Судьяны өлтірген Медет Әбдірахманов өмір бойына түрмеге қамалды

Судьяны өлтірген Медет Әбдірахманов өмір бойына түрмеге қамалды

 Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Жанна Бердіқұлованы өлтірді деп айыпталған Медет Әбдірахмановқа қатысты үкім шықты.

Ер адам ҚР Қымыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтiру"), 188-бабы ("Ұрлық") және 384-бабы ("Құжаттарды заңсыз алып қою, құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi жымқыру, жою, бүлдіру немесе жасыру") бойынша айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сотталушы зардап шеккен тарапқа материалдық және моралдық шығын ретінде 10 миллион теңгеден аса ақша төлеуі керек.

Еске сала кетейік, 46 жастағы Жанна Бердіқұлова биыл 14 маусымда өлі табылған еді. Жедел шаралар барысында күдікті ретінде Көкшетау қаласының 1985 жылы туған ер адам ұсталған болатын. Ал кейінірек сот төрайымын өлтірді деген күдікті қылмысын мойындады.

 Tengrinews.kz

Айдары:  Найзағай
14.11.17
34 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.