Ақмола облысында "Газель" мен трактор соғысты: 3 адам мерт болды

Ақмола облысында "Газель" мен трактор соғысты: 3 адам мерт болды

Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен Ақмола облысында үш адам мерт болған жол-көлік оқиғасына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу бастады, - деп хабарлайды облыстың ІІД баспасөз қызметі.

Полицейлердің мәліметі бойынша, жол апаты 16 шілдеде Жақсы ауданында "Атбасар - Державинск" тасжолында болған. "Газель" көлігінің 1967 жылы туған жүргізушісі жылдамдықты сақтамай алда келе жатқан тіркеуі бар "МТЗ 80" тракторына соғылған. Апат салдарынан оқиға орнында 1951 және 1960 жылғы екі ер адам және 1964 жылы туған әйел адам қаза болды. Барлығы Арқалық қаласының тұрғындары.

Сонымен бірге, тоғыз адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, олардың ішінде 2009 жылы туған бала да бар. Зардап шеккендер де Арқалық қаласының және Қостанай облысының Жангелді ауданының тұрғындары.

Қазір адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.
 

 

tengrinews.kz 

Айдары:  Найзағай
17.07.17
149 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.