Назарбаев қазақстандықтарды смартфон қолдануды үйретуге шақырды

Назарбаев қазақстандықтарды смартфон қолдануды үйретуге шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды смартфон қолдануды үйретуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті жаңа технологияларды енгізу мәселесіне қатысты ойын айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, инновацияларға қарамастан, халық түгелдей жаңа гаджеттерді қолдануды білмейді.

"Цифрлық экономика үшін халықтың цифрлық сауатын ашу өте маңызды. Қазір бір дамыған заттар жайлы, Uber жайлы айтып отырмыз. Халық ше? Алысқа бармай-ақ мына тұрған Ресейде, Қазақстанда бұл туралы біле ме? Жоқ. Біздің енгізуді жоспарлап отырғанын да білмейді. Үйрету керек. Смартфон қолдануды үйрету қажет. Сондықтан алдымызда атқарылар жұмыс көп, көп айту керек, түсіндіру керек, үйрету керек", - деді Президент цифрландыру мәселелелері жөніндегі республикалық жиында.

Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықты оқулықты ашып, білім алуға шақырды.

"Барлық қазақстандық: оқушы баладан зейнеткерге дейін. Қайтадан кітап оқуы керек. Оқытпағанның бәрін қайта оқи бастауы керек. Менің буыным тіпті де білмеді. Бүгінгі орта буын да солай. Сондықтан қазақстандықтар, барлығы оқулықты ашуы керек, түсіне бастауы тиіс. Өмір бойы білім алу нормаға айналып жатыр", - деді Мемлекет басшысы.

Айдары:  Найзағай
13.09.17
66 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.