ІІ министрі "Абу Даби Плазадағы" төбелестің себебін түсіндірді

ІІ министрі "Абу Даби Плазадағы" төбелестің себебін түсіндірді

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов "Абу Даби Плаза" маңында болған қақтығыстың хронологиясын айтып берді.

"Барлығы күзетші мен шетелдік жұмысшылар - Үндістан азаматтары арасында болған жағдайдан басталды. Бастапқыда айтылған себептің рас емес екені анықталды. Жұмысшылар кезекті ауысымнан шығып, бір топ болып баса-көктеп кірмек болған. Содан күзетші оларға ескерту жасаған, нәтижесінде дау шығып, Үндістан азаматтары күзетшіні ұрып-соққан. Бұл жерде тек күзетші зардап шекті. Содан ол бұл туралы басқа да күзетшілерге айтады", - дейді Қасымов.

 "Жұмысшылар тұрғын үйге кіріп бара жатқанда күзетшілердің бірі Үндістанның бір азаматын ұрып-соғады. Сосын сол жақта Үндістанның тағы екі азаматын ұрып-соғады. Міне, осыдан төбелес шықты", - деді министр.

"Үндістанның үш азаматы соққы көрген соң жұмысшылар кейін шегініп, күзетші отырған жерге тас лақтыра бастайды. Бұл қақтығыс сағат 19.30-да басталды. Бірақ күзеттегілер бұл туралы полицияға тек 20.05-те хабарлаған. Оқиға орнына жасақ барады. Тілді білмей қалуы мүмкін деген проблема болған жоқ. Ағылшын тілін білетін арнайы топ келді. Себебі шетелдік жұмысшылардың ешқайсысы біздің тілді білмейді. Содан біз елшілікке хабарластық. Елшіліктегілерге рақмет, олар бізге үлкен көмек көрсетті. 25 минутта-ақ өздерінің өкілдерін жіберді. Консул келіп, біздің көмектесті", - деді министр.

"Көшеде Үндістанның тағы екі азаматын ұрған. Бұл сағат 20.10-да және 20.20-да болды. Оларды кейіннен ауруханаға жеткізді. Біраздан соң көшеде барлығы жиналып қалды. Біз оларды бірден жауапкершілікке тарта алатын едік, бірақ біз прокуратураға олармен сөйлесуге мүмкіндік бердік. Қала прокуроры сөз сөйледі. Әкім де келіп сөйлесті. Бірақ сіздер олардың өздерін қалай ұстағандарын көрдіңіздер. Адамдар тіпті көбейіп кетті. 56 адамды полиция бөлімшесіне жеткіздік, олармен сөйлестік. Тәртіп бұзғандарға қатысты материалдар дайындалып, сотқа жіберілді. 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды: 15 тәулікке, 10 тәулікке және 5 тәулікке", - деді ІІМ басшысы.

"Кінәлілер түгелдей анықталды. Жауап алынып жатыр, бетпе-бет кездесу өткізіп жатырмыз. Көшеде төбелеске Үндістанның 30-40 адамы қатысқан. Сот олардың депортациясы мәселесін шешеді. Кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп мәлімдеді ІІМ басшысы.

"Біздің күзетшіні ұрып-соққан Үндістан азаматтарына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Үндістан азаматтарын ұрып-соққан күзетшілерімізге қатысты да қылмыстық іс қозғалды", - деді Қалмұханбет Қасымов.

Еске салайық, 2 қыркүйекте құрылысы жүріп жатқан "Әбу-Даби Плаза" кешенінде 20.35-те Үндістан азаматтары мен жергілікті жұмысшылар мен күзетшілердің арасында кішігірім келіспеушілік болған еді. ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың хабарына қарағанда, қақтығыс күзетшінің Үндістан азаматын мас күйде нысаннан шығаруға қарсы болғандығынан шыққан. Кейін ол отандастарын шақырып, күзетшіні ұрып-соққан, жергілікті жұмысшылар оған жақтасқан, салдарынан төбелес болған, оған шамамен 30 адам қатысқан.

tengrinews.kz 

Айдары:  Түтін
05.09.17
190 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.