Мұхтар Тайжан тағы бір сотта жеңіліп қалды

Мұхтар Тайжан тағы бір сотта жеңіліп қалды

Өзін қазақтың қамын ойлап жүрген патриот кейпінде көрсетіп жүрген Мұхтар Тайжан (1-суретте) тағы бір сотта оңбай жеңіліс тапты. Ол осыдан алты ай бұрын ұлтшыл журналист Геройхан Қыстаубаевты (2-суретте) «ар-намысыма, қадір-қасиетіме және іскерлік беделіме нұқсан келтірді» деп сотқа берген болатын. Бұл дау Қыстаубаевтың Фейсбук әлеуметтік желісінде жазған жазбасынан туындаған. Онда ұлтшыл журналист Жер комиссиясының құрамында билікпен тізе қосып жұмыс істеп жүрген Мұхтар Тайжанның ұлт мүддесін саяси саудаға салып, қазақты алдап жүргені жөнінде сын айтқан. Осы сынды көтере алмай ызалаған Мұхтар Тайжан журналисті сотқа беріп, одан өзіне келтірілген моралдық шығын ретінде 3 миллион теңге өндіріп беруін талап еткен.

Екі ұлтшылдың арасындағы бұл даудан көпшілік хабарсыз. Себебі, Мұхтар Тайжан өзінің адвокаты Камиша Есмұхамбетқызы (3-суретте) арқылы судьядан сотты жабық өткізуді өтініп, процеске журналистер мен қоғам белсенділерін қатыстырмай тастады. Мұхтар Тайжанның демократияға жат мұндай тыйымға аса мән бергені соншалықты, талапкердің адвокаты Камиша  Есмұхамбетқызы сот процесінің бәрінде жауапкер мен оның адвокатының әрбір қимылын аңдып, «мыналар қалта телефонның таспасына дыбысты жазып жатқан сияқты» деп күдік келтірумен болыпты. Осындай тыйымның салдарынан екі ұлтшылдың арасындағы даулы мәселеден халық хабарсыз болып қалды.

 

Өзін былайғы жұртқа кез келген мәселені ашық талқылап, кез-келген дебатқа әрқашан дайын жүретін жария саясаткер кейпінде көрсетуге тырысатын Мұхтар Тайжан сот отырыстарының біріне қатыспады. Судья оған адвокат Камиша Есмұхамбетқызы арқылы сәлем айтып, Мұхтар Тайжанның 8 маусымға белгіленген жарыссөзге келуін сұраған. Ол бұл процеске де келмеді – адвокатынан «сырқаттанып қалдым» деген тілдей анықтама беріп жіберіпті.

Арызқой Тайжанның сот процесіне қатысудан қашқақтап жүруінің себебі жоқ емес. Ол Г.Қыстаубаевқа қарсы берген талап арызының негізді екеніне өзі де іштей күмәнданған сияқты. Бұл сот процесінде дәлелденді де. Осыдан бірнеше ай бұрын Сот психологиялық-филологиялық сараптама зерттеу орталығы «Жауапкер Г.Қыстаубаевтың жазған жазбасында талапкер М.Тайжанның ар-ожданы мен қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер жоқ» деген қорытынды шығарып тастаған (4-суретте). Бірақ, талапкердің адвокаты  мөрін басып, қол қойған сараптама қорытындысын көре тұра сарапшы маманды қайта сотқа шақыртып, жөнсіз сұрақтың астына алды. Сарапшы сараптаманың ғылыми әдістеме негізінде жасалғанын айтып, сараптамадағы қорытындыны тағы да дауыстап қайталады. Талапкер мүддесін қорғаған адвокаттың ақылға қонымсыз осындай әрекеттері сот процесін ұзаққа созып жіберді.

 

Бүгін, 9 маусым күні Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 сотының шешімі шықты. Шешімде Мұхтар Тайжанның Геройхан Қыстаубаевтан моралдық шығын ретінде 3 миллион теңге талап еткен арызы қанағаттандырылмайтыны айтылды. Сот шешімін тыңдауға Мұхтар Тайжан да, тіпті оның адвокаты да келмеді. Себебі, кеше өткен жарыссөзде жүйелі сөз айта алмай, әркіл-тәркіл күй кешіп, ашуға булығып кеткен адвокат Камиша Есмұхамбетқызы процесс аяқталғанда оқыс мінез көрсетіп, есікті тарс еткізіп, енді оны қайта ашпастай қатты жауып кеткен.

 

Енді оның аудандық сот шешіміне апелляция беріп, жоғарғы инстанцияға қайта арыздануы неғайбыл деп болжам жасауға болады.

Берік Мыңжасар

 

 

 

 

 

*** Тақырыпқа қатысты мақалаларды мына сілтеме арқылы ашып оқуға болады:

1. Пияз дауы: Мұхтар Тайжан жеңіліп қалды

2. Қазақтың ұлтшыл патриоты неге орысша соттасты?

Айдары:  Түтін
09.06.17
1228 оқылды

Пікір саны (6)

Мұрат

Мұхтарда оның адвокаттары да заңнан хабарсыз адамдарау шамасы. Геройхан жорналшы. Ол өз зерттеулерінің нәтижесін жазды. Мен жазғандарының бәрін оқығам. Онда арға тиетін артық сөздер болмады. Осыны мен білгенде заңгермін дегендер білмегені қалай. Сондай адамдар өздерін қалай заңгермін деп санайды екен

Әміржан

Геройхандай героймен соттасып жүрген Тайжаның таза аымақ екен! Герекең Мұқтарды шайнап тастайды ғой....

Тіркелмеген қолданушы

Атадан азып ұл туса, қазулы жолдан адасар

Арман

Мұқтар Тайжан өзі сотқа беріп өзі жеңіліп қалып масқара болғаны жалғыз бұл емес. Ол қарапайым диханшыны да өзі сотқа беріп оданда масқарасы шығып жеңілген еді. Қорытынды Мұқтар да оның адвокаттарыда заңнан бейхабар деген сөз. Сұрақ сонда олардың оқығандары қайда? Дипломды сатып алғанба сонда

Anonymous

КАМИША - **пікір алынып тасталды** . БІЛІМСІЗ ЗАҢГЕР

Қарағыз

Мұхтар ағам жасасын. Мен расымен жеңіліп қалды ма десем, түкке тұрмайтын нәрсе ғой. Сот Геройханды аяған болар.

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.