Дін саласындағы заң жобасына өзгерістер енгізілді

Дін саласындағы заң жобасына өзгерістер енгізілді

Бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев шетел дипломаттары үшін арнайы баспасөз мәслиxатын өткізіп, діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы заңнаманың негізгі өзгерістерін түсіндірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, заң жобасына "деструктивті діни ағым" және "діни радикализм" ұғымдары енгізіліп отыр.

"Біздің қазіргі заңнамамызда діни радикалды іс-әрекеттің нақты анықтамасы жоқ. Қоғамда ондай әрекеттер бар. Бірақ заңды анықтамасы жазылмаған. Сондықтан біз Еуропа елдерінің тәжірибесін ескеріп, "деструктивті діни ағым" және "діни радикализм" ұғымдарын енгізгенді құп көрдік", - дейді Ермекбаев.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде деструктивті діни ағымдарға түбегейлі тыйым салу мүмкін емес. Себебі ондай ұйымдардың нақты бір құрылымы, я болмаса, бас кеңсесі жоқ. Ал заң жүзінде деструктивті діни ағымға нақты анықтама берілсе, бытырап жүретін радикалдардың әрекетіне құқықтық баға беріп, жауапқа тартуға болады.

"Осылайша, дінді жамылып, радикализм мен терроризм идеяларын таратындарға тосқауыл қоюға мүмкіндік бар", - деп атап көрсетті Ермекбаев мырза.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxаты ҚР Сыртқы істер министрлігінде өтті. Министр мемлекеттік қызметшілердің діни ұстанымына қатысты нақты үш шектеудің болатынын жеткізді. Бұдан бөлек, адамның бет-әлпетін тұмшалайтын киімдерге қатысты түсінік берді.

Айдары:  Найзағай
24.11.17
86 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.