Қарашаңырақтың қақырауы. Ойраттар ойраны

Қарашаңырақтың  қақырауы. Ойраттар ойраны

«Жау жағадан алғанда, ит етектен қабады» дегендей, Мәңгіелдіктердің қарашаңырағын Миндік қытайлар осындай күйге ұшыраткан кезде  ұлыстың өз ішіндегі Ойрат тайпасы Шыңғыз хан тұқымымен билікке таласты бастайды. 1401 жылы Ойрат тайпасының қолбасшысы Үгеші ұлыс ханы Елбекті өлтіріп, «Татар» мемлекетін құратынын жариялайды.  «Татар» – шығыс түрктерінің ІІ-ІІІ ғасырлардағы бірлестігінің атауы болғаны белгілі. Ойраттарды Шыңғыз хан ұрпақтарына қарсы қоюды мақсат еткен Мин империясы бұл мемлекетті мойындайтынын мәлімдеп, Үгешіні «бүкіл моңғолдың императоры» деп атайды.  Алайда, Үгеші Шыңғыз тұқымы еместігінен  Ұлы хан түгіл кіші хан да бола алмайтындықтан, халық оны мойындамайды.    

(Жалғасы.Кітаптың біріншіекіншіүшіншітөртіншібесінші, алтыншыжетінші, сегізінші  және тоғызыншы тарауын осы сілтемелер арқылы оқыңыздар.

Оныншы тарау

І. Қытайды 157 жыл билеу

Стенли Лэн-Пуль «Монголы ХІІІ-ХVІІІ вв.» мақаласында Шыңғыз ханның Бөртеден туған кенже ұлы Тулидің үлесіне Моңғолия берілді дейді. Ал ертеде қазіргі Моңғолия мемлекетінің көлеміне бара-бар Ордос, т.б., 1912 жылдан Қытай иелігіндегі жерлер де Моңғолия болып саналған. Кейбір деректер Үгетай 1229 жылы Ұлы хан сайланған соң Ордасы ретінде Қарақорым қаласын салдырғанын айтады. Ал бұл қала қазіргі Моңғолияның орта тұсында. Лин фон Паль кітабында: «Дети Тулуя получили во владение не главный юрт, а Китай»,– деуі қате болар. Тулиұлы Құбылай Ұлы хан болғанда астананың Қытайға көшіріліп, ол елге қоса иелік еткенін айтқан сияқты. Әйтсе де, отшыкенже ретінде Тулидің негізгі ұлысы әкесі Шыңғыз хан туған өлке Онон, Керөлең өзендері мен Бұрхан Қалдын тауы аймағы  болса керек. Айта кетер мәселе – «Алтын тобшыда» Тулиді «Шыңғыз ханнан бұрын қайтыс болған»,–деп, қате жазған. Шындығында, Тули 1232 жылы, әкесінен бес жыл кейін қайтыс болады.

Шыңғыз хан өсиетіне сәйкес, ол қайтқан соң Ұлы хандық Үгетайға (1229-1241) тапсырылды. Одан соң Үгетайұлы Күйік Ұлы хан болады. Ол 1248 жылы қайтқаннан кейін 1251 жылы Тулиұлы Менгу (Мәңгі) Ұлы хан болып сайланады. Үгетай ұрпақтары таласпас үшін, Тулидің жесірі Сорқұқтана құрылтайды астана Қарақорымда емес, Шыңғыз ханның туған жері – Тули ұлысында өткізуге күш салады, ал Бату хан «тәртіпті сақтау үшін» үлкен әскер қатыстырады. Осыдан кейін Ұлы хандар тек Тули ұрпақтарынан болады. 

Мәңгі хан 1257 жылы қайтыс болғанда Қарақорымдағы халық заңды мұрагер ретінде Ұлы хан етіп Тулидің ұлы Арық Бұқаны сайласа, ал Оңтүстік Қытайда соғысып жүрген қолбасылар Құбылайды сайлайды. Бұл ұлыста кең көлемде азамат соғысының басталуына себеп болды. Арық Бұқа жеңіліп алдына әкелінгенде Құбылай хан: «Шындық кім жағында?»,– деп сұрапты. Арық Бұқа: «Бұрын мен жақта еді, сен жеңгеннен кейін – сен жақта»,– деген екен.

Тули ұлдарының өзара соғысы  басылған соң, Үгетай немересі Қайду Орта Азиядағы Шыңғыз хан ұрпақтарын жинап, 1269 жылы Талас өзені бойында құрылтай өткізіп, өзі  «Ұлы хан» сайланады. Сөйтіп Шығыс Түркстан, Жетісу, Мәуреннахр жерлері Қарақорымдағы Құбылай ханға бағынбайтынын жариялайды. 

Әрине, мәңгіелдіктердің  ұлыстардағы мұндай өзара қақтығыстары ол кездері олардың ұлттық қасиетіне, мемлекеттігіне зиян келтіре алмады. Мұндай мәселе Құбылай ханның Ұлы ұлыстың астанасын 1264 жылы Солтүстік Қытайға, бұрын Цзинь империясының Ортаңғы астанасы болған  Чжун-ду қаласына көшіруінен басталды. (Осы қала жанынан жаңадан Дай-ду қаласын салғызып, 1271 жылы соған көшеді. Бұл қалалар қазіргі Қытай астанасы Пекин). Құбылай кезінде ата-бабаның тәңірілік діні тәрк етіліп, тибеттік будда дінін қабылдау (бұдқа табыну) басталды. Көлтегін «мәңгі тасындағы»: «Алтынды, күмісті, дақылды, жібекті соншама шексіз беріп жатқан табғаш халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді. Жақын қонып, содан әдепсіз қылықты үйренуші еді» (5-жол), «Ол жерге барсаң, Түрк халқы, өлесің. Өтүкен  ұйыста отырып, қазынаға керуен жіберсең, еш мұңың жоқ. Өтүкен ұйыста отырсаң, мәңгі елдігіңді сақтайсың сен, түрк халқы тоқ!» (8-жол), – делінген ата-баба өсиетін сақтамау – ұлтты зор қасіретке душар етерін Құбылай хан естен шығарды.

Үгетай өз алғашқы есімін өзгерткеніндей, «Құбылай» есімі де ол бұдда дінін қабылдағаннан соң алған жаңа ат сыңайлы. (Хубилган означает «перевоплощение» или «перерождение», ибо в каждой своей жизни души людей занимают тела с иным обличьем» («Словарь и перечень заклинаний»). «Алтын тобшыда» оны «діннің әуелгі құбылғаны Сечен қаған» деуі де осыған саяды. Мұнда Құбылай өзін Бұдданың «құбылғаны» етіп көрсетпек болған сияқты. Қазақ тілінде ежелден бар «құбылған» – түрк сөзі екені анық.

 Құбылай қытай ортасына барған соң «Мәңгі ел» сөзі қытайшаға аударылып, хандық әулетін «Юань», ал  империя астанасын «Хан-балық» деп атайды. Бүгінге шейін юань аталатын қытай ақшасын қазіргі моңғолдар мен көршілес тұңғыс, манжұрлардың да «мөңге» деуі, ал ақша күміс болғандықтан   бұл металды да «мөңке» деуі «мәңгі-юань» синоним (аударма) сөздерінен туған.

 Шыңғыз ханның кенже ұлы Тулидің  ұрпақтары Қытайдағы билігін 105 жыл жүргізді делінеді. Билікте оныншы ұрпағы Тоған Темір хан отырған кезеңде,  1365 жылы Оңтүстік Қытайда Чжу Юаньчжанның басшылығымен көтерілісшілер жеңіске жетіп У мемлекетін құрады. Лин фон Паль  «История Империи монголов» кітабында: «Чжу Юаньчжан выбрал очень удобный момент: на севере монголы были заняты войной за престол. В этой усобице победил Аюсидахра, а Тоган-Тэмур, ожидая, что войско У подойдет к его столице, решился на бегство... сначала в Шан-ду, потом в Джехол, а войско китайцев вошло в оставленную столицу практически без боя. Шел 1368 год. Чжу Юаньчжан сел на престол, объявил себя императором, основал новую династию, которую мы знаем как Мин. Это была чисто китайская династия. А последний император монгольского Китая скончался через два года в Джехоле. Династия Юань угасла. Так, желая владеть безраздельно завоеванной землей, монголы сплотили народ этой земли и помогли ему создать сильное национальное государство»,– дейді (297-б.). Дәл осы сөзді, қырық пышақ болып қырқысқан орыс княздерін бір басшылыққа біріктіріп, Русьті ұлттық мемлекет дәрежесіне жеткізген Жошы ұлысының билеушілеріне қарата да айтса болады.

 Тоған Темір 1370 жылы Инчанлу (Инчанфу) қаласында қайтыс болып, ұлысқа оның «Білікті» атанған ұлы Аюшридар хан болады. Шыңғыз хан ұрпақтарын Қытайдан қуғанымен қоймай, Мин империясы 1372 жылы Тули ұлысының Керөлең, Онон өзендері өңіріне жүз мыңдық әскер аттандырады.  Бұйыр көлі маңындағы соғыста қытайлар жеңіске жетіп, 80 мың адамды тұтқындайды, 150 мың ірі малды, т.б. олжалайды, Қарақорымды талқандайды. 1380 жылы да дәл  осындай екінші қырғын ұйымдастырады. Қытайда да, Тули ұлысында да «Қаба сақал моңғолдарды қырыңдар! Татар тілінде жазылған кітаптарды өртеңдер!» деген ұранмен геноцид  жүргізіледі. Көпшілік халқы қырылып, қаңырап қалған ұлысқа шығыс пен батыстан тұңғыс-манжұр тайпалары осы кезден бастап тағы да ағылып келіп қоныстанады. Олардың бірнеше ғасырларға жалғасқан көші-қоны туралы француз шығыстанушысы Рене Груссе өз зерттеулерінде нақты дәлелдермен жазған. 

 Шыңғыз хан Цзинь шүршіт-қытай отаршыл империясының қалаларын алуды бастаған 1211 жылдан, Тоған Темір биліктен кетірілген 1368 жылға дейін есептегенде, бұл елді Мәңгіелдік түрктер 157 жыл билеп-төстеген екен. Әрине, бір жарым ғасырлық шығыс түрктерінің билігі қытай елінде із қалдырмай қоймады. «Династия Мин после своей чистки всего монгольского потратила множество усилий на поиски монгольской государственной печати и сохранила монгольский язык в дипломатии, чтобы не рвать с прошлым. Даже когда турки покорили Константинополь в 1453 году, китайский двор посылал письма на монгольском языке»,– дейді  Д.Уэзерфорд (Чингисхан и рождение современного мира. 447-б.).

 1372 жылдан кейінгі Тули ұлысындағы Шыңғыз хан ұрпақтары жайында Стэнли Лэн-Пуль мақаласында: «Фактически они сделались вассалами Минских императоров, которые назначали начальников отдельных племен и посылали им дипломы, изготовленные в Пекине»,– дейді.  Шығыстағы  туыстарына көмек Шыңғыз ханның өзге ұлдарының ұлыстарынан келмеді. Өйткені дәл осы кездері Жошы ұлысында Мамай қияттың арандатуымен  «Алтын  ұрықтардың» бірімен-бірі 20 жыл алысатын алмағайып кезеңі басталып, ал осы 1364-70 жылдарда Шағатай ұлысындағы билікті Темірлан тартып алып жатқан еді.

