Ирандағы жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 400-ден асты

Ирандағы жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 400-ден асты

Иранның батысындағы Керманшах провинциясында жер сілкінісі кезінде қайтыс болғандар саны артып, 407 адамға жетті. Бұл туралы бүгін жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасап Ирна агенттігі хабарлады.

Иранның жедел жәрдем қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Керманшах провинциясындағы жер сілкінісінің салдарынан жергілікті уақыт бойынша сағат 18-30-ға дейін 407 адам қайтыс болғаны анықталды. Ал, зардап шеккендер 6,7 мыңға жуық адамды құрап отыр.

Айта кетейік, қуаты 7,3 магнитудалық жер сілкінісі жексенбі күні Иранның батысында болды.

Еуропалық-жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Керманшах провинциясының батысындағы Иранның Азгле қаласында жатыр. Зілзаланың ошағының тереңдігі 11 км.

Қуатты жер сілкінісінен соң, жерасты дүмпуі 150 рет қайталанған. Олардың қуаты Рихтер бағаны бойынша 2,3 балдан 4,6 балға дейін жетті. Жерасты дүмпулері осы өңірдегі Ирак, Кувейт, БАӘ сияқты елдерге де сезілген. Иракта 8 адам қайтыс болып, 400 адам зардап шеккен.

Айдары:  Найзағай
14.11.17
28 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.