Алыпсатарлар xалықты қалай алдайды

Алыпсатарлар xалықты қалай алдайды
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев Үкімет басшысының атына сауал жолдап, қымбат бағаға сай салық жүйесін енгізуді ұсынды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазір көмір өз бағасынан екі-үш есеге қымбат сатылады. Сүт 55-60 теңгеден жиналады да, артынан дүкенде 210-270 теңгеге сатылады. Айран және басқа да осы іспетті өнімдерді 400-ден қояды. Ол өз бағасынан 6-7 есе артық. Осы саладағы тәртіптің болмауынан табыстың біраз бөлігі алыпсатарлардың қалтасында кетеді. Әсіресе, көкөніс саудасында алыпсатарлық көп», - дейді Косарев.
Оның айтуынша, пияздың бір келісін өсіруге 11 теңге жұмсалса, картоп, сәбіз, қырыққабат пен басқа көкөністерге шамамен 20 теңге кетеді. Ал базарда баға он есеге шарықтап кетеді. Депутат Косарев осы салада жұмыс істеп жатқан адамдардың жалақысы да әділ есептелмейді деп санайды.
«Карл Маркс былай айтқан, егер жұмысшы өндірілген тауардың бағасынан 15 пайызға төмен жалақы алса, онда бұл - таза эксплуатация. Біздегі жағдай - 3-5 пайыз, ал көкөніс өсіру саласыда аталған көрсеткіш 1 пайызға да жетпейді», - деп атап көрсетті депутат.
Өз сөзінде ол қымбат бағаға сай салық жүйесін енгізу қажеттігін жеткізді.
Айта кетейік, бүгінгі отырыста депутат Аманжан Жамалов ҚР Ұлттық төрағасы Данияр Ақышевтің атына сауал жолдап, блокчейн мен криптовалюталар бойынша ведомствоаралық комиссияны құруды ұсынды.
Коммунистер дәрі-дәрмектердің арзандайтынына сенбейтіндіктерін айтты. Ал депутат Ертаев генерал Мұxтаровқа қатаң ескерту жасады. Колледж студенттеріне артық пәндерді тықпалау мәселесі де көтерілді.

 

Айдары:  Найзағай
13.09.17
70 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.