 

Ойраттар ойраны

 

«Жау жағадан алғанда, ит етектен қабады» дегендей, Мәңгіелдіктердің қарашаңырағын Миндік қытайлар осындай күйге ұшыраткан кезде  ұлыстың өз ішіндегі Ойрат тайпасы Шыңғыз хан тұқымымен билікке таласты бастайды. 1401 жылы Ойрат тайпасының қолбасшысы Үгеші ұлыс ханы Елбекті өлтіріп, «Татар» мемлекетін құратынын жариялайды.  «Татар» – шығыс түрктерінің ІІ-ІІІ ғасырлардағы бірлестігінің атауы болғаны белгілі. Ойраттарды Шыңғыз хан ұрпақтарына қарсы қоюды мақсат еткен Мин империясы бұл мемлекетті мойындайтынын мәлімдеп, Үгешіні «бүкіл моңғолдың императоры» деп атайды.  Алайда, Үгеші Шыңғыз тұқымы еместігінен  Ұлы хан түгіл кіші хан да бола алмайтындықтан, халық оны мойындамайды.  «Алтын тобшыда» осы кезең «ойраттар мен моңғолдардың» соғысы ретінде тәптіштей баяндалған.  Онда Елбеге қаған  әйел жаласымен ойрат Тайуды жазықсыз өлтіріп, кінәсін жуу үшін Тайудың ұлдары Батула мен Үгешіге  төрт түменді билеткені, осы түмендерді бастаған екеуі Елбеге ханды 1401 жылы өлтіріп, таққа таласқанын жазып: «Моңғолдың бір төр-ұлысын ойраттар алды» деп айтудың мәнісі сол екен»,– дейді (283-б.). (Кейбір деректер Үгешіні ойратпен одақтасқан қырғыздардың билеушісі дейді).

Лин фон Паль кітабында шығыс моңғолдарының осы кездері Жошы ұлысынан Арықтай есімді «таза Шыңғызхан тұқымын» алдыртқаны, бірақ  оның тегі осетин деген сөз барын жазады. Үгешіні Арықтай жеңгеннен бастап  ұлыс екіге бөлініп, Ойрат хандығын Батула, ал Қалқа-Моңғолды Ел Темір хан биледі дейді (Стэнли Лэн-Пуль мақаласында «Олжа Темір» делінген).  1425 жылы  ұлыс тағына отырған Адай қаған ойраттарды қайта бағындырады. Алайда, Батулаұлы Тоғұн 1438 жылы  Адай ханды қапыда өлтіреді. Осылайша, Шыңғыз тұқымының «моңғолдары» мен Ойраттар арасында соғыс ит жығыспен жалғаса береді. Екі жақтан да туыстарымен ренжіскен қолбасылар қарсыластары жағына шыққан оқиғалар да баршылық. Мәңгіелдіктердің бірін-бірі қүйретуіне мүдделі  Мин империясы екі жаққа кезек көмектескен.

Ойраттар Тоғұнұлы Есен тайшы басқарған 1440-1455 жылдарда тым күшейеді.  «Алтын тобшы»: «Содан кейін Есен тәйжі хан тағына отырып Ойрат пен Моңғол екеуін алып, ұсұнның үш түмен жүршіттерін жаулап өзіне бағындырды»,– дейді.  «Шүшіттердің төр билігін қолға алып, қайтып келе жатқан жолда, Моңғолмен соғысуға аттанып келе жатқан Қытайдың қағанын жолықтырғанын, әлгі Мин императорын Есен тайшының тұтқындағаны» айтылады. Тарихи деректерде Есен тайшының Пекин қаласын да шабуылдағаны жазылған. Ойраттар осы кездері  Шығыс Түркстандағы Моғұлстан жерлеріне, Тоқмақ хандығына шабуылдайды. Үз Темір тайшы Шу өзені аңғарын басып алып, 1451 жылы Әбілқайыр ханның астанасы Сығанақ маңына келіп соғысып, жеңіске жетеді. Әбілқайыр ханның осы соғыста жеңілуі, одан Керей мен Жәнібек сұлтандардың бөлінуіне, сөйтіп, Қазақ хандығының құрылуына себеп болды.

Осылайша, Ойраттар тасы өрге домалап тұрған шақта  өз арасында жанжал басталған. «Алтын тобшы» бұл туралы: «Ойраттың оң қолының Алаға Темір чинсаны мен сол қолының Қатан Темір екеуі: «Есен, сен қаған болдың. Тәйжі шеніңді бізге бер!»,– дейді. Сөйткенде тәйжі: «Шенімді өз балама беремін!», деп оларға бермей қояды. Олар бүй дейді: «Алаға Темірдің баһадүрлері мен  Қатан Темірдің қайтпас жүрегінің, Абадұрған Сеченнің айласымен ойрат, моңғол екеуінің төрін қатар алып, қаған тағына отырдың сен! Жалғыз сенің күшің бе еді?!»,– деп, шерік құрып келіп, шабуылдайды. Есен қашып құтылады. Әйел, бала, малын олжалап алады... Содан кейін Есен тәйжі жападан-жалғыз арып жүрген кезінде Сорсұнның үйіне келіп, айран ішіп, шығып бара жатқанын Сорсұнның кемпірі көріп, Есенді танып, Сорсұнның ұлы Бұғұн оны өлтіреді»,– дейді (297-б.). Сөйтіп, Тули ұлысы мен Үгетай ұлысын билеп, шүршіттің біразын жаулап, Қытай императорын тұтқындап, Пекинді шапқан Есен, өзін «қаған» жариялаймын деп, өз тайпаластарының қолынан қаза болады. 

Шежіре, тарихи зерттеулердің баршасында осы 1400 жылдардан бастап Шыңғыз хан ұрпақтары басқаратын халық «моңғолдар» делініп,  ойраттар тек өз тайпасы атауымен аталады. Осылайша бөліп атау 1912 жылға дейін жалғасып, тек 1912 жылғы құрылтайдан кейін ғана ойраттар «моңғолдар құрамында» атала бастағанын көреміз.

Әрине, ойраттардың күшеюі 1400 жылы Елбек қағанның Үгеші мен Батулаға ойраттың төрт түменін басқартуы себебінен ғана болмаса керек. Мысалы қазіргі Моңғолия тарихшысы Б.Баабар 2006 жылы жазған «Моңғолдар тарихы» еңбегінде «Шыңғыз хан кезінде Моңғолия жерінде 40 тайпа (түмен) ел және төрт ойрат руы болғанын, ал Шыңғыз ханның батысқа жорығынан кейін  алты түмен «моңғол» мен ойраттың төрт түмені қалғанын»  жазады. «Қырық түмен моңғол, төрт түмен Ойрат» деген деректер «Алтын тобшыда» да  бар (268-б.). «Жами`ат-Тауарихта» Ойрат тайпасы жайында: «Юртом и место пребыванием этих ойратских племен было Восьмиречье (Секиз-мурен).  Несмотря на  то, что их язык монгольский («тюркский»  деп түсініңіздер. Х.Қ-А.), он имеет небольшую разницу от языка других монгольских племен, например такую: нож другие тюрки называют китуга, а они говорят мудага. Подобных этим словам существует множество других» деген (І т.1к.118-б.). Батудың батысқа жорығына, Құбылайдың оңтүстік Қытай мен Бирма, Ява жорықтарына да негізінен әлгі алты «моңғол» түмендері қатысып, ал шет аймақта жатқан төрт түмен ойраттар көп қатыспай, күштері сақталған сыңайлы. Меңгу қаған Ордасында Шыңғыз тұқымымен қатар «гориоттардың» ғана ақ биелер сүтінен жасалған қымыз ішуі» сыры осыда болса керек. Бұрынғы әдетпен «төрт түмен» делінгенімен, шығыстағы Тули мен Үгетай ұлыстарын алып, шүршіт пен  Қытайға, Жошы мен Шағатай ұлыстарына да шабуылдауы ойраттар санының  кейінгі екі ғасырда тым өскенін көрсетеді.

 

Даян қағаннан Легден ханға шейін   

 

Мандағұл қаған 1463 жылы қайтыс болып,  Қалқа моңғолдарында  жесірі Мандұқай 9 жыл төр ісін қолға алады. Тули ұрпағынан қалғаны тек Адай қағанның шөпшегі жеті жасар Бату Мәңгі (Мөңке) болғандықтан, оған «табаны үш қабат етік кигізіп», әмеңгерлік жол-жосынымен  балаға тұрмысқа шығып, 1470 жылы таққа отырғызады. 1543 жылға дейін билік құрып, 44 жасында қайтқан Бату Мәңгі тарихта Даян (Таян) атымен белгілі. Бұл   – бұдда діні әсерімен санскрит тілінде берілген лақаб есімі екен. Даян хан  Тули мен Үгетай ұлыстарының шашырап кеткен Ордос,Таңғұт, Алтай, т.б. аймақтарын қайта біріктіру үшін түрлі мәңгіелдік рулардың басшыларымен көп жылдар бойына соғыстар жүргізді. Мұнымен қатар, Ойраттардың көбін Жоңғарияға, Іле өзені аймағына қуып, бір бөлігін өз қарамағына қосып алады. Ойраттардан ығысқан Іледегі қырғыздар 1470-1480 жылдарда Тянь-Шань тауындағы Ыстық көл өңіріне қоныс аударады. Даян билігі кезінде Қытаймен сауда жасасу жанданады, тайпа басшыларының бөлшектенуі біршама тыйылады. Алайда, 1504 жылы оңтүстіктегі тайпалар көтеріліс шығарып, Даян хан олармен бес жыл бойына соғысады. Осы себептен ол хан ордасын Қалқадан Ордос жеріне көшіреді.

Сол заманғы мемлекет  басқарудың  дәстүріне сай  Даян қаған билігіндегі мемлекетті он бір ұлына бөліп береді. Оңтүстіктегі Ордосты үлкен ұлдары, елдің солтүстігіндегі аудандарды кіші ұлдары иемденеді. Мәңгіел мемлекеті тарихында Даян қағаннан соңғы хандар (1544 жылдан бастап) бүкілхалықтық емес, белгілі бір тайпа, рулардың ғана билеушілері болады. 1634 жылы Манжұрлар жаулап алғанша, бұл ұсақ хандар (Даян ұрпақтары) бірімен-бірі қырқысып, көмекке кейде Қытай әскерін де шақырумен болды. Сонымен қатар Тибеттегі діни ағымдардың жанжалына шақырылып, екінші жақтан барған ойраттармен де қақтығысады.                

Даянның Барысболат ұлынан туған немересі, түмет тайпасының басшысы  Алтын хан (1507-1583)  тұсында ұлыс біршама қалпына келтіріледі. Қытай мен Ойраттарға қарсы жорықтар жасалынады, Тибет маңындағы Амдо, Таңғұт, Сары ұйғыр жерлері ұлысқа қайта қосып алынады. Қытай қалаларын жиі шапқандықтан, Мин империясы Алтын ханға салық төлеуге мәжбүр болып, оған «Сүй-уаң» (кішпейіл және әділ) деген атағын береді. Тибеттегі дін мәселесіне де ықпал еткендіктен, Алтын ханның немересі Жондан Жамсон 1588 жылы қайтыс болған 3-ші Далай-ламаның қайта туған «құбылғаны» деп танылып, 1603 жылы Тибетке алдырылып, 4-ші Далай-лама етіп отырғызылады. Алтын ханмен Қазақ хандары да Ойраттарға қарсы соғыс одағын жасасып, құдандалдық қатынастар орнатқан екен.

Алайда, бұдан кейінгі кезеңде бір орталықтан басқару қайтадан әлсірейді. Ал солтүстік-шығыстағы, баяғыда Қамбақай қағанды, Үкін Барқақты «ағаш есекке» шегелеп өлтірген Алтан хан – Цзинь империясының халқы шүршіттер қайта күшейіп, «манжұр» аталынып тарих сахнасына қайта шыққан еді.

