Шымкентте жоғалып кеткен мектеп-интернаттың 10 жастағы оқушысы табылды

Шымкентте жоғалып кеткен мектеп-интернаттың 10 жастағы оқушысы табылды

ОҚО-да учаскелік инспектор із-түссіз жоғалып кеткен Құралбек Нұркенді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шымкенттің Әл-Фараби аудандық ІІБ қызметкерлері жоғалып кеткен баланы табу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Іздестіру шаралары барысында Құралбек Нұркен ОҚО Сайрам ауданы Ақсу ауылынан табылды. 10 жастағы баланы жергілікті учаскелік инспектор тауып, әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне хабарлаған. Баланың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Полициядағылар бала ауылға жаяу барған деп болжап отыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Құралбек Нұркен енді әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне жеткізіледі. Оқиғаның мән-жайын анықталған бала заңды өкілдеріне жіберіледі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкентте мектеп-интернаттың 10 жастағы оқушысының жоғалып кеткені хабарланған болатын. "12 қыркүйекте сағат 19.30-да Шымкент қалалық ІІБ-нің Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне Бәйдібек би ауданының тұрғыны хабарласып, 2007 жылғы ұлы Құралбек Нұркен Талғатұлының жоғалып кеткенін хабарлаған. Мектеп-интернатта оқитын бала 12 қыркүйекте сағат 13.45-те кетіп қалып, оралмаған", - деп хабарлаған еді ІІД өкілдері.

Айдары:  Найзағай
13.09.17
36 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.