Сотталып кеткен Сейітқазы Матаевқа қысастық жасап жатыр

Сотталып кеткен Сейітқазы Матаевқа қысастық жасап жатыр

Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевқа жазасын өтеудің нақты мерзімін бас бостандығын шектеуге ауыстырудан бас тартуда, себебі ондай жеңілдікті қолдануға болатын мерзім дұрыс есептелмеген және келтірген шығынды толық өтеуді талап етуде, деп хабарлады адвокаттар. 

«Бүгін (20 шілдеде) сот отырысы болды. Біз сот қазысынан бас тарттық, онымызды қанағаттандырмады. Сот біздің өтінішімізді қарап, бас бостандығын шектеуді қолданудан бас тартты», - деп мәлім етті Мәдина Бакиева. 

Бұл ретте ол атап өткендей, қорғаушы тарап Матаевтың жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстыруға қажетті барлық аргументтерді ұсынған. 

«Біз әділет департаментінен шығындардың өндіріліп жатқаны туралы мәлімет ұсындық, мүліктерге тыйым салынғандығы туралы анықтама ұсындық, Сейітқазы Матаевтың науқастанып жүргендігі және санитарлық бөлімде жатқандығы туралы түзету мекемесінің дәрігерінен қорытынды да алдық, түзету мекемесінен мақтаған мінездемесін де ұсындық. Түзету мекемесінің әкімшілігі жазаны өзгертуге қарсылық танытпады, бірақ шығын өндірілмеді дегенге сілтеме жасаған прокуратура жазаны өзгертуге қарсылық танытып отыр», - деп атап өтті М.Бакиева. 
Оның айтуынша, заң бойынша жазаны өзгертуге арналған мерзім 15 мамырда келген, алайда ҚАЖК (КУИС) оған тағы бір ай қосты. 

«19 маусымдағы жағдай бойынша С.Матаев 12 ай және бірнеше күнін өтеді. Алайда ҚАЖК және түзету мекемесі мерзімді дұрыс есептемеген, олардың айтуынша, жазаны өзгерту мерзімі 11 шілдеде болған», - деп түсіндірді М.Бакиева. 

С.Матаевтың жазасын өзгерту бойынша сот отырысы үшінші рет кейінге қалдырылып отыр. 20 шілдеде ол Қапшағай қалалық сотында болу керек еді, дегенмен, журналистер келгеннен кейін күтпеген жерден түзету мекемесіне ауыстырылды. 

Еске салсақ, 2016 жылдың 3 қазанында Астана қаласының соты Қазақстан журналистер одағының басшысы Сейітқазы Матаев алаяқтық жасаған және салықтан жалтарды деп айыпталып, мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

2016 жылдың 9 желтоқсанында Астана сотының апелляциялық коллегиясы Матаевтардың басшылық қызметте болу құқығына өмір бойына тыйым салудан 10 жылға тыйым салуға өзгертіп, негізгі жазасын өзгеріссіз қалдырды. 

2017 жылдың сәуір айының басында түзету мекемесінің өтініші бойынша С.Матаевтың жазасын өтемеген мерзімі жартылай – 2 жыл 8 айға қысқартылды. 

Мәдина Әлімханова

 ҚазТАГ

Айдары:  Түтін
21.07.17
1508 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.