Журналист Жанболат Мамай сот үкіміне шағымданбайтынын айтты

Журналист Жанболат Мамай сот үкіміне шағымданбайтынын айтты

"Трибуна. Саяси қалам" газеті бас редакторының міндетін атқарушы, таяуда сот шартты түрде бас бостандығын шектеген Жанболат Мамай сот үкіміне шағымданбайтынын мәлімдеді. Журналист Мамай бұл туралы Алматыда Қазақстандағы адам құқығы бойынша бюросы орталығында өткізген баспасөз жиынында айтты

Жиынды жүргізген құқық қорғаушы Евгений Жовтис Жанболат Мамайға тағылған айып "дәлелденбеді" деп санайтынын білдірді.

Биыл ақпанның 10-ы күні "Әблязовтың ақшасын газет шығару арқылы заңдастыруға қатысты" деген күдікпен Алматыда қамауға алынған Жанболат Мамай жеті айдан кейін, 7 қыркүйекте сот үкімімен шартты түрде бостандығы төрт жылға шектеліп, босап шыққан. Жанболат Мамай осы уақытта өзіне қолдау білдірген ақпарат құралдары мен халықаралық құқық қорғау ұйымдарына және қоғамдық белсенділерге алғысын айтты.

Мамай сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым түсірмеу туралы шешімді қоғам белсенділері және құқық қорғаушылармен ақыладаса келе қабылдағанын, шағым түсіруді "бекерге уақыт өткізу" деп білетінін мәлімдеді.

 

Айдары:  Найзағай
12.09.17
97 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.