Жазушылар одағы әлдекiмдердiң меншiгiндегi ұйым емес!

Жазушылар одағы әлдекiмдердiң меншiгiндегi ұйым емес!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI Н.Ә.НАЗАРБАЕВ МЫРЗАҒА

АШЫҚ ХАТ

Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!

Сiздiң шешiмiңiзбен Жа­зушылар одағының     төр­ағасы Нұрлан Оразалин Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты болып тағайындалғанда, бұл хабарды әркiм­нiң әртүрлi қабылдағаны рас. Бiрақ мәселе ол туралы емес. Депутаттыққа кiм­дi тағайындаймын десеңiз де, ол өзiңiздiң құзыры­ңыз­дағы нәрсе. Оған төре­лiк айтқалы отырған жоқпыз.

Мәселе қазақ әдебиетi­нiң қара шаңырағы болған Жазушылар одағының бүгi­нi мен келешегi жайында. Жазушылар одағының төр­а­­ғасы сайланатын, өткен екi сайлаудың екеуiнде де дау-дамайдың көп болғаны, тiптi кейбiр қаламгер­лердiң Одақтан бөлiнiп кету туралы да ой-пiкiрлерi ортаға салынғаны мәлiм. Ол туралы Сiзге хабар жетпедi деп ойламаймыз. Негiзгi наразылықтар – Одақтың белгiлi бiр топтың меншiгiндегi ұйым секiлдi болып қалуы, бүгiнгi әде­биеттi жасап жүрген қа­рымды қаламгерлердiң одаққа бас сұғуды қойғаны, шығармашылық атмосфераның жоқтығы, құрылтайлардың өз мезгiлiнде өткiзiлмейтiнi, әр сайлаудың жан алысып-жан бе­рiс­кен тақ таласына айналып, жазушылардың екiге жарылып, дүрдараз топқа бөлiнуi, сайлау алдында топ жинау мақсатында қа­та­рынан 42 адамға “Алаш” сыйлығын берiп, жазушылар ұйымын мазаққа ұшыратқаны, ұйымның жарғысына өз мүдде­сi­не лайықталған өзгерiс­тер енгiзуi, одақтың шаруашылығына байланысты есеп-шоттардың құпияға айналуы, шығармашылық үй­де жазушылардың демалуды қойғаны тағы сол сияқ­ты келеңсiз­дiктер төңiрегiнде болып отыр. Осы келеңсiздiктер Н.Оразалиннiң басқару iсiндегi кеткен қателiктер екенi және кезiнде олар туралы сын пiкiрлердiң көп айтылғаны белгiлi. Алайда төраға бұдан ешқандай қорытынды шығармады, одақтағы атмосфераны жақ­сартуға шамасы жетпе­дi, құлқы да болмады.

Осының бәрiне көз жұ­мып өткенге салауат деуге де болар едi, бiрақ алдымыздан тағы бiр даулы мәселе шығып отыр.

Н.Оразалиннiң, Парламентке ауысуына қарамас­тан, бұрынғы төрағалық қызметiнде қалуы туралы Сiздiң тарапыңыздан ше­шiм қабылданғаны мәлiм болды. Бiз бұл шешiмнiң қабылдануына Сiзге жеткен бiр жақты дәйексiз ақ­параттардың ықпалы болды деген пiкiрдемiз. Сондықтан да Сiздiң атыңызға ашық хат жолдауға мәжбүр болып отырмыз. Өйткенi Сiз – елiмiздегi Конституциялық заңдылықтың жал­ғыз кепiлiсiз. Ол заң бойынша: “Парламент депутаты... оқытушылық, ғылыми немесе басқа да шығармашылық қызметтен басқа, еңбекақылы қызметтер атқаруға... құқығы жоқ.” Ал Одақтың төрағасы – шығармашылық емес, басшылық қызмет. Одақ – қоғамдық ұйым, оның төрағасы тағайындалмайды, жарғы бойынша сайлау арқылы анықталады. Бұл – жұрт­тың бәрiне белгiлi ақиқат. Жарғы бұзылса, Одақтағы жағдайдың одан әрi ушыға беретiнi өзiнен өзi белгiлi нәрсе. Ақыр аяғы белгiлi жазушылардың жеке одақ жасап бөлiнiп кету қаупi бар екенiн де еске салғымыз келедi.

Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы! Бiздiң ойымызша, жазушылар арасындағы атмосфераны сауықтыру қажет. Оған бiз ғана емес, Сiз де ерекше мүд­де­лiсiз деп бiлемiз. Ол үшiн заңды түрде кезектен тыс құрылтай өткiзiп,     Н.Оразалинге рақметiмiздi айтып, жаңаша ойлайтын, топшылдықпен күресе алатын, жазушылардың басын қоса алатын жаңа төраға сайлауымыз керек.

Осыған ықпал етуiңiздi сұраймыз.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшелерi: Қабдеш Жұмадiлов, Мұхтар Шаханов, Дулат Исабеков, Герольд Бельгер, Төлен Әбдiков, Әшiрбек Сығай, Мұрат Әуезов, Бигелдi Ғабдуллин, Қастек Баянбай, Қайрат Жұмағалиев, Темiрхан Медетбек, Тынымбай Нұрмағанбетов, Әубәкiр Нiлiбаев, Құрал Тоқмырзин, Сапабек Әсiпұлы, Есенжол Домбаев, Табыл Құлиясов, Бейбiт Қойшыбаев, Ұзақбай Доспанбетов, Аян Нысаналин, Жарыл­қап Бейсенбай, Исраил Сапарбай, Ибрагим Исаев, Ханбибi Есенғараева, Әмiрхан Меңдеке, Есенғали Раушанов, Мереке Құлкенов, Мырзан Кенжебай, Ғұсман Жанды­баев, Төрежан Мәндiбаев, Айсұлу Қадырбаева, Құдияр Бiләл, Жұмаш Сомжүрек, Кәрiм Айнабеков, Амантай Ахетов, Мылтықбай Ерiмбетов, Сәндiбек Жұбаниязов, Болат Жетекбай, Әбжан Әбiлтаев, Рахат Қосбармақов, Жеткерген Әбдiрей, Сая Исса, Серiкқали Хасан және т.б.

 

Тақырыпқа қатысты мақалалар:

http://serke.org/news/zamanbek-nurkad%D1%96lovke-%D3%A9lenmen-zhazylgan-...

http://serke.org/news/anar-mesh%D1%96mbaeva-nurlan-orazalinn%D1%96n-baldyzy

Айдары:  Түтін
31.10.13
2513 оқылды

Пікір саны (12)

Тіркелмеген қолданушы

М.Шаханов "Өмір-ай" газетінің өткен бір санында "Хасен Қожа-Ахметтің мені атарға оғы жоқ" деп сұқбат берген. Енді 27.11.2013 санында Х.Қожа-Ахметтің "М.Шахановты мен емес, Құдай атады!" деген жауабы шығыпты.Шахановтың өзіне де обал жоқ, Хасекеңе соқтыққан.

Тіркелмеген қолданушы

Жазушыларымыздың деңгейі қандай болса Жазушылар Одағының сиқы да сондай! Енді олардан не күтіп едіңдер?! Халық үстінен күн көріп қадғандарды зиялылар деп шатасып жүрген аңғал қазақтарым-ай! Балары мен немерелеріне қызмет пен пәтер сұрауды ғана білетін топтан ұлт үшін бірдеме жасайды деп күту бекер нәрсе. Олар өз авторитеттерін жағымпазданамыз деп өздері жоғалтты! Енді олардың үніне кім құлақ аспақ?...