«Алтын тобшы» авторы өз заманындағы байырғы тайпаларды айта келе: «Өзге ұлыстан кірген моңғол, қытайды қарғұд қарачин деп атайды. Әуелден сақар мен қарачин екеуі ұлыс болып бірікпеген» деп, Қарачиндердің Манжұр билеушісіне: «Манжу, Қарачин біз екі ұлысымыз татулықта болып, төр билігін біріктіріп ұстайық!», – деп елші жібергенін жазған.Мұны естіген Сақарлар: «Қарашын Манжұрға біріксе, еріксіз үлкен қателікке ұрынады!», деп, ақыр аяғында Сақар мен Қарашын арасында дау болып, ажырасқан екен. Алайда Қарашын нойандары екінші рет елші жіберіп, өз ұлыстарымен Манжұр (Дайцин) ұлысына қосылады. «Ант беріскен хатта: «Манжу, Қарачин біздің екі ұлыс бір байламмен жүру үшін, тәңірге ақ жылқы, жерге қара сиыр шалып, бір аяққа арақ құйып сиынып, төр билігін біріктіріп, бітім еттік!»,– деп жазған», – дейді «Алтын тобшы» (329-б). Осылайша кірме халық Қарашындардың 1628 жылы Манжұрларға бір ел болуға анттасуынан кейін манжұрлар 1634 жылы ел астанасы орналасқан және бірігуге келіспеген Легден хан иелігі Ордос өлкесін шабады. Шақар ханы Легден Шыңғыз хан ұрпақтарын тәуелсіздікті қорғауға шақырып, отаршылдарға қарсылық көрсетуге тырысқанмен, манжұрлар мен қарашындардан жеңіліп, Тибетке кетіп, 1634 жылы сол жақта қайтыс болады.  Легден өлімімен  Юань империясын құрған Құбылай ұрпағының билігі тамамдалады.

Тули ұлысының бір пұшпағына билік етіп, туыстарының да басын қосуға шамасы келмеген Легден өз есіміне «Құтұқты» (құтты) деген сөзді қосқанын місе тұтпай тағы: «Данышпан Шыңғыз Таймин шешен, шартараптың соғыс жанжалын жеңуші – Тайсұн тәңірдің тәңірі, дүние жүзінің Хурмуздасы, Алтын күпшекті аударушы номұң қаған» деген де атақтар алып, кезіндегі Хорезм шаһы Мұхаммедті басып озыпты. Негізінен, тарихтан байқалары – билеуші әлжуаз болған сайын, өзіне не түрлі атақтарды жапсыру арқылы ел алдында мықты көрінбекке тырысады екен. Әсіресе: «Алтын күпшекті аударушы», «номұң қаған» деген екі атақ Тибеттік діннің түсінігінде тым жоғары мәртебелер...

Тули ұлысындағы  Шыңғыз хан ұрпақтары 1636 жылы  манжұрдың Абақай ханын  «Ұлы хан» деп мойындайтындарын айтып, оған Легденнен қалған Юань империясының мөрін тапсыруға елші жібереді. Абақай мөр мен лауазымды қабыл алып, мәңгіелдік тайпалар басшыларының мұрагерлігіне, жерлеріне, өмір салтына тимеуге уәдесін береді. Сөйтіп, Мәңгіел қарашаңырағының оңтүстік бөлігі Ордос манжұр-қытайлық жаңа Цин империясының қол астына алынып, ал солтүстігі уақытша дербестігін сақтап қалады.

Осы айтылғандардан мынадай қорытынды шығады: 1. ХVІІ ғасырда Тули ұлысының шығысында «өзге ұлыстан кірген «қарғұд қарачин» деп аталатын» халық болған; 2. Осы кірме халықтың 1628 жылы шақыруын сылтау етіп, 1634 жылы манжұрлар Тули ұлысын жаулаған, оларға Легден хан қарсы тұрмақ болған; 3. Тули ұлысымен бірігіп күш алғаннан соң ғана манжұрлар Қытайды жаулауға бел буған; 4. Манжұрлармен «екі ұлысымыз татулықта болып, төр билігін біріктіріп ұстайық!»,  деген келісім болғандықтан, жауланған Қытай елін мәңгіелдіктер де бірлесіп басқарған болуға тиіс. Әрине, уақыт өте келе манжұрлар қытайланып, манжұрмен одақтың Қытайға отар болуға ауысарын мәңгіелдіктер білмеген.

Алайда Жоңғар Ойраттарының «Мәңгіел мемлекетін қалпына келтіру» ұранымен жасаған әрекеттерінен сескенген Қалқа билеушілері де Ресейдің немесе Цин империясының қол астына кірмекке кеңеседі. Үндір-геген Занабазар  қалқалық билеушілерді үгіттеп, діні мен салты жақын манжұрлардың қол астына кіруге көндіреді. 1691 жылы Долон  көлінде болған жиын шешімі бойынша Мәңгіел  жері Цин империясының иелігіне өтіп, тайпа көсемдері манжұр-қытайлық атақ-шендер алады. Қалқалықтар өз мәңгіелдік Ойрат тайпасының  «Қамағ Мәңгіел ұлысын құрамыз» деуінен шошып, манжұр билігін қалауына қарағанда, сол кездері ұлыстың  әсіресе шығыс аймақтарына тұңғыс-манжұрлық халықтардың тым мол орналасқаны  байқалады.

      

 

Ойраттың үш хандығы

   

Даян қаған кезінен батыстағы Тарбағатай, Іле аңғарына, Жоңғария өлкелеріне ығыстырылған Ойраттар ХVІІ ғасыр басында тағы күшейеді. Бұл олардың өз ортасында жайылымға, билікке таласын тудырады. Сондықтан, ойрат торғауыттарының төрт руын Хо Өрлік тайшы  Ресей қарамағындағы Еділ өзені бойына 1628 жылы қоныстандырып, жеке хандық құрады. Алғашқыда орыс қала, бекіністерін шапқан ойраттар кейіннен Ресейдің Кавказ, Қырым жерлерін жаулауына көмектеседі.

Жоңғарияда Ойраттың шорос руынан шыққан Батыр қонтайшы күшейіп, 1638 жылы өзін бүкілойрат ханы деп жариялайды. Бұған келіспеген хошут нояны Төребек (Турэбэху)  100 мың  руластарын бастап, Тибетке қоныс аударады. (Хошуттардың Байбағыс батыр мен оның ұлдары Шешен хан мен Аблай тайшы басқарған үлкен бөлігі Жоңғарияда қалған). Хошут Төребек ноян Тибеттегі «қызылқалпақты» және «сарықалпақтылар» діни ағымдарының жанжалдарын реттеуге көп еңбек жасайды. Ақыры 1642 жылы Далай-ламаны дін басшылығымен қатар Тибеттегі үкіметті де басқаруға көндіреді. (Бұрындары болмаған мұндай басқару 2012 жылға дейін жалғасқаны белгілі). Өзі «Мемлекеттік нұсқаушы» (гуши) лауазымын алған Төребек қартайған шағында екі ұлының бірін Орталық Тибеттің, екіншісін Көкнұр аймағының ханы қылады.  Ал 1643 жылы Тибет үкіметінің өкілдері ойрат әскерінің қорғауымен, әлі де Пекинді алмай, Мукден қаласын уақытша орталық еткен манжұр императорына елшілер жіберіп, сыйлықтар тапсырады.

Ойраттардың шорос руының тайшылары билігін жүргізген Алтай аймағының Жоңғар (сол қол) аталуы осы Төребек Гуши ханның Тибетке кетіп, Бароң ғар (оң қол)  аталуына байланысты сияқты. Бұл ХVІІІ ғасырдағы Көкнұрлық оқымысты Ешей Балшораның «Пагсам-чжонсан» шығармасындағы: «монголы в пределах рек Или и Эрчэд (Ертіс) образовали подданных княжеского рода чорос левой стороны – Жонгара; монголы в пределах Куку-нора и Хатун-гола (Хуанхэ өзені) – подданных княжеского рода галгас (племени) хошутов правой стороны – Баронгара; княжеский род торготов – в долине реки Эжил (Еділ) на северной стороне и в области Жал Тарбагачи (Тарбағатай) вместе с подданными»,– деген сөздерден байқалады. Алайда, Тарбағатай аймағының «Жоңғар» аталуы осы өлкенің Үгетай ұлысынан алынып, Тули ұлысына қосылынған кезде («сол қанат») болуы да мүмкін.

Осылайша, ХVІІ ғасыр ортасында дәл іргесінде  үш хандық құрып дәурендеген Ойраттармен Қазақ хандығының неше ғасыр бойғы соғыстарда қазақ халқының жойылып кетпей, аман қалуы  – «әлемдік  тарихтағы феномен» деп бағалануға тиіс еді. Алайда  Ресейге жалтақтаған тарихшыларымыз бұл мәселені әлемдік саясатпен, тарихпен байланыстырмай, тек «екі көшпенді ел арасында болған әдеттегі соғыс» ретінде ғана түсіндіріп келеді.

1451 жылы Дешті Қыпшақ ханы Әбілқайырды Сығанақ қаласы маңындағы Көк Күмбез жанында (бұл – Ұрыс хан өлтірген Исатайұлы Жыр Құтлұ қияттың  кесенесі деген пікірлер бар) жеңген ойраттар 1630 жылдарда да Сырдария, Арал теңізі маңайында болғанын Әбілғазы баһадұрдың: «Әр нәрсе себеп болып бір жылы қалмақтың арасында болдым. Сонда монғолдың әдет-ғұрпын, тілін жақсы үйрендім» деуінен байқаймыз («Түрк шежіресі», 30-б.). Әрине, ол ойраттарды бұрынғы, шығыс түрктерін жалпылай  «мәңгіелдіктер» дейтін әдетпен атаған. Сондай-ақ, Әбілғазы шежіресінде, ол кейінірек, Хиуа ханы болған кезде де «қалмақтардың»  Қят, Үргенш,т.б. қалаларды шауып, тонап кеткені, Әбілғазының олармен екі рет соғысып жеңгені айтылған. Бұл арада ойраттардың «қалмақ» делінуі, «Шежіренің» соңғы тарауларын Әбілғазының өзі емес, баласы жазғаннан болса керек. Қазақтың ханы Салқам Жәңірдің  жоңғарлармен соғыста қаза табатыны да осы кезең.

Елдеріне шабуылдаған ойраттарды қазақ пен қырғыз халқы «қалмақтар» деп атаған. Қазақ пен Қырғыз эпостарында олар ешқашан «моңғол» делінбейді. Шәкерім «Шежіресінде»: «Қалмақ» дегендер Шыңғыз хан «тамам мағолды түгелдеп алғанда отырықшы болып қалған түрктер көшіп қашуға жерін қимай бірталай ел мағолға қарап қалды.1300 жылдар шамасында ол қалғандар, Ониют, Жалайыр, Найман, Керей дегендер әр түрлі рулардан еді. Сол себептен олар қалмақ деп аталды. Қалмақ деген «қалғандар»  деген сөз. Олардың «ойрат қалмақ» атанған себебі, мағолдар күнбатысқа қойған әскерлерін ойрат деп атаушы еді. Соған араласқаннан ойрат атанды. Қалмақтың түбі ойрат деген сөз сонан шыққан»,– десе (18-б.), ал «Қалмақ һәм Телеуіт» тарауында: «Телет көліндегі Алтай түрктерін орыстар қалмақ дейді. Біздің қазақ Білеуіт қалмақ дейді. Олар өзерін Ойрат дейді. Кейде «Алтай кіші» (кісі) дейді. Шолсмандағылар өздерін Телес дейді. Сол қалмақтар – біздің қазақпен жақын тұқымдас ел. Қалмақ деген «қалған» деген сөзден деп жоғарыда айтылды. Оның рулары арғын, найман, қыпшақ, керейт, меркіт, қан, мондус, ара, тотош, шапты, тоншон, алмат, кебек, қоду, пайлағас, айттас, құртты, сақал, телес, айдақ, қырғыз, союо, моңғол, сарт. Тілдері ескі түркше, бірақ моңғолға көп қарағандықтан мағол тілі қосылған. Және сонда Телеуіт дегені бар, олар өздерін телеуит, яки қара қалмақ деседі. Қалмақтар оларды төлеңгіт дейді»,– деп жазған. Алайда, үш хандық құрған ойрат тайпасы руларының ішінде Шәкерім жазған рулар аталмаған.

