Cирияға соғысқа кеткендердің бала-шағасы қайтып оралды

Cирияға соғысқа кеткендердің бала-шағасы қайтып оралды

13 қараша кешкісін Грозный қаласының әуежайына 40 жолаушысы бар - Сирияның қақтығыс болып жатқан аймағынан құтқарылған 12 әйел мен 29 бала мінген арнайы рейспен жеткен ұшақ қонды. Олардың арасында бес адам қазақстандық, екеуі - Өзбекстан, ал қалғаны ресейліктер - Шешенстан, Ингушетия, Дағыстан мен Башқұртстаннан, - деп хабарлайды РИА Нововсти.

Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріндегі Шешенстан басшысының өкілетті тұлғасы Зиял Сабсаби бұл адамдарды Сирияның түрлі қаласынан жинап әкелгенін айтады. Бұл Сириядан жеткізілген екінші және адам саны көп топ болды. Мұның алдында 21 қазанда Сирияның Хмеймима қаласынан 22 адам: жеті әйел мен 14 бала жеткізілген болатын.

 

 

Шешенстан үкіметінің сайтындағы ақпарат бойынша, республика басшылығының арқасында тамыз айынан Таяу Шығыстан 90 адамды қайтару мүмкін болған. Рамзан Қадыровтың өзі Instagram желісіндегі парақшасы арқылы құтқарылған әйелдер мен балалар "ібліс лаңкестерінің қатарын толтырған" әкелері мен күйеулерінің "қылмыстық ессіздігінен" қақтығыс жүріп жатқан жерлерде қалып қалған деп мәлімдеді. Сонымен қатар, ол мұндай құтқару жұмыстары аса қауіпті жағдайда жүретінін, алайда, Ресей азаматтарын қиын жағдайда тастамайтынын айтты.

 ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Сириядан эвокуациялаған үшін Шешенстан басшылығына алғыс білдірді.

 "Шешенстан астанасы - Грозныйға Сиряның қақтығыс болып жатқан аймақтарынан бір топ адам жеткізілгені белгілі. Олардың арасында Қазақстан азаматтары да бар. Олар Орал қаласының 1988 жылғы тұрғыны (әйел адам) мен оның кәмелетке толмаған төрт баласы. Грозный әуежайында оларды Ресейде Қазақстан елшілігінің қызметкерлері қарсы алды. Жақын арада олар Қазақстанға жеткізіледі. Біз Ресей тарабы мен Шешенстан Республикасының басшылығына шынайы ризалығымызды білдіреміз", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметіні жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

 

 

Айдары:  Текемет
14.11.17
82 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.