Мұхтар Әбілязов пен «Русский марш» бірікті

Мұхтар Әбілязов пен «Русский марш» бірікті

Француз түрмесінде қамауда жатқан Мұхтар Әбілязов жандалбаса әрекетке көшті. Ол  Ресейдегі әсіре ұлтшылдардың бір қанаты, «Русский маршты» ұйымдастырушылардың бірі Александр Поткинге (лақап аты – Белов) иек артып отыр. Оның мақсаты – Қазақстандағы саяси тұрақтылықты шайқау. Осындай апас-қапас жағдайды пайдаланып, ол қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетпекші. Осы мақсатқа жету үшін Мұхтар Әбілязов Поткиннің ақпарат құралдарын құрып алуына мол ақша бөлді. Жабылып қалған әбілязовшіл К+ телеарнасының орнын енді А24tv атты интернет телеарнасы басады.  А24tv телеарнасына басшылықты А.Поткиннің досы – Игорь Воеводин жасайды. Әзірге youtube.com интернет желісі арқылы эфирге шығып жатқан, түбі спутниктік желіге шығуды көздейтін телеарнаның офисі мен студиясы Мәскеуде орналасқан. Кезінде К+ телеарнасына материалдар дайындап келген қазақстандық «Стан.тв», «Намстан.тв» интернет порталының журналистері қазір А24tv телеарнасына сюжеттер дайындап, техникалық көмек көрсетіп жатыр.

А24tv телеарнасының бірнеше шығарылымына қарап, оның қандай мақсатты көздеп отырғанын анықтау қиын емес. Біріншіден, телеарна «Ресей тек орыстар үшін!» деген ұранды басшылыққа алған «Русский маршқа» ақпараттық қолдау көрсетеді. Осы жылдың қараша айының басында Мәскеу қаласында өткен «Русский» маршқа» А24tv телеарнасы 7-8 хабар арнады. Орыстардың радикал ұлтшылдарын студияға шақырып, бірнеше талқылау өткізді. Екіншіден, телеарна басшылығының мәлімдеуінше, А24tv тек Ресейдегі «Русский маршпен» шектелмейді, ТМД елдерінде тұрып жатқан орыстардың мүддесін қорғауды басты назарда ұстамақшы. Әсіресе, Қазақстандағы «шетқақпай» болып жүрген орыстардың жай-күйіне баса көңіл бөлмекші. Бұл ретте телеарна аса көп қиыншылыққа кездесе қоймасы анық. Себебі, Қазақстандағы әбілязовшіл ақпарат құралдары қазірдің өзінде А24tv-ның мақсатына жұмыс жасап, қазақ ұлтшылдығының  осындағы орыстарға қауіптілігі жөніндегі материалдар беріп жатыр. Бұл жұмысқа жегілгендердің ішінде бір топ қазақтілді журналист те бар.

Мұхтар Әбілязовтың орыс ұлтшылы Александр Поткинмен бірігіп арам пиғылды жоба жасауы бірінші рет емес. Естеріңізде болса, былтыр ол Мұхтар Әбілязовтың тапсырмасымен қазақ жастарын арандату мақсатымен «Ашынған қазақ» («Злой казах») жобасын ұйымдастырмақшы болған. Поткиннің зымиян қулығына алданып, бұл арандатуға Қасым Аманжол, Инга Иманбай, Диас Бейсенбек сияқты жүрегі «қазақпын» деп соғатын  талантты жас журналистер еріп кете жаздаған. Кейін олар орысқол Әбілязовтың ешқашан қазаққа жақсылық жасамайтынын, қазақ ұлтшылдарын өзінің қарабасысының қамын ғана көздейтін саяси ойындардың қуыршағы ретінде пайдаланып қалғысы келетінін түсініп, Әбілязовпен ат құйрығын кесісіп, оның ақпарат құралдарына жұмыс істеудеп бас тартқан еді. Дегенмен, сананы ақша билеп алған мына заманда Әбілязов-Поткиннің жаңа жобасының  дирменіне су құйып, Игорь Воеводиннің қолбаласы болып отырған қазақтілді бірнеше журналист бар. Олардың бәрінің атын атып, түсін түстеп жатудың қажеті шамалы. Тек«кімнің тарысы піссе, соның тауығы» болып кететін оларға тән принципсіздікті жұртқа түсінікті тілмен жеткізу үшін әбілязовшіл БАҚ-та жұмыс жасайтын Қанат Тілеуханның (2-суретте) ұстанымын мысалға ала отырып, әрі қарай сөз сабақтауды жөн көрдік.

