АҚШ журналистері Виктор Храпуновтың қулығын әшкереледі

АҚШ журналистері Виктор Храпуновтың қулығын әшкереледі

АҚШ-та Қазақстанның бұрынғы төтенше жағдайлар министрі, еліміздің аса ірі қаласы Алматының бұрынғы әкімі болған Виктор Храпуновқа қатысты тергеу жалғасып жатыр. Қазақстанда оған қарсы сыбайлас жемқорлық айыбымен ондаған қылмыстық іс қозғалған. Ал В.Храпуновтың өзіне табысын заңдастыру, алаяқтық жасау, қылмыстық топ құру, өкілеттігін асыра пайдалану, пара алу бабымен тағылған айыпқа орай Интерпол желісімен халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта оның аты тағы бір аты шулы алаяқ, бұрынғы банкир Мұхтар Әбілязовтың ісінде де аталады.

Американдық журналистер анықтағандай, Виктор Храпунов Қазақстанда ғана емес, АҚШ-та да жемқорлық істерге белшесінен батқан екен. Жуырда американдық «McClutchy DC Bureau» сайтында В.Храпуновтың және оның құдасы – М.Әбілязовтың Америка Құрама Штаттарында заңсыз жолмен табылған ақшаны «жуып-тазалауға» қатысы бар екенін айғақтайтын материалдар жарияланды.

Журналистік зерттеу деректеріне қарағанда, Әбілязов пен Храпуновқа АҚШ аумағында заңсыз ақшаның ізін жасыруына кейбір американдық бизнесмендер көмектескен екен, ал қазақстандық алаяқтар бұған қарымта ретінде оларға әлемнің басқа елдерінде дәл сондай қызмет көрсеткен.

Әбілязов пен Храпуновтың құдандалы екені бұрыннан мәлім. В.Храпуновтың ұлы - Ильяс (ол да Интерполдың іздеуіндегі тізімде бар) М.Әбілязовқа Қазақстаннан жымқырылған ақшаны шетел асыруға көмектескен. Мұның себебі қарапайым ғана – И.Храпунов М.Әбілязовтің туған күйеубаласы. Сөйтіп, құдандалы екі жекжат  Қазақстанның байлығын тонайтын алаяқтық бизнесін жолға қойып алды (ол екі миллиард АҚШ долларын құрайды).

В.Храпунов пен оның отбасы мүшелеріне ақшаның ізін жасыру бабымен айып тағылған процестердің жүріп жатқанына бірқатар жыл болып қалды. Қазақстан Республикасы да қылмыстық жолмен табылған ақшаға сатып алынған жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріне сәйкес АҚШ юрисдикциясына талап-арыз берді. Биылғы көктемде АҚШ-тың Оныншы округының соты (Калифорния) Алматы қаласының әкімдігі мен ҚР Әділет министрлігінің азаматтық қуыным-талаптарын қарауға келісті.

Бұл қуыным-талаптар бойынша жауапкерлер ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды бұзды, Алматы қаласы тұрғындарының мүддесінде әркет ету туралы міндеттемені бұзды, біреудің мүлкін заңсыз иемденді және бұл мақсатта қылмыстық сөз байласты деп айыпталып отыр. Округ сотында Храпуновтар отбасының және олардың компанияларының қылмыстық жолмен алынған ақшаға Калифорния штатында жылжымайтын мүлік объектілері мен аса қымбат көлік сатып алғанының дәлелі алға тартылды.

Ал американдық журналистердің зерттеуінде В.Храпунов пен оның сыбайластарының қылмыстық әрекетін дәлелдейтін қазақстандық тараптың келтірген уәжі қуатталып отыр.

Сонымен, Дональд Трамптың бұрынғы серіктесі Феликс Сатер журналистерге берген сұхбатында В.Храпуновтың отбасына әр түрлі компаниялар арқылы АҚШ-тағы жылжымайтын мүлікке миллиондаған доллар салуға көмектескенін айтты. Сатып алынған мүліктің ішінде «Trump Soho» қонақүйіндегі бірнеше апартамент бар.
В.Храпунов салған «инвестициялардың» ішінде М.Әбілязов жалған оффшорлық компаниялар арқылы (көбінесе Балтық елдерінің банктері арқылы) Қазақстаннан сыртқа шығарған ақша да болды.

