Араб, латын және кирилл қаріптеріне қалай өттік? Қазақ әліпбиінің тарихы

Араб, латын және кирилл қаріптеріне қалай өттік? Қазақ әліпбиінің тарихы

Қазақ тілі латын әліпбиіне көше ме, жоқ па? Біраз уақыт бұрын ғана бұл мәселе БАҚ беттерінде көтеріліп, қоғамда қызу талқыға түсіп, табан асты көтеріліп, сол бойда ұмытылып отырды. Шаяхметов атындағы республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы бірнеше нұсқа ұсынғаннан кейін қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесінің қиындықтары басқа арнаға ауысып, қазақ тілінің орфографиясына тұйықталды. Ал қоғамды алаңдатқан басты мәселе қазақ тіліне ғана тән тоғыз (жаңа әліпби бойынша сегіз) әріптің "тағдыры" еді.

20 ғасыр басында қазақ тілі араб графикасынан латын әліпбиіне ауысқан кезде мұндайды бастан бір өткерген болатынбыз. Латын әліпбиіне көшу сол заманда қалай жүргізілгені мен қазір қалай өтіп жатқаны туралы таратып баяндайық. Бұл тарихи кзезеңдерді қысқаша "араб - латын - кирилл" деп белгілейік.

Қазақ АКСР Орталық атқару комитеті 1928 жылдың 14 желтоқсанында жаңа әліпбиді енгізу туралы шешім шығарды. Бұл шешім шыққанға дейін ұзақ талқылаулар, түркологтардың съездері, Орталық Азия елдерінің республикааралық мәслихаттары сан рет өткен болатын. Осының ішінде 1924-1927 жылдар аралығында араб графикасын қолдаушы (консерваторлар) мен латын әліпбиін қолдағандар (новаторлар) арасындағы пікірталастарға нақтырақ тоқталып кетсек. Өйткені қазақ тілінің ерекшелігін сақтай отырып, жаңа әліпбиді талқылауға тап осы екі тарап шақырылғын болатын.

Бір қызығы, жаңа әліпбиді енгізу бойынша ол уақыттағы ұйымдастырушылық және ситуациялық жағдайлардың қазіргі таңда туындап отырған мәселелі тұстарымен ұқсастығы көп.

Ол кезде де латын әліпбиіне көшу мәселесі Қазақстанға өзге түркі тілдес елдермен салыстырғанда кешірек келгенін айта кету керек. Мұны Ахмет Байтұрсынұлының араб графикасы негізіндегі жан-жақты қарастырылып, ғылыми негізделген әліпбиінің қолданыста болуымен байланыстыруға болады. Ол кезде төте жазумен сауатсыздықты жоюға бағытталған түрлі оқулықтар жарияланды және бұл кітаптардың тиімділігі бірден өз нәтижесін берген болатын. Төте жазуды Қытайдағы қандастарымыз осы күнге дейін пайдаланып келе жатқанын айтпасақ та белгілі.


 

Осы тұста латын әліпбиін қолдаған новаторларға басты қарсылас Ахмет Байтұрсынұлы болды, ол өз ойын былай тұжырымдаған еді: "Біз, қазақтар тілдік элементтерімізді бұрынырақ бағамдап алғанбыз, оларды сәйкес дыбыстармен белгіледік, дұрыс жазамыз, оқимыз, орыс, неміс, француз, ағылшындар мен өзгелерге қарағанда жылдамырақ сауат ашамыз. Енді не керек? Әліпбиімізді латынға көшіру керек дейді, өйткені біздің әліпби біздікі емес - арабтікі...".

Тіл саласындағы әлемдік ғалымдардың тәжірибесін есепке алып, Ахмет Байтұрсынұлы пікірталасқа қатысушыларға келесідей сұрақтар қояды: қандай болса да, тіл элементтерін жеткізуде әліпбилердің бір-бірінен артықшылығы бар ма, баспа және қолжазба қай графикамен тез оқылады, қай графикамен тез жазуға болады және тез оқылады, типографиялық техника үшін қай әліпби ыңғайлы және қандай графиканың сыртқы көрінісінің көзге тартымдылығы болады?