Қанат Тілеухан - қазір Қазақстандағы әбілязовшіл ақпарат құралында жұмыс істейді, интернетке қазақ тіліндегі сюжеттер дайындайды,  «қазақпын», «қазақ тілінің жанашырым» деп көкірек ұратын патриот журналистердің бірі әрі бірегейі. Бұрын ол «31 арнада» қызмет жасаған. Бірнеше жыл бұрын «31 арнаны» ресейлік медиа компания сатып алып, қазақ тілді бағдарламалардың кейбірін жауып, кейбірінің эфирге шығу уақытын өзгерткенде, сонда жұмыс жасайтын қазақтілді журналистер наразылық танытқан болатын. «Қазақ тілін құртып жатыр, қазақша бағдарламаларды жауып жатыр» деген айқай-сүреңнің бел ортасында осы Қанат Тілеухан жүрді. Жай жүрген жоқ, Ресейдің ақпараттық экспансиясына наразы журналистердің лидері ретінде, қазақ тілінің жанашыры ретінде танылған. Ұлтшылдығы үшін «31 арнадан» қуылған соң, ол әбілязовшіл «Стан.тв»-ға жұмысқа кірген. Бірақ, онда оған қазақтілді бөлімнен қызмет бұйырмады. Амалы құрыған ол К+ телеарнасынан шығатын орыс тіліндегі «Власть» бағдарламасына (жоба авторы – Асылбек Абдулов) қызмет жасады. «31 арна» қазақ тілін шетқақпай қылып жатыр» деп жаһанға жар салған журналистің аунап түсіп, орысша шүлдірлеп кеткен бұл әрекетін сол кезде былайғы жұрт біртүрлі қабылдаған.

Жалпы, Мұхтар Әбілязовтың қазақ мәселесіне, қазақтілді ақпарат кеңістігінің дамуына қырын қарап келгенін бәрі біледі. Ол қаржыландырған БАҚ-ты Ирина Петрушева мен Бақытжан Кетебаев басқарып тұрғанда да қазақтілді журналистер екінші сортты адамдар қатарында болатын. Қазір олардың мүмкіндігін тіпті шектеп тастады. Мысалы, қазір олардың  қазақ тілінде дайындалатын сюжеттері тек youtube.com интернет желісіне қойылады. Ал орыс тілінде дайындалатын сюжеттер студия арқылы эфирге шығады. Жоғарыда айтылғандай, қазақтілді журналистер орыстілді журналистердің сюжеті үшін қосалқы мәлімет табу, біреудің пікірін жазып әкеле салу сияқты қолғабыс жасаумен жүр. Әрине, осындай қара жұмысқа жегілген соң, олардың алатын жалақысы да орыстілді журналистермен салыстырғанда әлдеқайда аз.

Әбілязовтың ақпарат құрылымдарындағы  қазақ журналистерінің жай-күйі мына оқиғадан да анық көрінеді. Осы жылдың көктемінде Б.Кетебаев Әбілязовты «лақтырып» кетті ме, әлде, керісінше ме, әйтеуір К+ телеарнасы жабылып қалды. Сөйтіп, осы арнаға қызмет жасаған журналистердің екі-үш айлық жалақысы берілмей қалды. Дегенмен, біршама уақыт өткен соң, К+ арнасына қызмет жасаған Мәскеу және Киев офисіндегі журналистердің  бұрын берілмей қалған жалақысы толығымен өтелді. Ал көпшілігі қазақтардан жасақталған Алматы мен Астана қаласындағы офис қызметкерлерінің  екі-үш айлық жалақысы сол күйінше төленбей қалды. «Ала қойды бөле қырқып» отырған осы жағдайды көре-біле отырып, Қанат Тілеухан сияқты «патриоттардың» әлі күнге орысқол Мұхтар Әбілязовқа, оның қазіргі «жанашыры» Поткин мен Воеводинге қызмет етіп жатқаны таңғалдырады.