Кейінгі кездегі зерттеушілердің кейбірінің пікірінше «қалмақ» деген атау 1771 жылы қыста Ресейдің өктем саясатына шыдамай, Жоңғарияға қайта ауған торғауыт-ойраттардың Еділ бойынан көшпей (аяздан жарылған мұздан өзенді «қызыл су» басқандықтан)  «қалған» бөлігіне берілген атау көрінеді... Анығы, «қалмақ» – таза түрк сөзі.

XVII ғасырдың екінші жартысында ойраттардың Жоңғар бөлігінің қонтайшысы шорос Ғалдан Бошықты  Шыңғыз ханның Мәңгіел мемлекетін (Барша Мәңгіел ұлысын) қайта қалпына келтіру ұранын көтереді. Батыр қонтайшының ұлы, 1645 жылы туған Ғалдан жиырма бес жасына дейін Тибетте діни қызмет атқарып, ағасы Сеңге 1670 жылы қаза болған соң, қазақтардың көмегімен Жоңғар ойраттарының билігіне келген еді.  Кезінде Шыңғыз хан өзінің Шешек (гүл) есімді қызын Ойрат тайпасының көсемі Құтұқа бектің ұлы Төрелшіге бергені рас. Сол себептен ойрат көсемдері Шыңғыз ханға жиен де болар. Алайда Шыңғыз хан ұрпақтары «Ұлы хан» мансабын бірінен-бірі қызғанып жүргенде, «қыздан туған» ойрат рубасыларына беруге қайдан көне қойсын! Сондықтан Ғалдан өз идеясын іске асыруды Тибетке кеткен хошут ойраттарын біріктіруден бастамақ болады. Сөйтіп, өзі Төребек (Гуша хан) ұлдарының бірінің қызына үйленіп, ал өз қызын Төребек немерелерінің біріне қосады. Алайда Ғалдан құрмақ «Қамағ Мәңгіел ұлысында» өздеріне  «біріншілік» тимесін білген хошут Төребек ұрпақтары «Ортақ өгізден, оңаша бұзау артық» деген саясат ұстанады. Лхасадағы дінбасылардың үгітіне қарамастан, олар Ғалданға бас ие қоймай, тек оның Қалқаны алу әрекеттеріне, Цин империясымен соғысына араласпауға уәде берумен шектеледі. Көк нұр ойраттарын 1678 жылы  күшпен бағындырмақ жоспарын туыстары қолдамағандықтан, Ғалдан 30 мың әскерімен 1679 жылы Шығыс Түркстан қалаларын алуға аттанады. 1644 жылы әкесі Батыр қонтайшының қазақ ханы Салқам Жәңгірдің мылтықпен қаруланған шағын әскерінен жеңіліс тапқанын ескерген Ғалдан өз әскерін отты қарумен қамтамасыз етуге қатты көңіл бөледі. Шығыс Түркстанды алған соң Тұрфан мен Жаркент қалаларындағы  кендерден селитра, күкірт алып оқ-дәрі жасатады, орыс зауыттарымен байланысып мылтықтар сатып алады, солардың үлгісін пайдаланып өздері мылтық жасайды.   

Шығыс Түркстанды алған соң, Ғалдан есіміне қосылған «Бошықты» сөзін кейбір зерттеушілер моңғолша «қасиетті» деген сөз екен дейді. Қазіргі моңғол тілінде «қасиетті» сөзі – ариун, нандин делінеді. Әдетте, елді  жаулаушылар  өзін «құтқарушы» деп жариялайды ғой! Меніңше, «Бошықты» – «босатушы, елге бостандық алып беруші» (орысша «освободитель») деген мағынадағы  түрк сөзі. ДТС 114: BOS`(бош) – свободный; BOS`U (бошу) – освобождаться, получать свободу: at  bos`udi   лошадь освободилась (от привязи) (МҚ ІІІ 266);  ВОS`AT  от bоs`а  освобождать: ol bulunuү bosatti он освободил пленника (МҚ ІІ 307); ВОS`UҮ (бошұғ) – разрешение, даваемое султаном послу при его отъезде  (МҚ І 372).

О.Сүхбаатар «Сөздігінде» «Галдан – тибеттің dga` ldan сөзі» дегеніне де күмән бар. Қазіргі моңғол тілінде «гал» – от деген сөз. «Ғалын» деп те айтылады. Қазақша «жалын» сөзімен бір. М.Қашқари «Сөздігінде» бар көне түрк сөзі. ДТС 227: JAL  обжигать, прижигать: kun juzug jaldi солнце обожгло лицо (МҚ ІІІ 63); JAL  вспыхивать, воспламеняться: ot jaldi  огонь вспыхнул (МҚ ІІІ 63); JALIN пламя: ot jalini  пламя огня (МҚ ІІІ 23); Ендеше, Галдан – отты, жалынды деген сөз.

1680 жылдары  Цин империясы  Қалқа хандарының да бірқатарын өз қол астына қарауға көндіріп үлгерген еді.  Батысынан қауіптенген болса керек, Галдан Бошықты 1682-1684 жылдары қазақ жеріне шабул жасап, Сайрам бекінісін алады. Мақсаты Қалқаны алу болғандықтан, қазақ жеріне одан әрі енбейді. Байқар болсақ, Ойраттар мен Қазақ елі арасындағы 1451 жылдан  басталған екі жүз жылдық соғыстың алғашқы 150 жылында ойраттар Шыңғыз хан қарашаңырағындағы билікті алу жолында материалдық күш-қуат алар табыс көзі ретінде қазақ жерін оқтын-оқтын шауып отырған.

Ғалдан Қалқадағы  Жасақты мен Түшету хандарының өз ара жанжалдарына араласып, 1688 жылы Қалқаға кіреді. Жасақты ханымен бірігіп Тушету ханы Шимет Доржыны жеңеді. Ғалдан билігін мойындаудан бас тартқан Тушету ханы Цин империясының шекарасына барып, күллі халқымен қол астына алуға өтініш жасайды. Келесі бір-екі жылда өзге мәңгіелдік ұсақ билеушілер де манжұр-қытай қарамағына өтеді. Қалқалықтардың тағы бір бөлігі Көкнұрдағы Төребек ұлдары билігіндегі ойраттарға, тағы  бір бөлігі Ресей жеріне кетеді.

1689 жылы Нерчинск қаласында Ресей мен Цин империялары арасында келісім шарт жасалып, өздерінің Азияның осы өңіріндегі отарлау, ықпал ету аймақтарын бөліседі. Шартта  Қазақ Ордасы Ресейге тиесілі,  Жоңғар Ойраттары Цин империясына тиесілі деп белгіленеді. Осы 1689 жылы Цин императоры Тибеттегі дін иелері арқылы Ғалдан Бошықтыға Цин бодандығын қабылдауға ұсыныс жасайды.

Әрине, Ғалдан бұл ұсынысты қабыл алмайды. Әскери көмек сұрап Ғалданның Мәскеуге де елшілік жібергенінен еш нәтиже болмайды. Алайда Ғалдан әскерінің жартысы мылтықпен қаруланғанына қарағанда, оның Ресей зауыттарымен сауда-саттығы болғаны байқалады. Қалқадағы билікті Ғалданның басып алуынан қауіптенген манжұр-қытай үкіметі оған қарсы қалың әскер аттандырады. Пекиндегі Ресей елшісіне Цин үкіметі Ғалданға көмектесу – 1689 жылғы шартты бұзу болып саналатынын ескертеді. Ғалдан әскері Қалқаның солтүстік-шығысындағы  Олжа өзенінде тұрғандықтан,  манжұрлардың ата-жұртына да қауіп төнген еді.  Цин императоры  1690 жылы жазда құрамында Қалқа мен Ордос мәңгіелдіктері бар манжұр-қытай қолының бірін  Манжұриядан Керөлең, екіншісін оңтүстіктен (Қытайдан) Толы өзені бағытына аттандырады. 26 шілдеде шабуылын бастаған бұл әскерді саны бірнеше есе аз Ғалданның әскері жойып жібереді. Цин императорының өзі бастап келген бес есе көп әскермен тамыз айында Ұлан Бұтұндағы төрт күндік соғыста да жоңғар әскері беріле қоймайды. 1691 жылы Қобдаға келген Ғалдан әскерінің қолында  әлі  де Қалқаның бір   бөлігі қалып, басқа аудандарын да алу мүмкіндігі бар еді. Осы себепті манжұр-қытай императоры 1991 жылғы мамыр айында Долон норда Қалқа хандары мен нояндарының жиынын шақыртып, Қалқаның Цин империясы құрамына енуін заңдастырады. Сондықтан, Ғалданның 1692 жылы Қалқа билеушілерін өз жағына тарту әрекеттерінен нәтиже шықпады. Оның орыс қалалары Иркутск, Тобыл, Нерчинскіге, тіпті Мәскеуге де елшілік жіберуі  еш нәтиже бермеді. Бұл кезде Жоңғариядағы билікті Ғалданның ағасы  Сеңгенің ұлы Сыбан Рабдан алып қойғандықтан, ол жақтан да ешқандай көмек келмейді. 1693-94 жылдары Ғалданның кейбір қолбасылары қарамағындағы әскерімен Цин империясына, Жоңғариядағы жаңа билеуші Сыбан Рабданға қаша бастайды. Әскері азықсыз қалған Ғалдан 1995 жылы Тибет пен Көк нұрдағы хошут ойраттарына қарай бет түземек болады. Мұны аңдаған Цин үкіметі оның оңтүстікке жолын кесу үшін Ганьсу ауданына әскер жібереді. Мұнымен қатар манжұр-қытай үкіметі мәңгіелдіктер мен өзге де бұдда дініне сенетін халықтар ортасында «Ғалдан мұсылман дінін қабылдапты», «Орыстардан 60 мың мылтық алыпты» деген сияқты жалған ақпараттар таратады.

Цин императорының 1995  жылы қазан айында екі бағытта аттандырған әскерлері қалың қар жауғандықтан, жорықтарын тоқтатуға мәжбүр болады. 1696 жылы ақпанда әскери әрекеттерін қайта бастап, мамыр айында Ғалданның Керөлеңдегі тұрағына тақалады. Батысқа шегінген Ғалдан қолы империяның батысқа аттандырған әскерімен кездесіп, 13 мамырда Терелж өзеніндегі шайқаста  қатты жеңіліске ұшырап, әскерінің үлкен бөлігінен, азық-түлігі, жүктерінен айырылады. Әскерлері үйсіз-күйсіз қалған Ғалданға Цин императоры 1696 жылдың қараша айында бодан болуды ұсынып тағы хат жолдайды. Бірақ Ғалдан Бошұқты келіспейді. Шығысы мен оңтүстігін Цин әскері қоршаған, батысындағы өз еліне жолды туысы Сыбан Рабдан әскерлері  жапқандықтан, амалы таусылған Ғалдан 1697 жылы мамыр айында у ішіп өледі. Дұшпандары денесін қорламау үшін өлігі сол жерде өртелінеді. Осыдан соң-ақ Цин үкіметі Көкнұр өлкесіне әскерін кіргізіп, хошут ойраттарының билеушілерінен «империяға адал болуға» ант алады.

Ғалдан Бошұқтының «Мәңгіел мемлекетін қайта құру» идеясын  оның билігін басып алған Сыбан Рабдан да іске асырмақ болады. Манжұр-қытай империясы иемденген Мәңгіел қарашаңырағы (Қалқа, Ордос) мен Көкнұр ойраттарынан да, орыс боданы болып «қалмақ» атанған  Хо Өрліктің  торғаут-ойраттарынан да  күдер үзген ол, біріншіден Қазақ хандығындағы Шыңғыз хан ұрпақтарымен татуласпаққа тырысқан сыңайлы. Бұл оның Тәуке ханға Тибетте тұтқында жатқан ұлын қайтаруды ұйымдастырғанынан байқалады. Алайда, ұлын алып барған Сыбан Рабданның бес жүз нөкерін Тәуке хан  өлімші етіп сабап жібереді. Бұдан кейін Тәуке хан Сыбан Рабданның қалыңдығы, Еділ қалмақтарының ханы Аюкенің қызын Жоңғарияға бара жатқан жолында ұстап қалады.