Ахмет Байтұрсынұлы бастаған араб графикасын қолдаушылар төте жазу қазақ тілі үшін өте қолайлы деп есептеген. Араб тілінің 19 әрпі өзгеріссіз және 5 әрпі қазақ тілінің ерекшелігіне қарай өзгертілген күйде алынған болатын. Ал латын әліпбиінде 15 әріп өзгеріссіз қолданылады да, 7 әріпті қазақ тіліне икемдеуі керек болатын. Ал қазақ тіліне ғана тән әріптерге сәйкес әріптер мүлде жоқ, оларды ойдан шығару керек еді. Сонымен қатар, Байтұрсынұлы Батыс елдерінде қолданыста бар латын графикасы құрамы бойынша 25-30 пайызға түркі тілдерінің естілу қажеттілігін қанағаттандырмайды, ал бұл тілді естілуге икемдеу үшін реформа қажет деген уәжін алға тартқан. Ал бұл қосымша уақыт пен қаражатты қажет етеді. Өйткені қосымша әріптер енгізілсе қолданыста бар баспа құралдары мүлде жарамсыз болып қалатын еді.

Латын графикасына өтуді жақтаған басты тұлғалардың бірі Телжан Шонанов болды. Өз кезегінде ол араб графикасына қарсы мынадай уәж айтқан: "Бұл әліпбидің басты кемшіліктері мыналар: диакритикалық белгілерді қолдану, 3-4 түрлі таңбаны қолдану (сөз басында, ортасында, соңында), жазылуындағы әріптердің өзара ұқсастығы; оңнан солға жазылуы, бұл баспа жұмысын қиындатады: араб графикасы арқылы ноталар мен ғылыми формулаларды түсуруге келмейтіндігі; жазу үрдісін баяулатуы, қазақ тілі дыбыстарын дәл бере алмауы; баспашылар қызметін күрделендіруі, басып шығарудың қосымша құралдарының қажеттілігі...". Сонымен қатар, латын графикасын қолдаушылардың ойынша, полиграфияда арзан және жеңіл қолданылатын, оқытуға оңай және жазуға қолайлы әліпби оңтайлы. Дәл осындай әліпбиді еңбекші қауым қорқынышсыз қабылдамақ...".

Қазақ тілінің жаңа әліпбиіне қатысты жағдайды ары қарай қалай өрбігенін 1927 жылдың 25 мамырында жарияланған мына бір құжаттан білуге болады: "Латыншылар қаншалықты қарқынды жұмыс істесе, Байтұрсынұлы бастаған арабшылар соншалықты күшті қарсылық білдіруде. Қызыл-Орда әлі бір шешімге келген жоқ. Бірақ қысқы пікірталастар мен латыншылардың Қазақстанның түрлі қалаларында өткізген соңғы баяндамаларында қазақ билігі жаңа әліпбиге оң көзімен қарап отыр. Енді Қазақстан билігі бір шешімге келіп, әліпбиді пікірталас алаңынан қолданыс аясына ауыстыруы қажет...".

Осылайша, 1927 жылдың 19 мамырындағы үкімет жарлығы бойынша Жаңа қазақ әліпбиінің орталық комитеті (ЖҚӘ ОК) жұмысын бастайды. Бұл комитет 1937 жылы кирилл енгізілгенге дейін жұмыс істеді.

Комитет қазақ тілінің ерекшелігін сақтай отырып, латын графикасының негізінде жаңа әліпбиді дайындай бастайды. Бұл жоба 1928 жылдың 12 желтоқсанда сол кездегі ел астанасы Қызылордада өткен латыншылар конвенциясына қатысушылардың талқысына салынады.

Ұзақ талықалудан кейін өзге түркі тілдес елдердің әліпбиімен ұқсастық болуы үшін қатысушылар бір ауыздан жаңа қазақ әліпбиінің келесідей әріптерін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарады:

Қазақтың "ш" дыбысы үшін латынның "с" әрпі сақталады. Ал түркі тілдес елдердің әліпбиінен "ә" ("ә"), "у" ("ү"), "ө" ("ө") графемалары енгізіледі.

Түркі елдерінің әліпбиімен толық ұқсастық болуы үшін "j" ("и"), "і" ("і"), "ç" ("ж") әріптерінің дыбыстық мәні өзгертіледі. Сонымен қатар, поэтикалық тілдегі одағайлардың кейбір категориялары мен шетелдік кейбір дыбыстар үшін қосымша "һ" ("һ"), "х" ("х"), "f" ("ф") әріптерін енгізу ұсынылды.

Осындай талқылаулар мен пікірталастардан кейін Қазақ орталық атқару комитетінің қарауына мына қазақ әліпбиі ұсынылды:

Алайда ҚазОАК-тің 1928 жылдың 14 желтоқсанында өткен IV сессиясында бұл әліпби "х" және "f" әріптерінсіз бекітілді. Әріптердің жалпы саны - 29.

