Әлемде 780 миллион адам ашқұрсақ жүр

Әлемде 780 миллион адам ашқұрсақ жүр

Тағы 100 миллионнан астамы табиғи апаттың құрбанына айналса, 65 миллиондай халық үй-жайын тастап босып кеткен. Бұл статистикалық деректерді Ыстамбұлда өткен баспасөз мәслихатында «Түрік Қызыл айы» қоғамының төрағасы Керем Кырык мәлімдеді.

Оның айтуынша, қарашаның 5-11-і аралығында Түркияда дүниежүзі Қызыл ай ұйымдарының халықаралық жиыны болады. Басқосуда мұқтаж жандарға гуманитарлық көмек көрсету мен қамқорлыққа алу мәселесі кеңінен талқыланады. Мәселен, былтыр гуманитарлық жәрдемнің жалпы көлемі 27,3 млрд АҚШ долларын құрапты. Бұл әлемде көмекке зәру адамдардың тек 40%-ының ғана қажеттілігін өтеуге жеткен. Алайда мамандар табиғи апат, қарулы қақтығыс, аштық пен жоқшылыққа тап болатын жандардың қарасы жыл сайын артып отырғанына алаңдаушылық білдіріп жатыр.

Керем Кырык, «Түрік Қызыл айы» қоғамының төрағасы:

- Әлемде біршама дағдарыс аймағы бар. Ол жерлер қайғы-қасіретке толы. Көбі адам төзгісіз жағдайда өмір сүреді. Шыдай алмағандар үй-жайларынан безіп, босқын атанады. Біз бұл жантүршігерлік оқиғаларды тоқтату үшін ұзақ жылдан бері еңбек етіп келеміз. Мысалы, Сирия дағдарысын тілге тиек етсек болады. 7-жылға созылған азаматтық соғыстың ең ауыр зардабын қарапайым халық көрді. 12 миллионға жуық адам үйінен, отанынан қашты. Еліміздегі 4 миллион босқынның 3 миллионы сириялықтар екенін атап өткім келеді. Ал қалғандары Ирактан, Йемен мен Египеттен, Ливия мен Ауғанстаннан бас сауғалағандар. Біз оларға қиын сәтте көмек қолын созып, жағдайларын жасауға тырысып бағудамыз.

24.kz

Айдары:  Найзағай
30.10.17
88 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.