Әйтсе де, Сыбан Рабдан билігінің алғашқы он бес жылында ешкіммен аса соғыспайды. Ол Тибеттегі   хошут-ойраттың Лабсан ханына Цин империясына қарсы соғысу үшін одақтасуға ұсыныс жасайды. Өз қызын оның ұлына бермек болады. Алайда Тибет ханы одақтастыққа келіскенде, Сыбан Рабдан одан Тибет билігін толықтай беруді талап етеді. Әрине, Лабсан хан бұған келіспейді. Сыбан Рабдан қызын ұзату сылтауымен 1717 жылы тамызда Тибетке 6000 әскер аттандырады. Лхасаға кірген жоңғар әскері қаланы үш күн бойы тонағанымен, көп қан төгілмепті.  Өйткені тибеттіктер  өздерін қытай билегеннен гөрі, ойрат иелігінде болғанды жөн санаған. Қолбасшы Церен-Дондұб Лабсан ханды өлтіріп, оның тағайындаған Далай-ламасын Пекинге жібереді, Тибетті Сыбан Рабдан иелігі деп жариялайды. Будда дінінің орталығы Тибеттің ойраттар (жоңғарлар)  қолында болуын қаламаған Цин үкіметі 1719 жылы Тибетке көп әскер аттандырады. Бұл соғыста Тибеттің әскері соғысушы екі жақтың да құрамында болыпты. Манжұр-қытай үкіметінің әскерінен жеңіліс тапқан ойраттар 1720 жылдың көктемінде Тибеттен кетіп, жыл соңында Іле алқабына оралады. Цин әскері Тибеттегі Ғалдан мен Сыбан Рабданды жақтағандарды жаппай жазалайды.

1723 жылы Көк нұрда Цин империясының билеп-төстеуіне қарсы хошут билеушілері, Төребек (Гуши) ханның немересі Лубсан Данцзиннің басшылығымен  (Лацзан Данцзен, т.б.) көтеріліс ұйымдастырады.  Алайда, бір жылдан кейін көтерілісшілер жеңіліп,  Лубсан Даньцзин Жоңғариядағы Сыбан Рабданды  паналайды. Қашқынды  ұстап беру туралы Пекиндегі үкіметтің талабын Сыбан Рабдан орындаудан бас тартады. (Бичурин, 1834, 56 б; Златкин, 1946. 356-б.)

Мыңдаған жылдар бойына тәуелсіз мемлекеттігін сақтап, қытайлықтармен жүздеген соғыстарды басынан өткерген Тибет елі сол кезден  бастап толықтай Қытай бодандығына түсіп, күні бүгінге шейін шамасы келгенше қарсылығын көрсетіп келеді.

Тули мен Үгетай ұлыстарындағы ата-бабасының ежелгі мекендерінен қуылған, оны қайтарудан күдерін үзген шорос-ойраттар (жоңғарлар) енді барлық күштерін ешкімге бодан болмай Жошы ұлысында отырған Қазақ еліне бағыттайды. 1723 жылғы көктемдегі жоңғар-ойраттарының жойқын шабуылы қазақ тарихында «Ақтабан-шұбырынды, Алқакөл-сұлама» деген атпен қалды.

Ойраттар мәселесіне тоқталған себебім – Қазақ халқының екі жүз жыл бойына соғысқаны «жай бір көшпенділер» емес, Қытай, Тибет, Ресей және өз мәңгіелдіктерімен жүздеген шайқастарда шынығып-шыңдалған, соғыс тәжірибесі мол халық болғанын байқату еді. Өйткені еліміздегі тарих оқулықтарында бұл аса ашып айтылмаған тақырып.  

Мәңгіелдік шығыс түрктерінің кейінгі ұрпақтары өз туыстарымен бірлескеннен гөрі, жатқа бодан болуға икем екенін Жошы ұлысындағы Шыңғыз хан ұрпақтарының мысалынан да, Тули ұлысындағы қалқалықтар мінезінен де байқаған Ресей империясы, Нерчинск шартындағы мақсатына жету үшін, Қазақ хандығымен соғысқан Сыбан Рабданға зеңбірек, мылтық сияқты отты қару беріп, көмектескені сөзсіз. Ойлағандай-ақ, қазақтың Кіші Ордасының ханы Әбілқайыр 1731 жылы Ресей бодандығын қабылдау туралы  шартқа қол қояды. «Әбілқайыр орыс қаруының күшімен өзгемізге билігін жүргізер» деген үрей биледі ме,  қазақтың өзге де хан, сұлтан, ру басылары, тіпті жоңғар қаупі сейілген мезгілде де, бірімен-бірі бәсекелескендей, жарыса Ресей бодандығын қабылдауға асықты.

Қазақ халқымен соғыстан және өз арасындағы билікке таластан әлсіреген жоңғарлық ойраттарды 1755 жылы Цин империясының әскері бірнеше рет шабуылдап, мемлекет ретінде жойып жіберді. Сол кезден бастап Шығыс Түркстан жері ұйғыр, қазақ, қырғыз сияқты түрк халықтарымен қоса Қытай отарына айналып отыр.

Ресейдің отаршылдық өктемдігіне шыдай алмаған Еділдегі торғауыт-ойраттардың 30 909 шаңырағы (180 мыңға жуық адам) 1771 жылы каңтар айында Жоңғарияға қарай көтеріле көшеді. Қазақ жері арқылы жүрген оларға қазақтардың шабуылдағаны тарихымызда «Шаңды жорық» деген атпен қалыпты. Бірақ Қытай мен Қазақ елінің  ортасында өзге бір күштің болуын көздеген Абылай хан, оларды толық қырғынға ұшыратпай, Жоңғарияға 20 мыңдайы жетеді. Ресейде қалған 60 мыңға жуық қалмақ 1773-74 жылдардағы Е.Пугачев басқарған көтеріліске белсене қатысып, үкімет тарапынан көп қуғын көреді. Әйтсе де, бүгінде саны 140 мыңға жетіп, Еділ маңын қоныстап отыр.

Жоңғария мемлекетін талқандағаннан соң манжұр-қытай үкіметі 1760-жылдары Қобда аймағын құрады. Бұл аймақ құрамында 3 қосын дербед, 2 қосын хойт, 1 қосын хошут, 1 қосын торғауыт (Еділден  оралғандары), 1 қосын елет, 7 қосын алтайлық ұраңқай, 2 қосын Алтын көл ұраңқайлары, 1 қосын маңғыт, 11 қосын баят, 2 қосын зақшын – барлығы 32 қосын болады.

Сөйтіп, кезінде Қалқа, Қытай, Моғұлстан, Қазақ, Қырғыз, Ресей, Тибет, Өзбек елдерінің көңілін көп алаңдатқан Ойраттардың үш хандығы бірі жойылса, өзгелері жаттың боданына айналған: Тибетке жақын Көк нұр – Баронғар хандығы қытайланса, Жоңғар хандығы жер бетінен өшіріліп, халқының бір сыпырасы қазіргі Моңғолияның батыс аймағында. «Еділ қалмақтары» атанған торғауыт-ойраттарының Ресейде қалғандары талай саяси геноцидтерді бастан кешіп, сол орында өмір сүруде. Жеке-жеке, аралары шалғай өмір сүріп жатқандықтан бұл заманғы ойраттар бір-бірінің тілін (диалектілерін) түсінуі неғайбыл.

Қазыбек бек Тауасарұлы «Түп-тұқияннан өзіме шейін» кітабында Аңырақай шайқасы кезіндегі жоңғар-ойраттары жайлы: «Жылғары, Мүргер деген екі батыры артындағы өз тілін алатын мыңға жуық қолымен бізге тұтқын болды. Мен оларды бестен-оннан ауылдарға бөліп жібердім. Оларға сену де қиын еді. Азырағын Шапыраштыға, көбірегін майданнан алысырақ Дулат арасына жібердім. Олар қайда баруға да қайыл, тек қайта ұрысқа салмасаңыздар болды дегенді айтқан болатын. Кейін қазақ арасында бұлар мәңгі қалып, өздерінің тілін, дінін жоғалтып, Шапырашты, Дулат болып сіңіп кете барды»,– дейді (270 б).

        Жалпы, қазақ-ойрат ара-қатынастары жайында бірер сөз айта кетелік. Тарихта (1595 ж.) Тәуекел хан Ойраттың да бір бөлігін басқарып, «қазақ пен қалмақ ханы» атанған кез де болыпты. Қазақ ортасында тұрған хошуыт Күнделең Ұбашы тайшы қарамағындағы өз ойраттарын бастап 1646 жылы жоңғардың Батыр қонтайшысымен соғысқан екен. Күнделенге қазақтар көмек көрсеткен. Қазаққа Салқам Жәңір хан болған кездегі 1644 жылғы қазақ-жоңғар соғысында Батыр қонтайшының Еділдегі Хо Өрліктен көмек сұрағанда ол: «Жәңгір баламдай еді»,– деген екен, (Қазыбек бек кітабы, 280-б.).

Шынымен де, Хо Өрлік бұл соғысқа біраз әскер жібергенімен, өзі қатыспаған. 1652 жылы хошут ойраттың ханзадасы Ғалдамамен жекпе-жекте қаза болған Салқам Жәңгірдің анасы ойрат болса,  ұлы Тәуке хан да Жәңгірдің ойрат әйелінен туған. Абылайдың отыз ұлының 29-ы  Ресей патшалығының бодандығын мойындағанда, тек ойрат әйелінен туған ұлы Қасым мен оның балалары (Кенесары, Наурызбай, Бопай, т.б.) қазақтың тәуелсіздігі үшін ақырына дейін соғысып шейіт болғандары белгілі. Бұл туралы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Отыз ұлды Абылайдың 29-ның тұқымы Кенесары, Наурызбайға қас болған... Бір ғана Қасым ұрпағынан басқа Абылай ұрпағы ас ішіп, аяқ босатқаннан басқа ешнәрсеге жарамаған», – деген еді.

         Сыбан Рабдтан 1698 жылы Пекинге жазған хатында: «Мен қазақтармен  соғысуға мәжбүр болып отырмын»,–деуі, Тәуке ханның оның қалыңдығын тартып алғаны, тұтқындағы баласын қайтарғанда ертіп жіберген нөкерлерін қорлағаны, Ғалдан Бошақты  Қалқа, Қытаймен соғысқан кезде Тәуке хан оның әскерін арттан шабуылдауы, т.б. себептерді айтқан болар. Әрине, екі  ғасырлық соғыс екі халыққа да оңай болмады. Алайда, ол заман қазіргідей, халықтар бірін-бірі ың-шыңсыз сүлікше сорып тоздырмайтын, мәселе ашық  соғыстарда шешілетін кез. Бір ұлыс, бірдей тайпа-руларды  қазақ-өзбек етіп бөлген алғашқы жылдардағы Шайбани ханның төрт жорығында мәңгіелдіктер бірін-бірі аз қырып па? «Ақтабан шұбырындыдан» көп өтпей-ақ Ұлы жүз халқын Төле би мен Жолбарыс хан  Жоңғар үкіметінің өкілі ретінде билегені, Әбілқайыр хан, Барақ сұлтандардың Ресей үкіметіне «өздеріне Ғалдан Серен қонтайшының Түркстан, Ташкент, т.б. қалаларды басқаруға ұсыныс жасағанын, орыс ренжітсе, жоңғарға қарап кететіндерін»  жазған құжат деректер баршылық.

Екі ғасырдан асқан Ресей бодандығы кезіндегі қазақ халқына жасалынған ашық-астыртын геноцидтер, миллиондаған келімсектерді қоныстандыру, зардабы ғасырларға кетер  ядролық жарылыстар, т.б. қасіреттер ойрат шапқыншылығынан қаншама есе ауыр болды.  Осы себептен, орыс отаршылдары, өз істеген зобалаңдарынан қазақтың назарын ауытқыту үшін, Ойрат соғыстарының мәселесін тереңінен ашып көрсетпей, тек құбыжықтандыру (демонизировать) мақсатын көздеген сыңайлы. Ендеше, бұл тарихымызды да тереңірек зерттеп, ойрат-қазақ қатынастарының ақиқатын білгеніміз жөн. 