Жаңа қазақ әліпбиі бекітілгеннен кейін Орталық комитет қазақ орфографиясын дайындауға кіріседі. Бұл жұмысты ұйымдастыру үшін Байділдин, Шонанов пен Аймаутов бастаған комиссия құрылады. Сонымен қатар, Байтұрсынұлы, Омаров, Мурзин, Ермеков, Досмұхамедов, Сейфуллин, Жансүгіров, Әуезов сияқты білікті адамдар және Поливанов пен Шор сияқты профессорлардың қолдауын табу туралы шешім қабылданды. Орфографиялық комиссия 1937 жылға дейін жұмыс істеді. Жиындарда көп жағдайда ұлтаралық сөздер мен советизм терминдерін орфографиялау мәселесі талқыланды.

Қазақ мектебіндегі сабақ. 1928 - 1930 жылдар. © ҚР ОММ.

30 жылдардың соңына қарай мемлекеттің сыртқы саяси бағытына байланысты мемлекет жалпылай кирилге өтеді. Бұл жолы қазақ әліпбиі мен орфографиясын құру мәселесі бірге талқыланады. Орыс графикасына құрылған әжаңа әліпбиді қолдай отырып, ұйымдастыру комитетінің кей мүшелері "қ" және "ғ" әріптерінен бас тартып, орнына "к" және "г" әріптерін қолдануды ұсынады. Яғни, сөзде жіңішке әріптер қолданғанда "к" және "г" өз мағынасында қолданылады да, жуан дыбысты әріптермен қатарласқанда "к - қ" ретінде, ал "г - ғ" ретінде оқылмақ еді. Дегенмен бұл ұсыныс қабылданбады. Бұл мәселе "ә", "ө" және "ү"әріптерінен бас тартып, орнына "о" мен "у" әріптерін орыс тіліндегі "ь" әрпі арқылы қолдану мәселесі айтылды. Оқылуға қиындық тудырып, бірізділік сақталмайтындықтан бұл ұсыныс та талқылаудан алып тасталды.

Тілшілер, әдебиетшілер мен педагогтар арасында араб-парсы сөздерінде кездесетін "һ" әрпі үлкен дау туғызды. Ұзақ талқылаудан кейін араб-парсы сөздерінен енген сөздердің барына қатысты бұл әріп әліпбиде қалдырылды.

Ал орыс тілі арқылы келген ғылыми-техникалық терминдерді дұрыс жазу мақсатында жаңа қазақ әліпбиіне "ц", "ч", "щ", "ъ", "ь", "э", "ю", "я" әріптерін енгізу шешімі қабылданады.

Осылайша, орыс графикасына негізделген 41 әріптен тұратын (32 әріп орыс тілінен және қазақ тілінің ерекшелігін сақтайтын 9 әріп) жаңа қазақ әліпбиі 1940 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Президиумында бекітіледі.

Қазақ тілінің латынша әріптері кирилге ауысқан сәтте қандай болғанын мына жерден көруге болады:

© ҚР ОММ.

Осы оқиғалардан кейін 77 жыл өте латын графикасының негізіндегі қазақ әліпбиі қайта жаңғырып, ХХ ғасырдағы қазақ интелегенциясын дауластырған мәселелер қазіргі қоғамда жаңа қарқынмен талқыға салынатынын кім білген. Қалай болғанымен латын және араб графикасын жақтаушылар да, кирилл негізіндегі әліпбиді даярлағандар да қазақ тілінің жазбасын, толықтырып, қысқартып болсын - оңтайлы әліпби жасаймыз деген мақсатпен дамытқаны сөзсіз. Лингвистердің айтуынша, кемел әліпби жоқ, өйткені, уақыт өте кез келген тіл фонетикалық өзгеріске ұшырайды, жаңа терминдер енеді және т.с.с.

Жариялымды даярлаған Гүлнар Қаратаева –

Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаттың

ғылыми-ақпараттық және ҒАА бөлімінің басшысы.

Қазақ тіліне аударған Манас Жантекеев
tengrinews.kz

Айдары:  Төбе
20.10.17
374 оқылды

Пікір саны (38)

Anonymous

Акша калай жеуін белмей отырган адамдың ойлап тапқаны сұлтаулары. Барлық құжаттарды, мектеп оқулықтарды латын әріпіне көшіру,мұғалімдерді қайта даярлау көптеген қаражат талап етет.
Мен ҚАЗАҚСТАН азаматы, және салық төлеуші ретінде төленген салығым қалыхқа игі істерге жұмсалсын.

Лаура

Қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің бірі болып есептеледі. Соны бағалап, қадірін арттырудың бірден бір жолы латын әліпбиі дегенмен келісемін

Anonymous

Не ғой бұл жалпы дұрыс идея деп есептеймін. Біздің бай тілімізді қаріптің әсерінен көп елдер танымай жатыр...

