Тоқмади банкир Тәтішевті Әбілязовтің тапсырмасымен өлтіріпті

Тоқмади банкир Тәтішевті Әбілязовтің тапсырмасымен өлтіріпті

Қоқан-лоққы жасап бизнестегі әріптесінің дүние-мүлкін иеленіп кеттті, заңсыз қару-жарақ сақтады деген айыппен 3 жылға сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмади тергеу барысында 2004 жылы болған атышулы қастандыққа қатысты тың мәліметтерді жария етті. Оның айтуынша, ТұранӘлем банкінің басшысы Ержан Тәтішевті өлтіруге оның бұрынғы әріптесі Мұхтар Әбілязов тапсырыс берген.

Бұл мәліметтер КТК телеарнасында көрсетілген «Звали его Мурка» атты деректі фильмде айтылады. Онда Тоқмади бұдан бірнеше жыл бұрын ТұранӘлем банкінің басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті қалай атып өлтіргенін мойындайды. Ол кезде бұл қайғылы оқиғаға қатысты іс аң аулау кезінде мылтықтың байқамай басылып кетуі салдарынан болған жағдай ретінде сипатталған болатын.

«Ол (Мұхтар Әблязов – ред.) мәселені Ержанның көзін құрту жолымен шешуді ұсынды. Оның айтуынша, оқиға аңшылық кезінде болуы және абайсыз өлім болып көрінуі тиіс еді» дейді Мұратхан Тоқмади.

Тәтішевті өлтіру не үшін қажет болды десек, ТұранӘлем банкі Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Серік Уәлиев мәселе Мұхтар Әблязов пен Ержан Тәтішовтің арасындағы араздықтан шыққанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, Ержан Тәтішевті жұрттың қаржы ісінің генийі деп атауы Әбілязовқа ұнамаған.

«Мұхтар өзін Ержан лақтырып кетті деп біліп, осы себепті оны жек көрді. Мұны ол ашық айтатын» дейді банктің Директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Жақсылық Жәрімбетов.

Мұратхан Тоқмади 2004 жылдың желтоқсан айында Тәтішевке өзі звандап, бірге аң аулап қайтуға шақырғанын айтады.

«Жолда ол рөлге өзі отырды да машинаны қатты айдады, қасқыр қуып бара жатқанбыз. Оның күзетшісі қаруды маған берген сәтте мен Ержанды атып өлтірдім» дейді Тоқмади.

Бұл іс бойынша сот үш жыл жүрді. Қанды оқиға, мылтық, оқтың бағытына қатысты детальдардың сот сараптамасын жасау кезінде қалай бұрмаланғаны фильмде егжей тегжей баяндалады. Тоқмади осындай сараптама жасату үшін 20 мың доллар төлеген.

«Бәрі ойлағандай шешілді. Абайсызда адам өліміне әкелген оқиға болып шықты. […] Бәрі Әблязовтің ісі екенін түсіндім. Ержанның өлімі - Әблязовтің тапсырысы» деді Тоқмади.

Ержан Тәтішев 1997 жылдан 2004 жылы қаза болғанға дейін Қазақстандағы жүйеқұрушы банктердің бірі ТұранӘлемнің Басқарма төрағасы болды. Бұл банк Мұхтар Әбілязовтің бақылауына өтіп, БТА банк болып өзгерді.

Тәтішевтің өлімі бұрын мына нұсқада жарияланған болатын. «Ержан Тәтішев «Тойота Ланд Крузер» көлігімен далада аңды қуып келе жатқан. Қуып жеткен кезде ол 12-калибрлі мылтықты арт жақта отырған Мұратхан Тоқмадиге берген. Дәл осы сәтте джип шұңқырды басып өтіп, мылтық өздігінен атылып кеткен. Оқ Ержанның шүйдесінің оң жағына тиіп, сол жақ көзінен шыққан». Оқиға 2004 жылы 19 желтоқсанда Жамбыл облысындағы Отар станциясы маңында сағат таңертеңгі 11 шамасында болған.

Мұратхан Тоқмади мойындауынан кейін Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты іс қайта қаралып, тергеуді жүргізген, алғашқы сараптаманы бұрмалап қайта жасаған мамандар жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

«S»

Айдары:  Түтін
25.10.17
6211 оқылды

Пікір саны (1)

ҚАЗАҚ

очередная сказка про белого бычка ха-ха-ха,

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.