Жоңғариядағы жерлерге 1760 жылдан бастап Қазақ елінен көшкен Керей  тайпасының рулары қоныстанады. 1916 жылы Қазақ еліндегі көтерілістен кейін орыс жазалаушыларынан ыққан жүздеген мың қазақтар осы өлкеге көшті. 1929-32 жылдарда Кеңес үкіметінің байлар қожалықтарын тәркілеу, халықты аштыққа ұшыратуы науқандары салдарынан  қазақтардың босқын көштері және жалғасты.

Кезінде Үгетай-Тули ұлысына қараған бұл өлкедегі Қытай  басқыншылығына қарсы мәңгіелдіктер көтерілісінің ең ірісі ретінде Алтайдағы Оспан батыр басқарған Керейлер көтерілісін атауға болады. Басында Қытайдың гоминдан үкіметімен соғысып, кейіннен гоминданмен одақтаса коммунистермен соғысқан, ортаға өз саяси мүдделерін көздеген Ресей-КСРО мен АҚШ мемлекеттері де араласқан Оспан батыр көтерілісінің тарихы күрделі. Ол Қытай үкіметінің қолынан қаза тапқан соң, баяғыдағы мәңгіелдік Керейіт Тоғрыл хан (Он хан) халқының ұрпақтары елін тастап, Тибет арқылы Индияға ауады, одан Ауғанстан асады. Босқан осы мәңгіелдіктерді Түркия мемлекетін құрып отырған Оғыз хан ұрпақтары арнайы ұшақтар жіберіп көшіріп алыпты.

Қазір Үгетай ұлысының Қытайға қарасты Алтай мен Шығыс Түркстан солтүстігі аймақтарында миллионға жуық «қазақ» аталатын мәңгіелдік шығыс түрктерінің  ұрпақтары өмір сүріп отыр. 

 

* * *

Тули ұлысы мен Үгетай ұлысының Моңғолия атанған бөлігіндегі жағдайды айтсақ, Цин манжұр-қытай билігі 1755-57 жылдары талқандалған ойраттардың қалғанын  аймақ-аудандарға орналастырды. Бастапқыда Қалқадағы әкімшілік басқаруды Шыңғыз хан тұқымынан алып, ру басыларына берген Цин үкіметі, кейінірек қытай қызметкерлеріне (амбань, т.б.) тапсыртады. Тули ұрпағына  еш саяси билік қалдырмаған манжұр-қытай үкіметі олардың елді мейлінше ұсақ иеліктерге бөлшектеуіне қарсы болмады, халқын қанауына шек қоймады. Алтын хан тұсында-ақ  ламаизм қатты насихатталған бұл  елде Цин билігі кезінде монстырлар саны тым көбейтілді. Ламалардың  саны жалпы халықтың төрттен біріне жеткен. Мұндай жағдайда қарапайым халық тым кедейленді.

Бұл елдегі ахуал жөнінде «Сібір энциклопедиясында»: «Не решаясь сразу колонизовать Монголию китайцами, дайцинцы всячески покровительствовали внедрению в нее китайского торгового капитала, покрывшего своей паутиной всю страну и высасывавшего из нее последние соки. Тем же путем шли и русские купцы, для операций которых возможность была открыта русско-китайскими договорами 2-ой половины XIX века. Убедившись в окончательном обессилении Халхи и боясь агрессивных действий императорской России, китайское правительство приступило к земледельческой колонизации Монголии. Это заставило отшатнуться от него и аристократические элементы, чем не преминуло воспользоваться царское правительство России, начавшее интриги среди халхасов»,– делінген

Батыс мемлекеттерінің Қытайға енуі кезінде өз үлесін алуға  асыққан Ресей де  Манчжурия арқылы Сары теңізге шығып, Порт-Артур қамалын, оған барар темір жол да салады. 1904-1905 жылғы соғыста Жапониядан жеңілгеніне қарамастан осы саясатын жалғастыра береді. Осылайша «Нерчинск шартын» бұзған Ресей үкіметінің  жансыздарының үгіті мен қаржыландыруы арқасында Қалқалық Моңғолия княздері 1911 жылғы Қытайда болған революцияны пайдаланып тәуелсіздігін жариялап, елден Қытай әскерлері мен қызметкерлерін қуды. 1911 жылғы 30 қарашада құрылған «Қалқа күренінің  уақытша үкіметі»  барша моңғолдардың тәуелсіз екендігі туралы үндеу жариялайды. 1-желтоқсанда жарияланған Моңғолия мемлекетіне Боғда геген VІІІ  басшы болып сайланды.

Қобдада манжұр губернаторы және әскері тұрғандықтан және Қалқадағы астанадан шалғайда болғандықтан көтеріліс ұйымдастыра алмаған ойраттар бұл үндеуді мақұлдайды. 1912 жылдың көктемінде Улаангом күресінде Кобдос аймағының барлық нояндары жиналып,  Моңғол мемлекетіне қосылу мәселесін талқылайды. Кейбір ойрат нояндары сан ғасырлық соғыстарын еске алып, қалқалықтарға сенімсіздік білдіріп, олардың құрған мемлекетіне кіруге қарсы болған.  Алайда көпшілік нояндар  қалқалықтар құрған жаңа Моңғолия мемлекеті құрамына енуді қолдайды. Сөйтіп, «Монголын тулгар төрд» мемлекетінің басшысы Богдо-ханға Қобда аймағының 30 қосыны қол қойған хат жіберіледі. (1987 жылғы санақ бойынша ойрат саны Қытайда 139 мың, Моңғолияда 205 мың екен).

Солтүстік Моңғолиядан Қытайдың тықсырылуына  қол жеткізген Ресей үкіметі енді бұл өлкені өзі алмаққа кіріседі. 1915 жылғы 25 мамырда Кяхта қаласында Орыс, Қытай, Моңғол-Қалқа үкіметі өкілдерінінің «Сыртқы Моңғолияның автономиясы туралы үштік келісімі» арқылы Қалқаның төрт аймағы мен Қобдос округі «Автономиялық Моңғолия»  аталып Ресей ықпалына көшеді, ал Оңтүстік Моңғолия мен Барға толықтай Қытайға беріледі.  Алайда 1919 жылы  қытай әскері бұл автономияны жояды. 1921 жылы ел астанасы Урганы Ресейдегі азамат соғысынан жеңіліс тапқан «ақ гвардияшылар» барон Унгерн фон Штернберг басқаруымен басып  алып, жеке мемлекет құрмақ болады. Барон Унгерн будда дінін қабылдайды. Алайда, көп өтпей  «қызыл» ресейліктер Унгерн мен Қытай әскерлерін қуады. Елді «ақтардан» құтқарысымен, «қызылдар» ескі саясатты жалғастырды.  «Моңғолия – КСРО-ның 16-шы республикасы» деген анекдот шындықтан алыс емес-тұғын.

1932 жылы ежелгі Манжұр жерінде Қытайдан бөлек мемлекет құрмақ болған Жапония, Мәңгіел қарашаңырағын да өз ықпалына алуға тырысады.  Алайда ІІ дүниежүзілік соғыста Жапония жеңіліп, 1945 жылдың 19 тамызы күні Маньчжоу-го басшысы Пу И (Цин императорларының мұрагері) тұтқынға алынған соң бұл мемлекет өмір сүруін тоқтатады.  Моңғолия да қайтадан Ресей «ықпалына» көшеді.

1991 жылы КСРО ыдыраған сәтте мәңгіелдіктердің бүгінгі ұрпақтары өмір кешіп жатқан мемлекеттер қатарынан Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолия Ресейден тәуелсіздігін жариялады. Алайда, Ресей мен Қытай  империялары 1689 жылы жасасқан «Нерчинск шартынан» толықтай бас тарта қояр ма екен?. Мысалы, Қазақстан 2010 жылы Ресеймен «Кедендік одақ» деген шартқа отырып, бүгінде қайтадан «ортақ валютаға көшу»  мәселесі   айтылуда.

Қарашаңырақтың қазіргі жағдайы

  

Зерттеулер Шыңғыз ханның Бөртеден туған төрт ұлына еншілеп берген ұлыстарының халқы тұтастай түрктер болғанын көрсетеді. Жошы мен Шағатай  ұлыстарына келген мәңгіелдік шығыс түрктердің тілі мен салтына бұл елдерге ислам діні тарауы әсерінен біршама өзгеріс енгенімен, өзінің түрктік негізін сақтап отыр. Үгетай ұлысының батыс бөлігі – Алтай мен Жоңғариядағы қазақ халқының да жағдайы осындай. Отшыкенже Тулидің ұлысы – Мәңгіел қарашаңырағындағы халықтың да Шыңғыз хан заманындағы сөйлеген тілі (зертеушілердің «монгольский письменный» деп жүргендері) шығыс түрк диалектісі екенін кітаптың 8-тарауындағы көне жазба ескерткіштерден мысалдар айқын көрсетті. Алайда, нақ осы Мәңгіел қарашаңырағындағы Моңғолия аталатын елдегі қазіргі халықтың тілін ешкім де түрк тілі деп айта алмайды. Сол себептен: «Қазіргі «моңғолмыз» деушілер кімдер, олардың тілі не тіл?» деген мәселе кейінгі жылдарда  біраз зерттеушілерді ойландыруда.

Мысалы қазақ зерттеушісі Қ.Салғараұлы «Ұлы қағанат» кітабында: «Бұл монғол халқының этноқұрамын ежелгі түрк текті халықтардың ұрпақтары мен тунгус-мәнжүр тобындағы халықтардың ұрпақтары құрайды»,–дейді (364-бет).

Қ.Закирьянов «Шыңғысханның түркілік ғұмырнамасы» кітабында қазіргі Моңғолия ғалымдарының кейбірі  шығыстағы моңғолдар ойраттармен соғыс кезінде манжұр тайпаларын көмекке өздері шақырған десе, енді бірқатары манжұрлар жаулаушы ретінде өздері келді деп екі дай пікір айтатынын жазып: «Бірақ айғақтың аты айғақ. Моңғолияның кең байтақ жеріне сан жетпес маньчжур тайпалары басып кіреді. Өйткені жер қаңырап бос жатты: сондай кең далада 6 түмен ғана қалған еді! Қазіргі кездегі моңғолдардың шығу тегін енді осыдан түсіне беріңіз!», – дейді (101-б).

       Қазақстандық зерттеуші А.Г.Оловинцов та кітабында: «После распада Монгольской империи (1368 г.) джурджиты, или как теперь их стали называть, маньчжуры, признали китайский сюзеренитет династии Мин и приняли участие в  заселении монгольской территории», – дейді («Тюрки или монголы», Алматы. 2012. 234-б.).

        Шақырумен келсе де, жаулап алса да қазіргі  халықтың ол елге Шыңғыз хан заманынан кейін қоныстанғанын ғалымдары мойындай тұра, Шыңғыз хан кезіндегі тарихты иемденуі қалай? Мысалы, Египетті кейіннен жаулаған арабтар: «Ықылым заман пирамидаларын біз салғанбыз, Тутанхамон араб болған!»,– демейді ғой!

          Осындай пікірлерді ескере келе, бұл өлкенің халқы Хунну империясы, Түрк қағанаттары және Шыңғыз хан кезіндегі – үш мың жылға жуық уақыттағы түрктік тұғырынан неліктен, қандай тарихи жағдайларға байланысты ажырап қалғаны, неліктен бөтен тіл орнығып, түрк тілінің мөлшері тым төмендегені оқырманға ұғынықты болу үшін Тули ұлысы баянына жеке тарау арнаған едік.