Анар

Қабылданатын латын сауатсыздыққа апармаса болды. Ешқандай қарсылығым жоқ)

Асқар

Атам заманнан қазақтар сауатсыз болмаған, тіліміздің де тазалығы содан бері келе жатыр. Қабылданатын нұсқасына еш күмәнім жоқ.

Айдын

Тіл математика сынды. Өзінің фрмуласы бар. Сондықтан қателік жіберуге болмайды. Қабылдайтын әліпбиге қырғылықпен қарау керек

Арай

Көршілес елдердің қателіктерін ескере отырып ешқандай қиындық тумас деген ойдамын.

БНБ

Лично мне не жарко, не холодно) без розница

Болат

Онда қоғамнан тыс өмір сүріңіз! Елде тұрып жатқандықтын, міндеттісіз әрбір нәрсеге құлақ түруге

Албек

Ой сендер əлі ырлап отсыңдар ма.біз шымда уже латынша аттар көп. Парк, магазин дегендей

Мөлдір

Меніңше бұл дұрыс емес. Әлі қабылданбаған дүниені несіне жария етеді? Жағымпаздану ма әлде қолдау ма? Қалай түсінеміз?

Джамайка

Жыл темасы деген номинация берсеңдерш латынға)))саебиз үшін

Жомарт

Бізде араб алфавит те болған ба)) базар жоқ. Первый раз слышу

Китана

Басқа елдер бұған қандай пікір білдіреді екен. А то айтып жүрмесін мұндай әріп латында жоқ деп жоқ жерден дау туғызбай

Асылан

Біз зайырлы мемлекетпіз. Өзіміздің төл әрпімізге қатысты өзгертулер енгізуге құқылымыз. Құдайға шүкір біреудің жыртығынан сығалап жүрген жайымыз жоқ!

Жракс

25 жылы қабылдаймызба?

Блейд

Латын латын латынай қымбаттысың алтындай

Побег

Мүмкін осы түрін қолдансақ

Нари

Жалпы осы латын әліпбиі деген тақырыпты көтерген адамға ризамын, көп мүмкіндіктер ашылатын болды

Ардақ

Дұрыс айтасыз, барлық техника латын әріптерімен. Дамуымыз үшін өте қолайлы.

Дарина

Например для меня,сильно хочу выучить казахский

Крик

а кто тебе запрещает. скажи мне я с ним поговорю по казахский

Жира

Эх латын, қашан келесін бізге. Сені құда күткендей күтіп отырмыз

Кана

Латын деген ЗЫҢ ғой. Жалпы маған ұнайды дегенімғой

Ерік

Тарихымызды қайта жаңғырту, жалпы рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жасалып жатқан дүниелер өте керемет.

Дагон

Я че та не понял? когда примем латиницу уже устал ждать

Оти

хочу на латинском писать но не знаю у кого научится

Оти

Арабтан латынға көшкен страшно қиын болған шығар не то что кириллицадан

Даулет

Басында қиындық болар, бірақ кейіннен дамып келе жатқан ел үшін берері көп.

Асылхан

Латын әліпбиін, әсіресе, жастар жақсы қолдана алады. Ал, жазып, үйрену ол уақытпен келеді деп ойлаймын

Біржан

Салыстырмалы түрде айтар болсақ әрине, бұрынғы нұсқасы күрделі. Ал , бізге көрсетілген соңғы нұсқасы жеңілдірек сияқты. Біздің көшетініміз латын тіліне емес, әліпбиіне ғой. Неге соны түсіну қиын екен басқаларға?

Назека

Тезірек латынмен жазғым келіп жүр, жақсы болар еді

Фика

Осылай мақалада бәрін түсіндіріп бергені әрине жақсы, бірақ латынның басқа түрі жақсы еді. Көреміз енді

Дари

Осы жаңадан ғана ұсынылған соңғы үлгі маған өте ыңғайлы көрінді. Бұрынғы біраз күрделі болған екен

Жаннат

Латынды кабылдайтын болдык па? Мына алфавит па?

Керем

Ақсақ қой түстен кейін маңырайды дегендей, не істеп жүрсіз көштен қалып?Бұл алфавит емес, әлі қарастырылуда.

Айымбике

Жұртты қайдам латиницадан өзім аса қиындық көрмеймін. Ағылшын бітіргендігімнен болар

Anonymous

Ойбооо бұрынғы алфавит совсем күрделі бопты ғо е. Оны қалай үйренген аталарымыз)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.