

 

Айдары:  Найзағай
07.12.17
33 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.