«Сібір энциклопедиясы»: «Я з ы к  Монгол принадлежит к алтайской семье языков, к которой относятся также языки турецкой и тунгусской групп. Они объединяются общими принципами морфологического и фонетического строя и лексическим материалом. Подобно двум другим группам, М. язык состоит из ряда наречий, говоров и подговоров, б. или м. отличающихся друг от друга и в то же время связанных между собой. Главнейшие наречия разделяются на западную и восточную группы. В первую входят т. наз. ойротские (калмыцкие) говоры: 1) торгут, 2) дурбэт, 3) олют, 4) хошут, 5) хойт; особо стоят моголы (в Афганистане), а также тибетские и амдоские. Вост. группа, в свою очередь, делится на 2 основные подгруппы: северную и южную. Первая заключает в себе говоры: 1) добайкальских бурят, 2) забайкальских бурят, 3) Барги, 4) Халхи; вторая: 1) южные (Ордос, Чахар, Тумэт, Сунит и др.), 2) юго-восточные (Харачин, Хорчин, Оннют, Барин, Удзумчин и др.), 3) северо-восточные (Горлос, Дурбут, Джалайт); особо стоят даур и хотохойту»,– деп жазады.

 Б.Х.Тодоева «Язык монголов Внутренней Монголии» кітабында (М.1985.): «А.Д.Руднев в своем схематическом обзоре монголов делил их по наречиям на три группы:  восточные (монголы), северные (буряты) и западные (ойраты). К восточным монголам он относил : 1) южных – ордос, чахары, тумуты, суниты и др. и 2) северо-восточных, куда входят: а) юго-восточные (хорчин, харачин, ониют, барин, хешиктен, уджумчин, и др.); б) северно-восточные (горлос, дүрбүт); в) халха – восточные и западные. Г.И.Рамстед к восточным монголам также относил всех собственно монголов (внешних и внутренних) и делил восточномонгольские наречия на три группы: 1) южномонгольскую группу (чахар, ордос, тумут и т.п.), 2) северо-восточную группу, которая охватывает многие мелкие племена у границ Маньчжурии (хорчин, оннют, уджумчин и т.п.., а также горлос и дурбут-бэйсэ, имеющие особый говор) и 3) халхаское наречие»,– дейді.

 Көріп отырғанымыздай, бұл тіл қаншама диалектілерге, ал диалектілері толып жатқан «говор», тіпті «подговор» болып та бөлінеді екен. Кейбір зерттеушілер еңбегінде «моңғол тілдері» деген сөз қолданылған. Ал Б.Я.Владимирцов «жалпымоңғолдық ортақ тіл жоқ» деген тұжырымға келіп: «Монголы говорят на многих наречиях и говорах.  Общего же монгольского языка не существует вовсе. Говорить по монгольски значит говорить на одном из многих монгольских  наречий,.. в той или другой степени отличающихся друг от друга»,–депті («Сравнительная грамматика монгольского письменного языка и халхаского наречия» М.1929).

 Зерттеушілердің бір тобы моңғол, түрк, тұңғыс тілдеріндегі ұқсастықтар үшін бұл тілдердің негізі бір деп «Алтай тілдер тобына» жатқызса, өзге ғалымдар бұл ұқсастықтарды түрлі тарихи кезеңдерде осы халықтардың өзара қатынастары барысында сөздердің бірінен-біріне енуінен деген пікірде. Барша зерттеушілерге тән, ортақ нәрсе – олардың өз зерттеулерін «моңғол халқы да, моңғол тілі де ежелден болған» деген нық сеніммен жүргізгендігі екенін көреміз. Кейінгі екі-үш ғасырда «Моңғол тіліндегі түрк сөздері» (немесе керісінше), «Моңғол тіліндегі тұңғыс-манжұр ықпалы» (немесе керісінше), т.б.аттармен ондаған зерттеулер жасалыпты. Алайда мұндай  зерттеулердің ақыры-соңы: «В настоящее время трудно установить исконную принадлежность общего пласта языковых единиц, входящих в  общеалтайский фонд, так как грань между «своим» и «чужим» практически стерлась» деген сөздермен аяқталғанын көреміз (Одемиш Зейнел. «Тюрко-монгольские элементы в турецком и тюркских языках Южной Сибири», Улан-Удэ. 2004.).Конец формы

Конец формы

 Моңғол мен манжұр тілдеріндегі кірме сөздерді зерттеген В.И.Цинциус те дәл осындай тұжырым жасауға мәжбүр болып: «Выделить заимствованное слово не всегда легко. Это особенно затруднительно при сходстве фонетического строя контактирующих языков, что как раз относится к маньчжурскому и монгольскому языку»,–депті Монголизмы-дублеты в маньчжурском языке», М.1974.).

 Егер «осынау тілдердің негізі бір» деген тұжырым жасалынса, онда осы халықтардың да түп-тегі бір дегенге саяр еді. Бұл тарихи дәлелдеуді қажет ететін үлкен шаруа және саяси себептерден кейбір мемлекеттерге тиімсіз деп есептеледі. Сондықтан тіл зерттеу жұмыстарының басым-көбі кірме сөздерді «іздеу және таппау» бағытында жүргізілуде екенін байқаймыз. Алайда  екі халықтың тілдеріндегі ұқсастыққа тек «енген, өгей сөз» деген тұрғыдан ғана қарау – зерттеудің үстірт, таяз  жүргізілуіне соқтырмақ.

 Моңғолия ғалымы О.Сүхбаатар «МТКС»  жинағында 1100 сөзге анықтама жасаған екен. Бұлардың көпшілігі тибет, қытай, санскрит, манжұр сөздері де, ал түрк сөздерінің саны шамалы-ақ. Себебі, О.Сүхбаатар екі тілде (қазіргі моңғол мен түрк тілдерінде) бірдей кездесетін  көптеген сөздерді (темір, қара, жолшы, болжау, т.б,)  тек «моңғол сөзі» деп есептеген сыңайлы. Ал салыстырма  зерттеулер арқылы табылар түрк сөздеріне мүлде жоламағанын көреміз. Мысалы, оның моңғол тіліндегі «гэр» (үй) сөзін түрк сөзі деп ойламағаны байқалады. ( Қалмақша – «гер» делінеді). Шындығында, бұл «кір» деген түрк сөзі. ДТС 308: KIR входить, проникать внутрь чего-либо:  jana kirip turgas` qaүan bujruqi az tutuquү eligin tutdi  снова войдя (в ряды врагов), он схватил своей рукой Буюрука кагана тюргешей (КТ б38); Анықтай түсейік – қылыш немесе пышақты кіргізіп (салып) қоятын қын да қазіргі моңғол тілінде «гэр», қалмақша «гер». (ДТС 444: QIN   ножны: qos qilic`  qinqa siүmas  два меча в (одни) ножны не вмещаются (МҚ І 359). 

  Шыңғыз хан заманында күйеу жігіт «гүрген» деп аталғанын білеміз. Бұл сөз қазіргі моңғол тілінде «хүргэн», қалмақ тілінде «күргн» (орысша «зять»). Меніңше, мұның да түбірінде «кір»  сөзі тұр. Шығыс түрктерінің дәстүрінше – үйленбек жігіт үш жыл қыздың үйінде «кірме» болып қызмет қылады. Мұны тарихта Теміршіңді әкесінің Бөрте қыздың үйінде қалдырып кетуінен де көреміз. Қыз үйіне «кірген» жігіт үш жылдан соң үйленіп (жеке үй болып) «қосақталатын» болғандықтан, эвенк тілінде «гурген» деп қосақталып арбаға, соқаға жегілген қос ат, қос өгізді  атаған.

 Ақсақ Темір өзі Шыңғыз хан тұқымынан болмағандықтан, билігін заңды етуге тырысып, хан тұқымынан қыз алып «күйеу жігіт» болған. Оның есіміндегі «Көреген» сөзі шындығында «Кірген» (күйеу бала) сөзі.

 Сонымен, моңғолдың «Гэр» – үй сөзі де, «Гүрген» – «күйеу жігіт» сөзі де  түрктің «кір» деген сөзінен екен. Байқағанымыздай, сөзді зерттегенде халықтың салт-дәстүрімен, тарихындағы мысалдармен салыстыра зерттеу ғана дұрыс нәтиже бермек.                           

 «Жами` ат-Тауарихтағы» Ойрат тайпасы жайында: «Несмотря на  то, что их язык монгольский, он имеет небольшую разницу от языка других монгольских племен, например такую: нож другие тюрки называют китуга, а они говорят мудага. Подобных этим словам существует множество других»,– деген (Іт.1к.118-б.)  тұсқа тоқталайық. Үстірт қарасақ, екі сөз де түрк тілінде жоқ сияқты көрінеді. «Көне моңғол» тілінде шынымен де «пышақ» сөзі  kituga, қазіргі тілінде  «хутга», ал ойрат- калмақ тілінде  утх  екен. (Тұңғыс тілі деуге, эвенкше пышақ «хиркан» делінеді). Осындай себептерден «моңғол деген этнос та, оның өз тілі де болған және бар» деген тұжырым жасалады. Шындығында, бұл сөздің негізінде түрктің «өту» сөзі жатыр. Шығыс түрк диалектінде көбінесе сөз зат есім түрінде емес, заттың сыны, әрекеті түрінде келетінін көреміз: «Үй» сөзі  – «кір» етістігімен, «пышақ» сөзі – затты ары-бері қозғап «өткізу» сөзі (осыдан өткір немесе өтпейтін сөздері туған) арқылы берілген.  Байқасақ, бұл сөз  де «тарих» дегенді білдіретін «өтукен»  (ҚМоңғ: түүх), «кесу» (ҚМоңғ: өгтлөх), өмірі өтіп  «қартайған»  кісі  (ҚМоңғ: өтлөх) сөздерімен  баршасы түбірлес, мағыналас – түрктің  «өт, өту» сөзінен екен. (Осы екі-үш сөзді талдаудан-ақ бұл салада әлі жұмыс шаш-етектен екенін байқаймыз).

 Оқырманда: «Өмірлерін тіл, тарих зерттеуге арнаған, түрлі ғылыми атақтары бар жандар анықтай алмаған «кірме» сөздер құпиясын, неліктен ешбір ғылыми атағы жоқ, тіл я тарих саласы мамандығы бойынша қызмет істеп нан таппаған кісі (мен) ашып отыр?» деген сұрақ туары сөзсіз. Мәселе – менің өз зерттеуімді жүз пайыз дәлелденген фактіден бастауымда. Ол даусыз дерек – қазіргі Моңғолия жерінде VІ-VІІІ ғасырларда Түрк халқы өмір сүргені жазылған «мәңгі тастардағы» тарих. Одан ерте я сол кездері бұл өлкеде «моңғол» деген халық тұрыпты деген ешқандай жазбаша айғақ жоқ. Бұл да даусыз, дәлелденген мәселе. Осы территорияда тұрған «мәңгі тастардағы» жазуды 1893 жылы дат ғалымы Вильгельм Томсен оқып, Түрк қағанаттары жайы анықталғаннан-ақ ниеті түзу, шындықты білмек ғалымдар болжам, долбарға емес, нақты тарихи айғаққа сүйеніп жұмыс жасауы керек еді. Менің «көрегендігімнің» сыры – Түрк халқы өмір сүрген өлкедегі «моңғол тілін» зерттегенде, бірінші кезекте, кез келген сөзден түрктік негіз іздеуімде. Екінші факт – VІІІ ғасырда тұрғылықты халқы түрк тілді болған, Шыңғыз хан кезінде де өзіндік диалектідегі түрк тілінде сөйлеген өлкеде бүгінде бөтен тілдің орныққаны.

