Тоқтар Төлешовтің қымбат машиналары саудаға шығарылды

Тоқтар Төлешовтің қымбат машиналары саудаға шығарылды

Тоқтар Төлешовтің Rolls-Royce пен Bentley көліктері саудаға шығарылды. Gosreestr.kz сайтында сот шешімімен тәркіленген көліктердің суреттері жария болды. Мемлекет пайдасына түскен мүліктерді ақшаға айналдыру мен есепке алу қорына сотталып кеткен Тоқтар Төлешовтің төрт автомобилі кіріпті. Бұл көліктер сайтқа тәркіленген мүліктерді мемлекеттік және заңды тұлғалардың балансына өткізіп, бекіту үшін салынған. Мемлекеттік мекемелер немесе заңды тұлғалар бұл көліктерге қызығушылық танытпаса, олар саудаға қойылады.

 

Қазіргі уақытта gosreestr.kz сайтындағы электронды сауда алаңында сотталған бизнесменнің төрт көлігі тұр:

2005 жылғы Rolls-Royce, 2006 жылғы Bentley, 1992 жылғы Mitsubishi GT және 2006 жылғы GMC жол талғамайтын көлігі. Bentley көлігінің бастапқы бағасы - 13 703 000 теңге. Электронды саудаға қатысу үшін 2 055 450 теңге көлемінде кепіл жарна қажет. Сауда түрі - баға көтеріліп отырады.

Rolls-Royce маркалы көлік саудаға 40 150 000 теңге бастапқы бағамен қойылған. Саудаға қатысу кепіл жарнасы - 6 022 500 теңге. Сауда түрі - баға көтеріліп отырады. Mitsubishi GT электронды саудаға 1 083 000 теңгемен шығарылған. Сауда түрі - баға көтеріліп отырады. Саудаға қатысу кепіл жарнасы - 162 450 теңге.

GMC жол талғамайтын көлігінің бағасы - 6 527 000 теңге. Сауда түрі - баға көтеріліп отырады. Саудаға қатысу кепіл жарнасы - 979 050 теңге. Gosreestr.kz сайтының мәліметінше, бұл лоттар бойынша сауда бүгін, 8 тамызда өтеді. Бұл көліктерді "Экспертно-консультационное оценочное предприятие" ЖШС сарапшылары бағалаған.

Мұның бәрін ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті сатып жатыр.

Ал мемлекеттік мүлік реестрі сайтында Төлешовтің тағы да тоғыз көлігі бар екен. Оларды да мемлекеттік мекемелер мен заңды тұлғалардың балансына өткізілуі мүмкін. Егер ешкім қызықпаса, тәркіленген көліктер электронды саудаға шығарылады.

Тоқтар Төлешовтің соты Астанада 2016 жылдың қарашасында өткен еді. Процесс жабық тәртіпте өтті. Сот оны 21 жылға бас бостандығынан айырды. Бизнесменнің адвокаттары үкімге қарсы шағым түсірген, бірақ апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сондай-ақ, сотталушының ондаған көлігі, ақша қаржылары және бағалы заттары тәркіленген еді.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

tengrinews.kz 

Айдары:  Түтін
08.08.17
417 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.