Айталық, 2013 жылдың сәуірінде М.Әбілязов пен В.Храпуновтың бақылауындағы жалған компаниялар арқылы соңғысы холдингтік компаниядан 3,1 миллион АҚШ долларына апартамент сатып алған.
Дәл сол жылы Ф.Саттер мен Храпуновтар отбасы Огайо штатында жылжымайтын мүлікпен жасалған құны 43 миллион долларлық мәміледен түскен пайданы бөлісе алмай жанжалдасып қалған.

В.Храпуновтың АҚШ-пен байланысының тағы бір мынадай қызықты жайты бар. Храпуновтар отбасы бүкіл елдегі әуежайларда  биометриялық машиналарды орнатуға тырысқан қысқа мерзімді компанияға миллиондаған қаражатты инвестициялаған екен. Оның мұндай "қайырымдылық" жасауының мақсаты – өз отбасының ең болмағанда бір мүшесіне АҚШ-та тұруға рұқсат алу еді.

АҚШ-та іс тергеліп, зерттеліп отырғанда, В.Храпунов өз бала-шағасымен Швейцарияда тұрып жатыр. Бұл елдің бейтараптығының арқасында Храпуновтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілген. Қазақстаннан қашып кеткен бұрынғы шенеуніктің әйелі Лейла әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлағандай, Храпунов велосипед мініп жүріп, естеліктер жазады екен. Зейнетке шыққан қарт адамның сыпайы бейнесі көзге елестейді. Және де Лейланың айтуынша, Алматы қаласының бұрынғы әкімі тіпті кедей адам екен, оны әйелі асырап жатыр-мыс (шенеунік болған кезінде Храпунов барлық мәмілелерін әйелі мен баласының бизнес құрылымдары арқылы жүзеге асырып келді). Қазір Храпуновтар Швейцарияның ең бай адамдарының қатарына жатады.

Ал Украина Швейцарияға В. Храпуновтың баласы - Ильяс Храпуновты беруі туралы талап қойды, өйткені ол бұл елде БТА банкке өкілдік ететін заңгерлік фирмаға хакерлік шабуылды ұйымдастырыпты. БТА банк, сол сияқты басқа елдердегі онымен аттас өзге де банкілердің бұрын М.Әбілязовқа тиесілі болғаны белгілі. Қылмыстық олигархтың жасаған алаяқтық әрекеттерінен қазақстандық банктің өзіне ғана келген нұқсанының сомасы 7,5 миллиард АҚШ долларынан асып жығылады.

Бұған дейін Англияның Жоғары соты И.Храпуновтың активтерін пайдалануға тыйым салған болатын. Шындығына келгенде, сот БТА банктің М.Әбілязовқа көмек көрсетті деп И.Храпуновқа қарсы берген талап-арыздарын қолдап, оны экс-банкирмен сөз байласқан деп таныды.
Қазір Швейцарияда да  Храпуновтар отбасының өткен-кеткенін мұқият зерттеп-тексеріп жатыр. Себебі, мәлім болғандай, Женева қаласында олар өздерін Орталық Африка Республикасының БҰҰ-дағы өкілдері етіп көрсеткен. Журналистік зерттеу мәліметі бойынша, «ерлі-зайыптыларды бұл елдің бұрынғы басшысы Франсуа Бозизе тақтан тайдырылғанға дейін сондай етіп тағайындаған екен». Бірақ аталмыш екеуі әліге дейін бұл елдің төлқұжатымен жүр. Ал олардың баласы И.Храпунов пен оның зайыбы Кариб теңізіндегі арал мемлекет - Сент-Винсент және Гренадина елінен жер телімін сатып алған соң оның азаматтары болып жүр.

Қазақстаннан қыруар қаржыны жымқырып қашып кеткен тағы бір шенеуніктің жағдайы бүгін мәз емес. В.Храпунов пен оның отбасының қатарынан үш мемлекетте қылмыстық іс қозғалып, Еуропа мен АҚШ-та алаяқтық әрекеттері тергеліп жатқан қашқын банкир М.Әбілязовпен байланысы қатардағы «кедей» зейнеткердің кейпін жамылған оның және отбасы мүшелерінің қамалуына және тіпті еліне депортациялануына әкелуі ықтимал. Бұған дейін өздерін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетіп келген Виктор мен Ильяс Храпуновтар журналистстік зерттеу нәтижесін жоққа шығара алмас, оның үстіне Храпуновтың АҚШ-тағы бұрынғы бизнес серіктестері оның алаяқтық әрекеттердің схемасын жария етуге келісім беріп отыр. Бұның қазақстандық экс-шенеуніктің халықаралық ауқымдағы жағдайын қатты қиындатары анық.

 

Ia-Centr.Ru

Айдары:  Дүрбі
23.08.17
298 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.