ҰБТ тапсырушыларға ақыл-кеңес

ҰБТ тапсырушыларға ақыл-кеңес

Кешенді тестілеуге (КТ) қатысу үшін талапкерлер ЖОО-ның қабылдау комиссиясына мыналарды тапсырады:

1) КТ-ға қатысу үшін №502 бұйрыққа сәйкес нысан бойынша өтініш, бұл ретте жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері өтініште таңдаған мамандығын көрсетеді.
2) 3 x 4 көлеміндегі екі фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 
4) тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;
5) «Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының есепке алу құжаттамасының нысандары мен тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 902 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7424 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 902 бұйрық) бекітілген 086-У нысандағы медициналық анықтама;
6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күнтізбелік жылғы бітірушілері білім туралы құжаттың орнына білім алған мамандығының коды мен атауын көрсете отырып, өзі оқыған білім беру ұйымы беретін, ағымдағы жылы оқуды аяқтағандығы туралы анықтама ұсынады; 
7) жалпы орта (орта жалпы) білім немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері жалпы орта (орта жалпы) білім немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) немесе орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа) ұсынады. 

Жалпы орта (орта жалпы) білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін ҰБТ және КТ тест тапсырмаларының саны:
1) Қазақстан тарихы бойынша – 20;
2) математикалық сауаттылық бойынша – 20;
3) оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша – 20;
4) бірінші бейіндік пән бойынша – 30;
5) екінші бейіндік пән бойынша – 30.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін тест тапсырмаларының саны:
1) жалпы бейіндік пән бойынша – 20;
2) бейіндік пән бойынша – 40.
ҰБТ және КТ бойынша ең жоғары балл – 140 балл.

Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін ҰБТ және КТ бойынша ең жоғары балл – 120 балл.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін КТ бойынша ең жоғары балл – 70 балл.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін КТ бойынша ең жоғары балл – 70 балл.

 

Талапкерлердің кешенді тесатілеудегі тест тапсырмаларын (6 дұрыс жауаптан артық емес) орындағанын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:
бір дұрыс жауабы бар тапсырма бір балмен бағаланады;

Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмаларда:
бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
бір дұрыс жауабы бар екі немесе одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;
екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;
екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
екі дұрыс жауабы бар екі немесе одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;
үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;
үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
үш дұрыс жауабы бар екі немесе одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;
төрт дұрыс жауабы бар тапсырмаларда төрт дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
төрт дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;
төрт дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
төрт дұрыс жауабы бар тапсырмаларда төрт дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
төрт дұрыс жауабы бар екі немесе одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;
бес дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бес дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
бес дұрыс жауабы бар тапсырмаларда төрт дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;
бес дұрыс жауабы бар тапсырмаларда төрт дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
бес дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бес дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
бес дұрыс жауабы бар екі немесе одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;
алты дұрыс жауабы бар тапсырмаларда алты дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
алты дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бес дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;
алты дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бес дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
алты дұрыс жауабы бар тапсырмаларда алты дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
алты дұрыс жауабы бар екі немесе одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады.

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу бойынша апелляцияға өтініш беру тәртібі

Түсуші тест тапсырмаларының мазмұны немесе техникалық себептер бойынша тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда апелляциялық комиссия төрағасының атына өтініш береді. Түсушінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, тестілеуге рұқсаттамасы болуы керек. Апелляциялық комиссия түсушінің әрқайсысымен жеке жұмыс жасайды.
Апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:
тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмесе (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);
2) дұрыс жауап болмаса;
3) берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларында бірден көп дұрыс жауап болса (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);
4) тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса;
5) тапсырма шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) табылмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмағанда; 
техникалық себеп бойынша:
1) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер екі және одан көп дөңгелекше ретінде оқыса;
2) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер бос дөңгелекше ретінде оқыса;
3) жауап парағында ақау болғанда.

Апелляция өтініштері ҰБТ және КТ нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия (республикалық апелляциялық комиссия) күнтізбелік бір күн ішінде қарастырады. Түсуші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қарастырылмайды.

Апелляцияға арналған өтініште көрсетілген нақты фактілер қарастырылуға жатады. Апелляция кезінде апелляциялық комиссияға түсуші көрсеткен пәнді және нұсқаны ауыстыруға рұқсат етілмейді.
Барлық тест тапсырмаларын қайта қарастыру бойынша апелляцияға арналған өтініште әрбір тапсырма бойынша дәлелді негіздемені көрсетпей (толық түсіндірме, тапсырманың толық шешімі) берілсе, қарастыруға жатпайды

 

ҰБТ және КТ кезінде рұқсат етілмейтін жағдайлар

ҰБТ және КТ өткізу барысында түсушіге аудиториядан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын Министрлік өкілінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға, сөйлесуге, орын ауыстыруға, емтихан материалдарымен алмасуға, емтихан материалдарын аудиториядан шығаруға, шпаргалкалар, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары) кез-келген түрлерін аудиторияға кіргізуге және қолдануға, емтихан материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждау, корректор сұйықтығын қолдану, беттерді жырту, бояуға қарастырылмаған секторларды бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлдіруге рұқсат етілмейді.

Қайрат Мамаев,

филология ғылымдарының кандидаты

Айдары:  Текемет
06.06.17
1011 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.