Балалы блогер Украинаға қашып кетті. Неге?

Балалы блогер Украинаға қашып кетті. Неге?

Алматының бірнеше тұрғынын алдап, көп ақшасын алып талай жылдан бері бермей жүрген блогер Жанара Ахметова (лақап аты –Жанна Бота) тоғыз жасар баласын ертіп Украинаға қашып кетті. Айтуынша, оған Алматыда құқық қорғау органдары күн бермепті. Түрмеге қамалу қаупі төнгенген соң, ол баласы екеуі Алматыдан автобуспен түнделетіп Бішкекке барған. Одан Ыстамбұл арқылы Киевке ұшыпты. Оларды Киев әуежайында Ермек Нарымбаев пен Мөлдір Адилова күтіп алған. Бірақ, «ғашықтық дертіне шалдығып» туыстарының қысымына шыдай алмай Украинаға қашып барып, сонда тұрып жатқан Нарымбаев-Адилова жұбы балалы блогерді өздерінің баспанасына паналата алмайды. Себебі, жарты жылдан бері жұмыссыз жүрген олардың өзі бір бөлмелі пәтер жалдап, тиын санап әрең күн көріп жүр. Сондықтан бәрі жабылып балалы қашқын блогер тұратын баспана тауып, бөлек шығарып жібермекші.

Жанара Ахметованың айтуынша, соңғы айларда құқық қорғау органдары оны бірнеше мәрте әкімшілік сотқа тартыпты. Тіпті, «заңсыз ұйым құруға» қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті саналады екен. Бұл істің бәріне ол саяси сипат бергісі келеді. Себебі, ол өзіне қатысты мәселені осылайша тәпсірлеп, Украина билігінен саяси баспана сұрамақшы. Бұл жерде оның кәмелет жасқа толмаған баласы бар екені де есепке алынып отыр. Бірақ, Украина билігі балалы блогердің алдына бірден сылқ етіп сұлап түсіп, төсек болып жайыла кетпейтіні белгілі. Осыдан біраз бұрын елдің миграция қызметі «ғашықтық дертіне шалдыққан» Ермек Нарымбаев пен Мөлдір Адиловаға да саяси баспана беруден бас тартқан болатын.

Интернеттің іздеу жүйесі арқылы Жанара Ахметова есімімен мардымды мәлімет табу қиын. Себебі, бұл блогер бұрын «Жанна Бота» немесе жай ғана «Бота» есімімен тасада жүріп әрекет еткен күмәнді адам. Кейде ол есімін "Жанар Ахметова", кейде "Жанара Ахмет" деп жазады. Кейбір мәліметтерде оның бірнеше адамның сеніміне кіріп, олардан мол ақша қарызға алып, алдап кеткені, көзбояушы жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны айтылады. Алданып қалғандардың қатарында ірі кәсіпкерлер, тіпті Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығыны президенті Талғат Акуов та бар. Мысалы, Жанара Ахметова Алматы тұрғыны Райхан Айтбаеваның 20 мың долларын қарызға алып, бірнеше жылдан бері қарызды қайтармай сергелдеңге салып жүр. Оның айтуынша, Ж.Ахметова ештеңеден тайынбайтын кәсіби алаяқ, тіпті Жанара өзінің туған сіңілісі Динараның жеке құжаттарын ұрлап алып, соның атын жамылып банктен несие ақша алып кеткен.

Қазір Жанара Ахметоваға алданып қалғандардың саны он адамға жетті. Олардың Жанара Ахметованың үстінен жазған арызы бойынша 7-8 іс қаралып, ақшаны қайтарып беру жөнінде шешім де шыққан. Бірақ, «еш жерде жұмыс істемейтін, табысы жоқ, жас балалы әйелден» қарыз өндіру бұрын тіпті қиын іс болатын. Қазір сот шешімін орындамай, қарыз қайтармай созбалаққа салып жүргендерге қатысты заң әжептеуір қатайды. Тіпті, сот шешімін орындаушылардың талабын мойынсынбай жүргендерді түрме жазасына кесуге болады. Ал ұйым құырып алаяқтықпен шұғылданғандарға заң тіпті қатаң. Балалы блогерге алданып қалғандар осы заңды медеу тұтып, жаңа жылдан бастап қайтадан Ж.Ахметованы қыспаққа ала бастаған болатын. Бірақ, әккі блогерден қулық артылған ба?! Ол аяқасты «саяси белсенділігін» үдетіп, енді «Жанна Бота» есімімен емес, өзінің шынайы аты-жөнімен әрекет ете бастады, партия сиездерінен хабар таратып, жөні келсін-келмесін түрлі акцияларға қатысып, полицияға өзі барып әдейі ұрынуға көшті. Тіпті, ол жол тәртібін бақылап тұрған полицейдің көзін бақырайтып қойып, көшенің рұқсат етілмейтін тұсынан әдейі бірнеше мәрте ары-бері кесіп өтіп, жол сақшысының әбден зығырданын қайнатты. Оған әбден ызасы келген полицей Ж.Ахметованы ұстап алып әкімшілік жазаға тартты. Әккі блогердің іздегені де осы болатын. Ол полицейлердің осындай іс-шарасына саяси сипат беріп, өзін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам қайраткері кейпінде көрсетуді бастады. Мұның бәрі әккі блогердің борышын өтемеу үшін о бостан тыңғылықты ойластырылып жасаған жоспары болатын. Қазір ол Украина билігінен саяси баспана сұраған кезде «Алматы тұрғындарынан алған қарызымды қайтарғым келмей осында қашып келдім» деп айтпайды, «саяси белсенділігім үшін өз елімде қуғынға ұшырадым» дейді. Оның бұл сөзіне Украина билігі сене ме, сенбей ме, оны уақыт көрсетеді.

 

***Алаяқ блогерді әлеуметтік желі тәрбиелей ме?

***Украина ғашықтарға саяси баспана бермеді

Берік Мыңжасар

Айдары:  Дүрбі
20.03.17
1011 оқылды

Пікір саны (2)

Тіркелмеген қолданушы

бу катын Талгат талгат Жанибековпен Феникстин акшасын жеди Тунгышбай жаманкулов камалды

Тіркелмеген қолданушы

Ne dep otsyn Feniksty Tungyshbai jedi

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.