Қазақстанда сәрсенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Қазақстанда сәрсенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанда сәрсенбі күні республиканың кей жерлерінде қар, жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл облысынің бірқатар жерлерінде тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

ҚазАқпарат

Айдары:  Найзағай
15.11.17
22 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.