Мұхтар Тайжан сотқа берген дихан бауыр рагына шалдықты

Мұхтар Тайжан сотқа берген дихан бауыр рагына шалдықты

Осындай қысылтаяң тұста осы постты жазғым келмеп еді. Бірақ бұл проблема кезек күттірмейді. Соңғы 8-айдан бері Батырғали Əмреев деген ағамыз ауыр сырқатқа душар болды. Диагнозы бауыр рагы. Қатты арықтап кетті. Бұл аурудан құтылу өте қиын екенін жəне тура осы аурудан жүздеген адамдардың өмірмен қош айтысқанын білеміз.

Бұл ағамызды танымайтын достарымыздың есіне сала кетейін. 2013-жылы Қапшағай қаласының төңірегінде орналасқан Шеңгелді деген ауылда Шешендер мен қазақтардың арасында қақтығыс болып, осы Батырғалидың күйеу баласы мен өз баласына оқ тиіп күйеу баласы қайтыс болған. Өз баласы аман қалды. Осы оқиғадан соң ұлт жанашырлары мəселені ушықтырмау мақсатында сол ауылға барған. Ішінде Мұхтар Тайжан да болған. Батырғали Əмреев пен Мұхтар Тайжан осылай танысып, соңыра екеуі пияз бизнесімен айналысқан. Ақырында Мұхтар Тайжан бірнеше диһаншының пиязының ақшасын бермей кетіп, соңы үлкен дауға ұласқанын бəріміз білеміз. Енді қазір Мұхтар Тайжан "125 тонна пиязымды қайтармады" деп Батырғалидың үстінен сотқа арызданып отыр. Осы арыздың кесірінен Батырғали шетелге емделуге шыға алмай отыр. Себебі оған осы арыздың негізінде шетелге шығуға шектеу қойылған.

Осы жерде назар аударатын маңызды бір нəрсе бар. Осыдан бір жыл бұрын біз осы пияз дауымен Шеңгелдіге бардық. Сол кезде Батырғали ағамыз Айгүл Қоқай апай мен Ғабиден Жəкейге егістікте жиналып тұрған Мұхтар Тайжанға арнайы дайындап қойылған 125 тонна пиязды көрсеткен жəне сол күні бəріміздің көзімізше Мұхтар Тайжанға "125 тонна пиязды дайындап қойдым. Алып кет" дегенін бəріміз естідік. Бұның видеосы да бар! Тіпті Батырғали сол кезде осы Фейсбукта Мұхтарға арнап "125 тонна пиязды дайындап қойдым. Алып кет" деп пост жазған. Мұхтар сол кезде дайын пиязды алмай, арада бір жыл өткен соң, биылғы жылы пияз қымбаттаған кезде 125 тонна пиязды қайтарсын деп Батырғалиды сотқа беріп отыр. Бұны қалай түсінуге болады?

Дəл қазір Батырғалидың Мұхтарға беретін ақшасы да, пиязы да жоқ. Есесіне ауруы күннен-күнге дендеп барады. Варикоздары күннен-күнге жарылып хəлі сұмдық нашарлап бара жатыр. Əр бес күн сайын дəрі-дəрмекке жүз мың теңге жұмсалуда. Осы жерде Мұхтар Тайжаның адамгершілік жасап "Батырғалидың шетелге шығып емделіп қайтуына қарсы емеспін" деген бір ауыз қолхаты ғана қажет еді. Керек болса біз Батырғали үшін оған ақшасын қайтаруға кепіл болар едік. Бірақ ол қырсығып осы қолхатты бермей отыр. Мəселе өте шұғыл болған себепті араағайын етіп Мұхтармен жақсы қарым-қатынастағы Абзал Құспанды, Рысбек Сəрсенбайұлы сынды елге танымал азаматтарды қолқалап ортаға салдым. Бірақ Мұхтар көнер түрі жоқ. Керісінше осы Фейсбукта "Пиязхандар маған қарсы флешмоб па бірдеңе ұйымдастырайын деп жатыр екен. Сот орындаушылары оларды қысып жатыр. Сатқындар жазасын толық алсын" деп логикаға сыймайтын пост жазып отыр. Бір-бірімізді өкпеге қисақ та, өлімге қимаған қазақ емес пе едік? Бірақ Мұхтардың бойынан əзірге мұндай үлкен адамгершілік байқалмайды.

Былтырғы жылы Мұхтар мен диһаншылардың арасындағы дауда араағайындық жасап жүріп аз уақыттың ішінде Мұхтардың өз сөзінен тайқып шыға келетінін бірнеше рет байқадым. Қазір Батырғалимен күнде сөйлесеміз. Батырғали өте кең пейілді, қайсар рухты, елге жанашыр текті азамат. Ол маған рахмет айта отырып "Мен үшін Мұхтардың алдында кішірейме, одан өлсем де кешірім сұрамаймын. Құдай пешенеме жазғанды көремін" деп отыр. Осыған байланысты кеше Алматыда жиналыс болып Батырғалидың денсаулығы жөнінде комитет құрылды. Жиналған жұрт мені сол комитеттің басшысы етіп бекітті. Сол үшін осы постты жазып отырмын. Құдай бетін əрмен қылсын. Бірақ осыдан Батырғали осы Мұхтардың кесірінен қажетті мерзімінде ем ала-алмай осы дерт оның өмірін жалмайтын болса, бұған Мұхтар Тайжан бірден-бір себепкер адам болады!

Құрал Медеуов, ұлтшыл-патриот

(Фейсбуктегі парақшасынан алынды)

 

Осы тақырыпқа қатысты мақалаларды төмендегі сілтеме арқылы оқуға болады

«Пияз дауының» құпиясы ашылды

Пияз дауы: Мұхтар Тайжан жеңіліп қалды

Қазақтың ұлтшыл патриоты неге орысша соттасты?

Айдары:  Текемет
20.11.17
260 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.