Билік «Шетелдегі Қазақстанның оппозициясын» елемей қойды

Билік «Шетелдегі Қазақстанның оппозициясын» елемей қойды

Шілденің 11-і күні «Шетелдегі Қазақстанның оппозициясы» ұйымының Польшада тұратын төрайымы Балжан Наурызбаеваның (Balli Marzeс) шешесі қайтыс болды. Ол анасының жаназасына қатысу үшін Варшава-Мәскеу-Алматы-Шымкент бағытымен сапарлауы тиіс еді.

Польша астанасының әуежайынан бастап «Шетелдегі Қазақстанның оппозициясы» ұйымының төрайымының көңіліне күдік кіріп қатты абыржи бастады. «Получила информацию, что возможно власти меня не впустят в Казахстан. Даже на похороны мамы на которые сегодня еду. И что власти Казахстана могут хотеть от моих близких в Казахстане совершения подлых действий по отношению ко мне» деп жазды ол. Оның ойынша, Қазақстан билігі Балжан Наурызбаеваны Алматы әуежайына аяқ басқан бетте қамауға алып, біраз әбігерге салу керек екен. Бірақ, оның ойы жүзеге аспады: «Шетелдегі Қазақстан оппозициясының» лидерін шап беріп ұстап алатын адам Алматыдан да, Шымкенттен де табылмады.

Балжан Наурызбаева Мәскеуден Алматыға ұшып келе жатып «В Алматы буду 13 июля в 15.15 часов. И с Алматы до Шымкента вылет 19.25 ч, прилёт в Шымкент 20.50. С 15.15 до 19.25 буду в аэропорту Алматы буду рада пообщатся с друзьями и соотечественниками. До встречи после 9 лет разлуки моя Родина Казахстан» деп жазып, бәріне хабар берген еді. Бірақ оны елеп-ескерген ешкім болмады. Үш ұшаққа ауысып мініп бір тәулік дегенде Варшавадан Шымкентке жеткен Балжан Наурызбаева шешесінің жаназасына үлгере алмады. Ол келгенше анасын жерлеп қойыпты. Ол ертесіне зиратқа барып, анасына дұға жасап қайтты.

«Шетелдегі Қазақстанның оппозициясы» ұйымының төрайымы өзінің туған жерінде көп аялдаған жоқ. Ол тездетіп Шымкенттен Аламатыға бет алды. Әрбір жасайтын қадамын әлеуметтік желі арқылы жарнамалап отыратын саясаткер Алматыдағы «Узбечка» асханасында өзімен жүздескісі келетін қауымды күтетінін айтқан. Бірақ оның ұсынысына тағы да ешкім құлақ аса қойған жоқ. Ол Қазақстанға келсе, «шап беріп ұстап алататын» арнайы органдар былай тұрсын, қалың қауым оппозицияның өкілдері де Балжан Наурызбаевамен кездесуге құштарлық танытпады. Кездесуге өзін құқық қорғаушы кейпінде сипаттап жүрген Бақытжан Төреғожина ғана келіпті. Ол Польшадан келген жолаушыны үйінде бір күн қонақ қылып, келесі күні оған оңаша пәтер жалдап беріпті. Осы кезде ғана оппозицияшыл ой айтып жүретін Балжан Наурызбаеваға деген Қазақстан билігінің «аяқтан шалу әрекетінің» бір көрінісі қылаң бергендей болды. Польшадан келген қонақ жалдаған пәтерде интернет байланысы үзіліп қалыпты. Ол дереу «Я обустраиваюсь в Алматы. В квартире где теперь я живу нет интернета хотя услуга билайн оплачена. Случайность?» деп, күмән тастап дабыл қақты. Сөйтсе, бұл «Қорыққанға қос көрінеді» дегеннен өзге ештеңе емес екен - үйге жалғанған интернет сымы үзіліп қалыпты. Байланыс қызметіне жауапты компания тез арада үзілген сымды жалғап, интернет байланысын қалпына келтіріп қойды. Осыдан кейін Балжан Наурызбаеваның Қазақстан билігін айтыптайтын аргументі таусылғандай болды.

Бұл оқиғадан оппозицияға тән тағы бір нәрсенің анық екенін көреміз. Польша азаматына күйеуге шығып, сонда 12 жылдан бері тұратын Балжан Наурызбаева да өзіне жұрттың назарын аударудың әбден таптауырын болған әдісінен арылмапты. Ел көрген, жер көрген ол «Мен – оппозициямын, маған Қазақстан билігі тісін қайрап жүр» деп дабылдатудан басқа ештеңе үйренбепті. Оның «Қазақстанға барсам, мені ұстап алып қамап қояды» дегені де бекер болып шықты. Мұның дәл солай болатыны – о бастан белгілі нәрсе. Біріншіден, «Шетелдегі Қазақстанның оппозициясы» ұйымының төрайымы деген атақты өзіне жабыстырып алған Балжан Наурызбаева – Польшаның азаматы, ол аты-жөнін  жергілікті халық тілінің үндестік заңына сәйкес  Balli Marzeс деп өзгертіп алған. Ол өзінің азаматтық құқын пайдаланып, Польшада өткен бірнеше сайлаудың додасына қатысты (суретте). Қысқасы, ол Польшаның теңқұқылы толыққанды азаматы. Сондықтан, бөгде елдің азаматынан Қазақстанның «алты аласысы, бес бересісі» болмайтыны заңды.

Екіншіден, Балжан Наурызбаеваның артына байланып қалған «шылдырмақ» жоқ. Ол миллиардтаған ақша ұрлап шетелге қашып кеткен Мұхтар Әбілязов немесе жұрттың сеніміне кіріп, оншақты адамның он мыңдаған долларын алып, соны қайтармау үшін түн жамылып Украина тайып тұрған блогер Жанара Ахмет (лақап аты -Жанна Бота) сияқты алаяқ емес. Яғни, оның «іздеушісі» де, «сұраушысы» да жоқ. Сәйкесінше, «Балжан Наурызбаева Қазақстанға келе жатыр екен, шап беріп ұстап алайық» деп қолын ысқылап отырғандардың болмауы заңды құбылыс. Мұны ол жақсы біледі. Біле тұра, өзін «оппозиция сипатында» жарнамалауын тоқтатар емес. Бірақ одан нәтиже шықпай жатыр. Бұл жағдай, дәлірегінде Қазақстан билігінің Балжан Наурызбаеваны көзге ілмей қоюы «Шетелдегі Қазақстанның оппозициясы» ұйымының аты бар да, заты жоқ екенін тағы әшкере қылғандай болып отыр.

Ерасыл Бердібек

Айдары:  Дүрбі
19.07.17
777 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.