Мұхамеджан Тазабеков «косякқа» кіріп кетті

Мұхамеджан Тазабеков «косякқа» кіріп кетті

 

Біржақты ислам дінін уағыздайтын «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабековтің басы тағы дауға шырмалды. Бұл дау ушыққан жағдайда ол жауапкершілікке тартылуы да мүмкін. Мұндай болжам жасауға оның Фейсбук әлеуметтік желісінде экстремистік, жиһадшыл көзқарасымен танылған Абдулхалим Абдулкаримовтың жазбасын репост (жарнамалық ниетте қайта жариялау) жасауы себеп болып отыр.

 

 

Бір қарағанда, Мұхамеджан Тазабеков репост жасаған Абдулхалим Абдулкаримовтің жазбасында қандай да бір сөкеттік жоқ сияқты болып көрінеді. Ол шілденің 11-і күні индиялық шейх Мухаммад Юнус аль-Джунфури қайтыс болғанын, оның жаназасына миллионға жуық адам жиналғанын хабарлай келе, марқұмды «мухаддис-ғұлама» деп сипаттап, мұндай «ғұламаның өлгені адамзаттың өлгенімен тең» деді. Үнемі ұшқары, кейде әсіре радикал ой айтып жүретін Абдулхалим Абдулкаримовтің бұл жазбасына Мұхамеджан Тазабеков қатты әсерленіп кетсе керек, оны ол өзінің парақшасында жылдамдатып көшіріп жариялады.

«Асыл арна» телеарнасы директорының бұл қылығы әлеуметтік желіде отырғандардың қатты наразылығына душар болды. Оның себебі жоқ емес. Украинада отырып алып жұртқа ылғи уахаби-сәләфилік көзқарасты тықпылап жүретін Абдулхалим Абдулкаримов – әбден беті ашылған радикал дағуатшы. Ол исламның екі тармағы саналатын шиіттер мен суниттердің арасындағы діни идеологиялық қайшылықты үнемі ушықтырып, жаулықтың жалауын көтеріп жүреді. Оның ойынша, уахаби-сәләфилік көзқараспен үйлеспейтін мұсылмандардың бәрін түгел қырып жою керек. Ол әлемнің нөмірі бірінші терроршысы атанған Усама бин Ладенді, Сейид Кутбты және басқа да солар сияқты радикалдарды пір тұтады, оларды ислам әлемінің ұлы тұлғасы санайды. Тіпті, Абдулхалим Абдулкаримовтің әлеуметтік желідегі парақшасында беліне бомба байлап өзін өзі жарып жіберіп, талай адамның өмірін жалмап кеткен ауғанстандық әлдебір терроршының қылмыстық әрекетін «нағыз жиһад осы» деп тамсанған жазбасы бар.

Мұның бәрін «Асыл арна» телернасының директоры Мұхамеджан Тазабеков жақсы біледі. Біле тұра,  Абдулхалим Абдулкаримовтей күмәнді әрі  қауіпті адамның жазбасымен бөлісті. Оған деген қарсылық көп күттірген жоқ. Атыраулық Амандық Абрахманов есімді желі қолданушы  Мұхамеджан Тазабековке деген ренішін білдірген. Көп ұзамай Мұхамеджан Тазабеков өзінің жазбасын (репостын) алып тастап, «жаздым-жаңылыдым» деген әуенге басты. Айтуынша, ол Абдулхалим Абдулкаримовтің әсіре діни радикал көзқарастағы адам екенін білмегенін, тіпті онымен әлеуметтік желідегі «достықта» болмағанын айтып, басын ала қашты. Әрине, оның сөзі сенімді шыққан жоқ. Себебі, Мұхамеджан Тазабековтің де, ол басқаратын «Асыл арна» телеарнасының да уахабилік көзқарастағы діни уағызды халыққа тықпалап жүргені жөнінде талай айтылған. Қаншама дәлел мен дәйек келтірілсе де, «Асыл арнаның» директоры мұны мойындаған емес. Оның әрқашан «сүттен ақ, судан таза» адамдай болып сытылып кетуіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  (ҚМДБ) қамқорлығы өз септігін тигізді. ҚМДБ «Асыл арнаның» идеологиясын біз қадағалап отырмыз» деген сөзден танған емес. Сондықтан кейбір ақпарат құралдары мен оның жетекшілері экстремизм бойынша айыпталып жатқанда Мұхамеджан Тазабеков «судан құп-құрғақ шығып» жүрді. Дегенмен, қазіргі жағдай бұрынғымен салыстырғанда өзгеше. Уахаби-сәләфилік діни идеологияның қауіптілігін қазақ қоғамы түгелдей мойындады, Ақтөбе мен басқа аймақтарда болған террорлық акті жасаушылардың дәл осы діни көзқарастың шырмауында қалғанын бәрі біледі. Сондықтан соңғы жылдары  уахаби-сәләфилік ағымға қарсы күрес күшейді. Тіпті осы ағымды уағыздап жүретін шейхтардың әлеуметтік желідегі жазбасын респост жасап одан әрі таратқандар да, лайк басып қолдау білдіргендер де жауапкершілікке тартылып жатыр. Сондай ісі үшін бірнеше жыл түрмеге қамалғандар бар. Әрине, олардың кейбірі сауатсыз, жақсы мен жаманды айыра алмайды. Әлеуметтік желідегі белсенділікті осылай жасау керек екен деп діни экстремистік жазбаларды көреді, өзі уланғанмен қоймай, басқаларға да таратады. Дегенмен, олардың ықпал ету аудиториясы Тазабековтікіндей кең емес. Ал еліміздегі аудиториясы ауқымды блогер саналатын Мұхамеджан Тазабеков жөнінде олай айта алмаймыз. Ол бәрін біледі. Біле тұра осындай әрекеттерді ауық-ауық жасап, жат идеологиямен он мыңдаған адамды улап жібереді. Оның бұл құйтырқы әрекеті әшкере болып қалғанда «мен ол қауымға кірмеймін» деген сипатта ақталып, тіпті болмай бара жатса, «жаздым-жаңылдым, білмей қалдым» деген сылтау айтып құтылып кетуді әдіске айналдырып алды. Дегенмен, мұндай құйтырқы әдіске соңғы жылдары қатаң тосқауыл қойлып жатқанын білеміз. Сондықтан, осы жолы Мұхамеджан Тазабековтің құтылып кетуі неғайбыл.