мухтар хорасанский

мына оразалин жазушыларды куртып битти го! е ози бир уятсыз адам! мен госик боганда жылап жалынып коимаган сон, жазушыларды алдап,коркытып журип, бу итти орнында калдырып едик. жарайд елбасы калай деид солай болыд

Ақын

Басқаларын қойшы, ана Төлен Әбдiковке не жоқ? Талай жыл Ақордада адал қызмет еткен Төкең енді кеп Елбасы қалаулысына қарсы шыққаны ма?

Жағалбай

Нұрлан Оразалин одақ жұмысын өте жақсы алып келе жатыр. Мына хатқа қол қоюшылардыкі тек қана көре алмаушылық. Іштарлық, қызғаншақтық.

zheltocsan

Жазушылар одағы әлдекiмдердiң меншiгiндегi ұйым емес!

====

келмеске кеткір Кеңес Одағының сарқыншақтары ғой, КО идеологияға қатты көңіл бөлген.

Тіркелмеген қолданушы

Серкеліктер сіздерден білейін дегенім, осы Жанар Боранбаеваның: Имамдардан иман кетті мақаласының қорытындысы не болды? Айта аласыздар ма?

zheltocsan

айқандары құр бос былшыл болып, жанардың өзі де, ізі де сиырқұйыршықтанып кетті. Ол шу жалған құраншылар тобының лаңкестігі болса керек.

Тіркелмеген қолданушы

сүгіретте тұрған мұхтар мемхатшы болып та, министр болып та жарытпады, сонау 1995 жылы абай энциклопедиясын өте үлкен қаржыға шығардым деп әдебиет жөніндегі мемлекеттік сыйлықты зорлап тұрып, тығындап тұрып алып еді, мүмкін сол басқарса одақ жұмысын дүрілдетіп алып кетер

Тіркелмеген қолданушы

Құрметті жазушылар, жазушылар одағын тарату керек деп байбалам салу керек, халыққа пайдасы жоқ бұл одақтың қажеті не? Жарғы бойынша сайлау арқылы анықталады депсіздер, жарғы түгілі заңмен бекітілген сайлау әділ болмай жатқанда бұл қай сасқандарың. Заңы бұзылып қарғыс атқан жерде еті үйренгендер отыра берсін. Оразалинге несіне рахмет айтып шығарып салмақшысыздар, жазушылар одағы мен сенатты ойыншыққа айналдырып жүре берсін. Ойыншыққа айналған жер ойнауға жақсы емес пе? Аңдыған жау атыспаққа жақсы дегендей, жазушыларды ойыншыққа айналдырса, сенат деген жоғары палатына ойыншыққа айналдырып, жазушыларды алдағаны былай тұрсын, парламент депутаттарының шығарған заңына пысқырып қарамай, халықты алдаймын деп, ел басын алдап отырғаны ақиқат емес пе? Үкіметті алдап ақша қымқырған балдызынан үйренген тәсілі шығар. Бір күні омақасатыны сөзсіз.

Тіркелмеген қолданушы

БЕЙШАРАЛАР ҚАЙТЕЙІН МЕНДЕ ҚАЗАҚ БОЛЫП ТУЫЛДЫМ СЕНГЕН АҒАЛАРЫМЫЗ БИШАРА БОЛСА ОНДА БІЗ АФТОМАТТЫ ТҮРДЕ БИБАҚ БОЛҒАНЫМЫЗҒО

Тіркелмеген қолданушы

ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ӨЗ БИЛІГІ ӨЗІНДЕ БОЛУ КЕРЕК ЕМЕСПА ОСЫНШАМА АЛТЫН БАСТЫ ДЕП ОЙЛАП ЖҮРГЕН АҒАЛАРЫМЫЗДЫҢ БІР АДАМНАН КӨМЕК СҰРАУЫНЫҢ ӨЗІ ҚАЗАҚТЫҢ ЗИАЛЫСЫ НЕМЕСЕ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ МҮСӘПІР КҮЙДЕ ЕКЕНІНІҢ КӨРІНІСІ

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.