Тәжікстан: сабаққа көлікпен баратын студенттер және ұлттық киім

Тәжікстан: сабаққа көлікпен баратын студенттер және ұлттық киім

Тәжікстан парламенті депутаттары президенттің білім беру жөніндегі заңға ұсынған өзгерістерін бірауыздан қолдады. Оған сәйкес, студенттер мен мектеп оқушыларына оқу орнына көлікпен баруға тыйым салады.

Тәжікстанның білім және ғылым министрі Нуриддин Саидтың айтуынша, ережені бұзған жағдайда, студенттер ЖОО-дан үш жылға шеттетіледі.

Осыған дейін Тәжікстанның білім министрлігі ресми сайтында оқушылардың киім киюге қатысты талаптарын жариялаған. Бұл ережеге сәйкес оқушыларға төмендегі киімдерді киюге және заттарды пайдалануға тыйым салады:

  • хиджаб,
  • тар, жыртық джинсилер, (джинсиді тек қыста киюге рұқсат беріледі),
  • қысқа және тар белдемше,
  • Жарнамасы бар футболкалар,
  • спорт киімдері (дене шынықтыру және сенбілік кезінен басқа),
  • құлаққа бірнеше сырға тағу,
  • макияж,
  • тырнақты өсіру,
  • сақал өсіру,
  • татуировка жасау.

Ал ұлттық киімдер мен тақия киюге рұқсат беріледі екен, деп жазады centralasian.org.

Ұлттық киім киюге байланысты 23 тамызда Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы "Дәстүр мен салтты реттеу туралы заңға" өзгеріс енгізіп, ел азаматтарына ұлттық киім киюді міндеттеді.

Заңның 14-бабының 4-бөліміне жасалған өзгеріске сәйкес "жеке және заңды тұлғалар ұлттық киім атрибуттарын сақтап, мемлекеттік тілді білуге және ұлттық киім киіп жүруге міндетті болады".

Парламенттің отбасы мен әлеуметтік қорғау комитетінің төрайымы Хилолби Курбонзода 23 тамызда бұл заңды орындамағандардың жазаға тартылатынын айтты. Оның сөзінше, Тәжікстан үкіметі жуыр уақытта ұлттық киім киіп жүру тәртібіне қатысты арнайы қаулы әзірлемекші.

Жергілікті сарапшылар осындай жолмен билік органдары хиджаб киетін мұсылман әйелдерге ұлттық киімді таңбақшы деп санайды. Тәжікстан үкіметі бұған дейін бірнеше мәрте хиджабқа қарсы науқан жариялаған. Билік өкілдері заңға енгізілген жаңа өзгерту хиджабқа қарсы емес екенін, "тәжіктердің ұлттық мәдениеті мен дініне қайшы әдепсіз" киіну үлгілеріне қарсы жасалған шара екенін айтады.

 

Айдары:  Дүрбі
24.08.17
462 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.