 

Берік Мыңжасар

Айдары:  Дүрбі
18.07.17
5513 оқылды

Пікір саны (8)

Anonymous

Уахабистер басқа не күтіп едіңдер?

Anonymous

Тазабеков таза салафит! Оған еш күмәндарыңыз болмасын оған тек надан қотақбастар ған сенбейді

Динара Самет

Радикализм/экстремизм - это общая беда стран Центральной Азии. После развала Союза, при котором нашествие исламизации было остановлено и казалось бы не достигнет наших рубежей уже больше никогда, увы схлестнули наши страны. Казахстан, как и Кыргызстан взял курс развития по светскому модулю построения демократического развитого общества. Демократия, не подразумевает наличие радикальных течений ислама, представляющих угрозу и опасность государству и его целостности, цель, которых установление халифата и шариата, как основного закона, резко противоположного Конституции и всем светским законодательствам страны. Демократия - это не вседозволенность экстремистов/радикалистов, работающих под прикрытием высокопоставленных чиновников, через учрежденные исламские СМИ и финансируемые иностранными религиозными организациями. Сильно тревожит, требуя пристального внимания и отслеживания Тазабек Мухамеджан Оразбайұлы, который является единственным учредителем исламского телеканала «Асыл арна» в Казахстане, Министерсто культуры и информации Саудовской Аравии выделившей этому телеканалу денег. Королевство Саудовская Аравия основала семья Сауд и популярный Мухаммед ибн Абд аль-Ваххаб. Идеи этого человека легли в основу идеологической платформы государства, салафизма/ваххабизма. Тазабек Мухамеджан Оразбайұлы открыто и намеренно сделал репост отъявленного террориста Абдулхалим Абдулкаримова. Позже попытавший оправдать свой нарочитый поступок, ведь незнание законов, не освобождает от уголовной ответственности. Перепост - это осознанное действие, и за него, пользователи соцсетей должны отвечать согласно Административному и Уголовному Кодексу РК. Да и шокирующие радикальные посты, где на своей странице Абдулхалим Абдулкаримов пишет превознося Абдулла Аззама, духовного учителя Усама Бен Ладена и восхищения Бен Ладеном - международным террористом и его поддерживающего Тазабека Мухамеджана должно сильно насторожить. В Казахстане закон избирателен? Почему службы безопасности РК не проводят тщательное расследование по деятельности Тазабек Мухамеджан Оразбайұлы? Он возглавляет единственную на сегодняшний день исламский телеканал "Асыл Арна" спонсируемый саудитами/ваххабитами. Есть большая угроза диапазона вещания этого канала, который может улавливаться спутниковыми антеннами соседних республик, в том числе и Кыргызстан. "Асыл Арна" является пока единственным и крупным исламским телеканалом в ЦА, пропагандирующий салафизм/ваххабизм. Остановить радикализм и экстремизм, нужно бороться, принимая самые жесткие и принципиальные меры в рамках Закона, иначе последствия будут плачевны. Как член/союзник по ОДКБ и других международных соглашений, подписантом которых является Республика Казахстан, надеемся адекватно среагирует на подобные радикальные элементы. Иначе, салафизм/ваххабизм уничтожит ЦА. Угроза распространения которого идет от Казахстан в Кыргызстан и соседние страны Средней Азии.

Anonymous

Желтая пресса!!!

Anonymous

Мне кажется, что он просто не отслеживал его посты. А там решил просто поделиться вестью о смерти ученого. Нашли о чем писать. Чего накинулись на Тазабекова? Не делайте из мухи слона!

Anonymous

Ей сендерде жерден жеті қоян тапқандай. Тазабеков нормальный жігіт

Anonymous

Абдулкаримов кажется не вахабист, а кстати наоборот. Он не признает саудитских ученых. Он кажись хабашит.

Алмазбек Акматалиев

как выпускник КазГу внимательно слежу за религиозной ситуацией в Казахстане.Очень был удивлен, что Мухамеджан Тазабек, руководитель телеканала, аффилированного с Духовным Управлением Мусульман Казахстана сделал репост поста, чей автор явный радикал и ваххабист.. Зайдя на страничку этого Абдулкаримова убедился в этом на 100 %, там можно найти призывы к халифату и кучу других антиконституционных призывов. Насколько я знаю, за такие дела, за распространение таких антиконституционных идей в Казахстане уже сажают...Тем удивительнее, что такие интеллигентные мусульмане и общественные деятели как Мухамеджан Тазабек тоже занялись фактически распространением радикального ислама в сети...

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.