Zhanga aelipbj zhobasy: Жаңа алфавиттің стандарттары қандай

Zhanga aelipbj zhobasy: Жаңа алфавиттің стандарттары қандай

Астанада дүйсенбіде парламентте қазақ тіліне арналған жаңа латын әліппиінің нұсқасы таныстырылды. Әліпби нұсқасын Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек пен республикалық тілдерді дамыту орталығының директоры Ербол Тілешов таныстырды.

Жаңа әліпби жобасында 25 таңба бар. Ербол Тілешовтің айтуынша, әліпбиді құрастыруда қазақ тілінің үндестік заңдылығы ескеріліп, оның нәтижесінде 25 таңба шыққан. Жаңа әліпби жобасы "бір әріп - бір дыбыс", "бір әріп - екі дыбыс" және "бір дыбыс" принципіне негізделген.  25 таңбалы алфавиттен бөлек 8 диграф бар.

Оның сөзінше, әліпби жобасын құрастыруда тіл білімі институты мен тілдерді дамыту орталығы мамандарының пікірлері ескеріліп, оған қарапайым азаматтар да қатысқан.

Ерден Қажыбектің айтуынша, парламентте таныстырылған жаңа латын әліпбиін институт қызметкерлері мен сарапшылар бірауыздан қолдаған. Ол осыған байланысты әліпби жобасын "бұл мәселеге қатысы бар қазақстандық барлық ғалымдардың ортақ пікірі" ретінде қабылдауды сұрады.

Қазақ тіліндегі жаңа латын әліпбиінің стандарттары біртіндеп енгізіледі.

Жаңа нұсқада "ә" дыбысы "ae" диграфымен берілсе, "ө" - "oe", "ү" - "ue" деп таңбаланды. Мәселен, "әлем" - "aelem", "өркен" - "oerken", "үкімет" - "uekimet" болмақ. 

 "Мұндағы айрықша тұрған дыбыс - "ң". Ол қазақ тіліне тән дыбыс, басқа тілдерде де бар. Біз оны "ng" диграфымен бердік. Осындай диграфпен беру ағылшын тілінде де кездеседі. Оны қабылдау да оңай болады", - деп атап көрсетті Тілешов.    

 Бұдан бөлек, "ғ" - "gh", "ч" - "ch", "ш" - "sh" және "ж" - "zh" болып белгіленеді.  Ал "ц", "в", "ф" сияқты қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде жоқ дыбыстарды мүлдем алып тастау туралы ұсыныс болған.

"Тура осындай мәселе 1920 жылдары әліпби тақырыбы көтерілгенде айтылған болатын. Жат дыбыстарды кіргіземіз бе, жоқ па, осы мәселе қаралды. Аxмет Байтұрсынұлының әліпбиге қатысты еңбектерін мұқият оқысақ, біз Алаш зиялыларының кейбір кірме дыбыстардың қазақ әліпбиінен орын алуын жақтағанын да көреміз. Мысалы, білімпаздар сьезінде Аxмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің сақталуына аз да болса ақысы бар "һ" дыбысы жайында айтқан болатын. Өйткені "һ" дыбысымен айтылатын қазақтың өз тілінде аз да болса сөздер бар дейді. Яғни, Аxаң бастаған зиялылар егер сөздік қорымызда олардың орныққан белгілі бір сөздік қоры болса, ондай дыбысты сақтау қажет деп санайды. Біз де осы принципке келісіп отырмыз. Сондықтан жаңа әліпби нұсқасында осындай дыбыстарға орын бердік", - деп атап көрсетті Тілешов.  

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл сәуірде "2025 жылға дейін Қазақстан латын әліпбиіне көшуі тиіс" деп мәлімдеген болатын. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осы жылдың соңына дейін латын әліпбиінің нұсқасын дайындау үшін арнайы комиссия құрылғанын айтқан.

Қазақстан бұған дейін де бір мәрте, 11 жыл бойы (1929 – 1940) латын әліпбиін қолданып, кейін кириллицаға ауысқан.

Айдары:  Төбе
12.09.17
160 оқылды

Пікір саны (2)

Айгерим

Меніңше жаңа әліпби жобасы дұрыс бағытта іске асып жатыр. Тек асықпау керек, сонда нәтиже болады.

Әділхан, Әбдірәлі

Байтұрсыновтың 26 таңбасын түгел алған дұрыс деп ойлаймыз. Ол үшін латынның "Н" таңбасымен біздің "Һ" таңбамызды және латынның "Х" таңбасымен біздің "х" таңбамызды белгілесе жетіп жатыр. Сонда компьютердің пернетақтасындағы 26 таңбасымен де үйлесіп шыға келеді. Әрі мәтіндерді жазуға да, жаңа әліпбиді тезірек игеруге де ыңғайлы болар еді. Осыған да миларың жетпеді ме?

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.