Ақтөбенің әкімі Мұстафа Шоқай мен шайтанды шатастырып алды ма?

Ақтөбенің әкімі Мұстафа Шоқай мен шайтанды шатастырып алды ма?

Ақтөбедегі «Батыс-2» ауданындағы тұрғын үй қапталына салынған Мұстафа Шоқайдың суретін алып тастауға қатысты  қала әкімі Ілияс Испанов баспасөз мәслихатында өткізіп, өз ойын айтты. Әркіл-тәркіл сөйлеп бастаған ол сөзіне «шайтанды» қосып жіберді.

 «Өткен жылдың желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алаш қайраткерлеріне көше атауы берілген болатын. Соның бірі - Мұстафа Шоқай. Көше кең, екі жолақты. Негізгі заңдылық бойынша қала көшелеріне атау беру ұсынысы алдымен тұрғындардан түседі, кейін жергілікті атқарушы орган ұсынысты ономастикалық комиссияға беріп, талқылайды. Осы жолмен көше атауы берілді. Иә, Мұстафа Шоқайдың суретін білеміз, соны салып жатқан уақытта көргенбіз. Әр азаматтың суретін үлкен ғимараттың сыртына салу тәртібі болады. Тәртіпке байланысты келісімді алып, содан кейін ғана сурет салу керек. Немесе мердігер компаниялар сурет салғысы келген кезде қаланың құрылыс кеңесіне сыртқы пішінін алдын ала келісіп алады»,- деді қала әкімі Ілияс Испанов.

 Баспасөз мәслихатында қала әкімі Мұстафа Шоқай туралы мектеп жасынан білетінін, біртуар азаматтың ел үшін жасаған еңбегі ұшан-теңіз екенін айтып ақтала келе ол бұл мәселеге қатысы жоқ шайтанды сөзіне қосып жіберді.

«Егер кешегі жаңбырдан сурет зардап шегіп, шығынға ұшырамағанда біз құжаттарын қосымша әзірлеп, тіркеуге алатын едік. Бірақ ол сурет талапқа сай емес. Сәулетшілердің айтуына қарағанда, ол кісінің суретіне тура келмейді. Қойылған өлшемі де дұрыс емес. Қаламызда қалаған адам өзінің туысының, өзі қалаған нәрсесін салатын болса, онда біздің қаламыз қандай жағдайда болатынын елестете беріңіз. Әлеуметтік желіні қарадым. Адамдар әр нәрсенің астарын, тіпті жамандықты іздеген. Біз ешқашан ол кісілерге қарсы болған жоқпыз, қарсы болмаймыз. Мемлекет ол алашордашылардың 100 жылдығын өткізейін деп отыр. Біздің бар ойымыз, басқа елге мазақ, күлкі болмас үшін заңға сәйкес жасатуымыз керек ғой. Суретін ғана емес, ескерткішін де салып қоюға мүмкіндігіміз бар»,- деді ол.

 Кейін сұрақ қайта қойылып, әкім шайтан суреті үй қабырғасына салынса қалай бейжай отыра аласыздар деп журналистерден сұрады. «Сурет Мұстафа Шоқайдыкі болғаны үшін өшірілген жоқ. Ол жерде басқа бір сурет тұрса ол да өшетін еді. Өзіміз тұрып жатқан үйдің сыртына шайтанның суретін салып қойса, үндемей отырамыз ба? Астарын іздемеңіздер. Ол жерде қайтадан Мұстафа Шоқайдың суретін немесе басқа алаш қайраткерлерінің суретін салуымыз мүмкін. Мұны қала комиссиясы шешеді. Ол кісінің атына қарсы болсақ, көше аты берілмес еді»,- деді І.Испанов.

 

***Тақырыпқа қатысты мақала:

Ақтөбе әкімдігі Мұстафа Шоқайды неге жақтырмайды?

Айдары:  Түтін
07.06.17
783 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.