Мұхтар Әбілязовтың қазақтарға, қазақ баспасөзіне қырын қарап келе жатқанын мына мысалдан да көруге болады. Әбілязовшіл ақпарат құралдарындағы телеарна жағын басқарып отырған Бақытжан Кетебаев кеткен соң, оның Алматы офисіндегі оң қолы Элина Жданованың орнына Григорий Архангельский деген әлдебіреу тағайындалды. Ол бұрын бизнеспен шұғылданған, кейін «Алға!» партиясының белсендісі болыпты. Бірақ, ол ешқашан ақпарат құралдарында жұмыс жасамаған, бұл саланы білмейтін адам. Міне, осындай адам қазір шығармашылық ұжымға ақыл үйретіп, басшылық жасап отыр. «И.Петрушева, А.Абдулов, Б.Кетебаев кетіп қалған соң, Әбілязов енді қайтеді, Архангельскийді журналистерге басшы етіп тағайындамағанда» деп уәж айтқыштар табылар. Шындығын айтсақ, ондай адам Әбілязовтың құрылымында жеткілікті. Талантты жас журналистерді айтпағанның өзінде, Әбілязовтың құрылымында ақпарат құралдарының қыр-сырын түгел меңгерген Жасарал Қуанышәлі мен Айсұлу ханым Қадырбаева (3-суретте) сияқты азаматтар жүр емес пе?! Жасарал Қуанышәлі кезінде Ақтөбе облыстық ақпарат құралдары департаментін басқарды, «Апта.кз» сияқты бірнеше басылымның редакторы болды. Екі тілде – орысша және қазақша жазатын үздік публицистердің бірі әрі бірегейі. Телеарна жұмысын да бір кісідей жақсы біледі. Оның үстіне, ол - Әбілязовқа жан-тәнімен берілген, принципшіл адам. Оның жұбайы Айсұлу ханым Қадырбаева да кәсіби маман ретінде одан қалыспайды. Міне, осындай білікті мамандарды Әбілязов шетқақпай қылуда. Тіпті, телеарнаға басшы етіп қою былай тұрсын, оларға қазақтілді қағаз газет ашып беруге жарамай отыр. Неге? Себебі, Ж.Қуанышәлі де, Айсұлу ханым Қадырбаева да ұлтшыл көзқарастағы, әрқашан қазақ мүддесін күйттейтін азаматтар. Ондай адамдар орысқол Әбілязовқа бұрын да керек болмаған, қазір де керек емес. Ол Қазақстанның мемлекеттік мүддесін ешқашан естен шығармайтын қазақ ұлтшылдарын қолдаудың орнына енді еліміздегі орыс пен қазақтың арасына сына қағып, саяси тұрақсыздық тудыруды көздейтін Поткин мен  Воеводин сияқты орыс ұлтшылдарына иек артып отыр. Өйткені, бұл әрекет Мұхтар Әбілязовтың мақсатының тезірек жүзеге асуымен орайласып жатыр.

Ерасыл Бердібек

Айдары:  Дүрбі
11.11.13
2365 оқылды

Пікір саны (13)

Тіркелмеген қолданушы

Пернебек, Жасарал мен Айсұлудың халық үшін күресіп, түрмеге түскен Козловты қолдауын "көтен жалау" деп сандырақтауың сенің биліктің көтін жалаудан қолы тимей жүрген жалап екеніңді көрсетеді.

Тіркелмеген қолданушы

Асель Лимжанова еще там лижет шовикам начальникам Поткину, Воеводину Тихонову.

