Әліпбиді түркі ғалымдарымен кеңесе отырып жасау қажет - Мұрат Әуезов

Әліпбиді түркі ғалымдарымен кеңесе отырып жасау қажет - Мұрат Әуезов

Алматының зиялы қауымы қазақ тілін латын әрпіне көшіру мәселесіне қатысты пікірлерін ортаға салды. Қоғам қайраткері Мұрат Әуезов бұл уақыт кешіктірмей жүзеге асыратын бастама екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кириллица әліпбиінен латынға көшу дұрыс бастама және мұны көпке созбау керек. Біздің әліпбиді түркі елдерінің сарапшылары, ғалымдарымен кеңесе, әлемдік тәжірибені тыңғылықты зерттей отырып жасау қажет. Қорытындысында, біз барлық күшімізді біріктіре отырып, бір ізге келтірілген әліпби жүйесін жасауымыз қажет», - деді Мұрат Әуезов.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Парламент тыңдауында қазақ тілінің латын графикасындағы әліпби жобасы ұсынылған болатын.

Айдары:  Найзағай
13.09.17
57 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.