ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың соты басталды

ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың соты басталды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев сот алдында жауап беруде. Республикалық әскери соттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысының ісі сотта қаралып жатыр. Іс материалдарына мемлекеттік құпия болғандықтан процесс жабық өтеді.

2017 жылдың 4 шілдесіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев Дүтбаевқа қатысты тергеу аяқталып, іс Ақмола гарнизонының сотына жолданғаны хабарланған болатын.

Нартай Дүтбаев пен істің өзге фигуранттарына қатысты тергеу құпия түрде жүрді. Нартай Дүтбаевтың ұсталғаны туралы 2016 жылдың 28 желтоқсанында белгілі болды. Ол кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері бұрынғы басшыға қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген. Нартай Дүтбаев, Нұрлан Хасенов және Ерлан Нұртаев "Мемлекеттік құпияны жария ету" және "Билік пен қызметтік өкілдігін асыра пайдалану" деген күдікпен ұсталған болатын. Күдіктілер ҰҚК-нің тергеу абақтысына қамалған еді.

Нартай Дүтбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2001 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың ақпанынан дейін басқарған болатын.
 

tengrinews.kz

Айдары:  Найзағай
17.07.17
159 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.