Тіркелмеген қолданушы

Тырнақ астынан кір іздеуді қою керек. Әблязов жарады халықтың сауатын ашты.

Balli Marzec

Варшава 2013-11-12
Не имей сто рублей, а имей сто друзей, не наёмников
На днях получили информацию, что Испания отправляет Павлова, шефа охраны Аблязова, в Казахстан. По этому случаю вспомнила пословицу: Деньги счастья не дают. Почему, потому что Аблязов увёл из Казахстана около 6 милиардов долларов, а счастья ни он ни его окружения так и не получили.
А сколько судеб поломал Аблязов молодых людей из БТА Банка, в Жанаозене, сосчитать сразу, даже трудно. Около 50 человек сидят в тюрьмах, только за то что работали на Аблязова. А горе их матерей и отцов, жён и детей, я думаю не описать словами. У некоторых единственный сын, единственный кормилиц сидит в тюрьме благодаря Аблязову. А проклятия их матерей, для Аблязова, боюсь бог услышал.
А СМИ работающие на деньги Аблязова освещают только самого Аблязова или его близкого окружения. Остальных потерпевшив связанных с Аблязовым не берут в никакой расчёт, для них эти люди не существуют, просто никто.
А сколько денег ушло на содержание всяких украинских и других наёмников, один бог знает. Наёмники горстями тратят деньги с Казахстана на видимость своей работы. Они искалесили всю Европу, делая вид, что активно работают. Вроде бы и встречаются и фотографируются и разговаривают, а и так Аблязов в тюрьме, Павлова высылают в Казахстан.
Раньше думала, что это Аблязов так прикипел к этим жуликам украинским, а потом всё стало ясно, что с ними связывало его и личные отношения. Всё ясно.
Аблязов с миллиардами в тюрьме, все говорят на долго. Людей Аблязова тоже ничего хорошего не ждёт. Выходит народная мудрость о деньгах( что счастья не дают) и о том, что не имей сто рублей, а имей сто друзей, не наёмников – подтверждается жизнью.

Толеген

Валли Марзес - деген кім өзі. - "Мәңгүрт-қазақ" па, әлде Шетелдік шпион "орыс, АҚШ, Еуропа тыңшысы ма?", әлде "өкіметтің жансызы ма?

Кім болса да елді ақымақ қылумен қатар ҚОРҚЫТЫП ТІЗЕРЛЕТПЕК қой өзінше. Құдайдың атынан сөйлейтінін қайтерсің тағы да! Құдайдан садаға кет! Сендей "халық жаулары" Құдайдың қаһарынан қорқып, тәубесіне түсуі керек. Өйткені сенің халыққа ызбар шашып, қорқытпақ болуыңның өзі зор күнә! - Әй, бірақ сен қазақша да оқи алмайтын шығарсың?!

Халайық, мұндай "Халық жауының" сөзіне сеніп қалмайық. Мен Аблязовті жақтаушы емеспін, бірақ та оны бас-көзсіз жамандаушыларды тіпті жек көрем. Сол жамандаушылар Аблязовтон он есе көп халықты тонап жатқандардың неге соңына түспейді екен?

Тіркелмеген қолданушы

Қазақ мүддесі үшін хоть шайтанмен туыс болуға болады!)

Толеген

Құдай сақтасын! Шайтанмен туыстасатындардың қазақ мүддесіне қосар пайдасы жоқ, керісінше зияны тиеді!

Тіркелмеген қолданушы

екеуі туыс

Тіркелмеген қолданушы

Бекболатпен Қанаттың арасы жақсы емес.

АБАЙ

ЕСЕКТІҢ АРТЫН ЖУСАҢДА МАЛ ТАП

Асхат

Канат Тлеухан Бекболат Тлеуханнын бауыры ма Түри уксамайды Немере агайын ба

Ұлтшыл азамат

Қанат Тілеухан мен Бакболат Тілеухан өтірік үлтшылдар. Екіжүзділер.

Пернебек

Жасарал мен Айсулу Козловтардын котенін алі жалап жур.

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.