Көптеген зерттеушілер әдетте: «Явно тюркская по происхождению лексика, заимствованная из различных тюркских языков, проникала в монгольские языки в разные исторические эпохи, начиная с глубокой древности» (Рассадин); «Монгольско-маньчжурские языковые связи имеют давнюю историю, многообразны и осуществлялись на огромной территории, причем были периоды повышенной интенсивности их и были регионы, где они отличались устойчивостью и длительностью. Несомненно и то, что на протяжении длительного исторического периода монголы и маньчжуры занимали смежные территории, неоднократно оказываясь зависимыми друг от друга, и что контакты между ними приводили к широкому  лексическому обмену»,–  деген сияқты  (Т. Бямбажав. «Глагольная лексика монгольского и маньчжурского языков»)  ізгі ниетті бос сөздерді сапыруда аянбайды. Ал нақты: «Ол қандай тарихи кезеңдер?» деген мәселеге жауап  айтпайды. Көрші халықтарда тіл және басқа мәселелерде ауыс-түйіс болатыны еш жаңалық емес. Ғалымдардың бірінші кезекте зерттеуге тиісі «Осы өлкеде  VІ-ХІV ғасырларда өмір сүрген түрк тілді халықтың тілі қайда, өзі қайда?» деген мәселе болса керек еді. Шыңғыз ханның төрт ұлының ұлысындағы халықтар  жайын баян еттік. Енді «Түрк қағанаттары  дәурендеген бұл өлкеде түрк тілі неліктен жойылды?» деген сұраққа да жауап іздеп көрейік. 

1) VІІІ ғасырда жазылған Көлтегін, Тонұқұқ т.б. жазба ескерткіштердегі мәтін тілін түрк текті кісінің ХХІ ғасырда да түсіне алатындығы факт. Бұл жазу тілінің Орталық Түркстан түрктері тілінен  айырмасы тым аз. М.Қашқаридің айтуынша, Х ғасырдың өзінде-ақ Түркстандағы түрктердің тіліне көптеген парсы, араб сөздері енген. Ендеше,  «нағыз таза түрк тілі» VІІІ ғасыр «мәңгі тастарындағы» тіл шығар!?

2) 1310 жылы жазылған «Жами` ат-Тауарихта» келтірілген мысалдардан Шыңғыз хан кезеңі тіліне біршама қытай және тұңғұс-манжұр сөздерінің енгені, сөйтіп, VІІІ ғасыр ескерткіштеріндегі тілмен салыстырғанда 20%-дай түркшесін жоғалтқаны байқалады. Мұның  себептері – өлкедегі Түрк қағанаттары ыдырап, одан кейін құрылған Йағлақар қағанатын Енисей қырғыздары шабуы, Йағлақар-Ұйығыр қағанатының біршама халқының оңтүстік-батысқа көшуі,  осыны пайдаланған  Кидандардың  902 жылы Қытай империясымен қоса бұл өлкені де жаулауы деуге болды.

 Қазіргі Моңғолиядағы дағур тайпасы туралы Б.Х.Тодаева «Монгольские языки» мақаласында: «Прямыми потомками киданей считают себя современные дагуры. Этническое происхождение дагуров неясно; одни исследователи считают их монгольским племенем, подвергшимся сильному тунгусо-маньчжурскому влиянию, другие – тунгусо-маньчжурским племенем, перешедшим в 13–14 вв. на монгольский язык. Выделяются четыре диалекта – бутхаский, цицикарский, хайларский (в котором усматривается столь сильное тунгусо-манчжурское влияние, что иногда его даже считают диалектом эвенкийского языка) и синцзянский»,– дейді. «Жами` ат-Тауарих»: «Восстал один из эмиров кочевников по имени Джуланчи Амаки (Абаки). Он прибрал к рукам владения Хитая, Кара-Хитая и Джурджэ»,– деп  қидандарды «көшпелілер» атаған. 

Бір ғасыр өткенде (1115 ж.) қидандардың Ляо империясына солтүстігіндегі боданы шүршіттер шабуылдап, солтүстік аймағында 1128 жылы Цзинь империясын құрады. Бұл империяның «Алтын хандары» Керейіт, Қият тайпаларының басшыларын «ағаш есекке» шегелеп өлтіргені, империяға түрк тайпаларының салық төлеп тұрғаны белгілі. Осылайша, тұңғыс-манжұрлар мекендейтін өлкеден келген халықтардың Солтүстік Қытайда құрған екі империяның қол астында 200 жыл болған кезеңде шығыс түрктерінің тіліне шамамен әлгі 20% бөгде сөздер енген болар. Қытай тілінен «ван», «чэн сян», «го-ван», «ай-ван», «чаутхури» деген лауазым атаулары,  «фуджин», «гоа» дегендей әйелдер атаулары да осы кезеңде енген сыңайлы. 

 Бұл империяға Шыңғыз хан алғашқы шабуылды 1211 жылы жасап, соңғы шайқас 1234 жылмен аяқталады.  Шыңғыз хан әскерінде және әкімшілік қызметтерінде қидандар да, шүршіттер де болыпты. Шыңғыз хан Мәңгіел қағанатын құрған кезде түрк ықпалы күшеюінен, енді кері қарай – шығыс түрктерінің тілі (дағур, т.б. тұңғыстан қабылдаған ассимиляцияланған сөздерімен қоса) «мемлекеттік тіл»  ретінде  көрші тұнғыс, манжұрларға да енгені сөзсіз. 

 3) «Ұлы хан» ордасын Құбылай хан 1264 жылы қытай ішіне (қазіргі Пекинге) көшіргендіктен мемлекет билеушілердің он ұрпағы 105 жыл бойына саны көп халыққа арқа сүйеймін, соның көңілінен шығайын деп шығыс-түрк (мәңгіел) тілін дамытуға құлшынбағаны байқалады. Сондықтан, Қытайда 1368 жылға дейін билік құрған он ұрпақ кезеңін «тілге я пайдасы, я зияны болмаған кезең» деуге болар. 

 4) Қытайдың Мин империясы Тули ұлысына 1372 және 1380 жылдары 100 мың әскер аттандырып «Қаба сақалдыларлы қыру!», «Татар тіліндегі кітаптарды жою!»  науқанын жүргізді. Бұл рухани тұрғыдан да жасалған геноцид болды.

 «Сібір энциклопедиясы» моңғолдың көне әдеби ескерткіштері ретінде: «К ним относятся: надпись на Чингисовом камне (1220-30), письма иль-ханов Аргуна (1289), и Ульдзейту (1305) к французскому королю Филиппу Красивому, надпись в Юн-кани (не издана), надписи в Эрдэнидзу (1342), пайдза Абдулла-хана (1362-68), ярлыки Тохтамыша (1393) и Кутлуг-тимура (1397) и некоторые др.», – деп, шығыс түрк диалектінде жазылғаны әлдеқашан дәлелденген деректерді атайды. «Совершенно особо стоят Тырские надписи, найденные в устье Амура и датированные 1413 г. Затем следует длительный перерыв, после которого все памятники написаны современным Монг. письмом. Сюда относятся надписи Цокту-тайджи в 1601 и 1624, а также в Хэсэк-байшине (конец XVI века)», - дейді.

 Осы 1413-1601 жылдар аралығындағы 200 жыл бойына жазылған бір де бір жазбаша ескерткіштің болмауы, Мин империясының «Татар тіліндегі кітаптарды жою» саясатын   ұзақ уақыт жүргізгенін көрсетеді. Алайда, 1413 жылға дейінгі және 1605 жылғы жазба ескерткіштерді салыстыру арқылы осы елдегі тілдің өзгерген шамасын анықтауға болар еді.

 «Ең көне моңғол жазба ескерткіші» саналатын «Шыңғыз тасы» 1832 жылы Байкал шығысындағы Нерчинск аймағынан табылған» екен. Оны Доржи Банзаров аударғанда «Объяснение монгольской надписи на памятнике князя Исунке, племянника Чингис-хана» деп тақырып қойған. Тастағы жазуда Исунке деген кісінің 335 жауынгер алғаны ғана айтылған. Записки Императорского археологического общества, т. III, СПб 1851 г.,  268-292 бб.). Шыңғыз хан аяғы баспаған өлкеде оның жиені  Исункеге қайтыс болғаннан соң қойылған әлгі тас неге «Шыңғыз хан тасы» деп аталғаны, неліктен «1225 жылдарда жазылған» делінетіні түсініксіз.  Басқа деректердің де жазылу мезгілдері күмәнді екені байқалады.

  Қытай геноцидінен соң, 1400 жылға қарай, халқы қырылып азайған өлкеге солтүстіктен тұңғыс-манжұр тайпалары лек-легімен қоныстанары белгілі. 1211 жылдан бастап Шыңғыз хан ұрпақтарының қол астында болған шүршіт, т.б. тұңғыс тайпалары оларды өз заңды билеушілері деп, ал Тули ұрпақтары бұл халықты өз боданы, қытай сияқты ортақ жауға қарсы тұрар одақтас деп санап, қоныс аударғандарды қуана қарсы алғаны тарихи ахуалға сәйкеседі. Шығыс түрктері мекенінде бөгде ұлттар саны күрт артуынан ХV ғасырдан бастап ХVІІ ғасырға дейінгі 200  жыл барысында бұл өлкедегі түрк тілі кемінде 50%  түрктігін жоғалтты деп шамалауға болады. Мұны біз осы ХV ғасыр шамасында жазылған МҚШ тілінен көре аламыз.

  5) Қытай геноцидтерімен қоса, 1400-1455 жылдарда жарты ғасыр бойына өлкеде «тілі өзге түрктерге онша ұқсамайтын» ойрат тайпасы үстемдік етті. Бұл да  түрк тілінің өзгеруіне «өз үлесін қосқаны» анық.

  6) 1619 жылы Алтын хан тұсында мәңгіелдіктер Тибеттің ламалық «сары дінін» жаппай қабылдайды. Тибет тіліндегі кітаптар жедел түрде көшіріліп, елде монастрлар көптеп салынды. Екі-үш ғасыр көлемінде ламалар саны елдегі халықтың төрттен біріне жеткен. Осы дін арқылы мәңгіелдіктер тіліне  жүздеген тибет сөздері енді.

 Әдетте, халық қандай дінді қабылдаса, өздеріне сол дінді насихаттайтын кітаптардағы есімдерді алатыны тарихта дәлелденген нәрсе. Мысалы, христиан дінін қабылдаған орыстардың күллі есімдері Библия кейіпкерлерінен болса, исламды қабылдаған халықтар өз есімдерін Құрандағы кейіпкерлерге сәйкес қояды. Өзім шығыс түрк ұрпағы, исламды кештеу қабылдаған қазақ ұлтының кісісі бола тұра, атам  Қожа-Ахмет, өзім Хасен, әкем Кәрімжан  есімдері тек араб сөздерінен тұрады. («Қожа» – түрк сөзі екенін осы кітапты жазу барысында Рашид ад-диннен анықтадым). Азан шақырып қойылған «Темір жолды» (қысқаша «Темір») деген атымды, іссапардан оралған әкем, өзі КСРО-лық атеистік қоғам адамы бола тұра: «Аян алдым!» деп, «Хасен» есіміне ауыстырыпты. (Хасан, Хусейн – Мұхаммет пайғамбардың немерелері,  Хазірет-Әлидің ұлдары). Ендеше «сары дінді»  қабылдаған соң мәңгіелдік түрктердің де, ол елге көшіп келген тұңғыс-манжұр текті халықтың да тибеттік діни кітаптардағы есімдерді жаппай қабылдағанына таңдануға болмайды.

  Алайда осы діннің жоғарғы басшысының «Далай-лама» лауазымындағы «далай» – мұхит, теңіз, терең, кең, далиған, үлкен деген мағынадағы (кейіннен «дала» сөзіне айналған)  түрк сөзі. Бұл – шығыс түрктерінің Тибет дінбасыларына ықпалының айтарлықтай болғанын көрсетсе керек.

  7) Тули-Үгетай ұлысындағы халықтың түрктігін жойған келесі үлкен соққы – 1634-1911 жылдар аралығында қарашаңырақтың  Манжұр-қытайлық Цин империясының бодандығына түсуі болды.  Бұған қоса, осы кездері Амур өзенінің солтүстігін Ресейдің жаулауы ол аймақтағы тұңғыс халықтарын өзеннің оңтүстігіне, Манжұрия мен Мәңгіелдің Тули ұлысына жаппай босқындауға душар етті.  Ауып келгендердің көпшілігі тілі мүлде бөтен дағурлар болған.

  И.П.Магидович кітабында Е.П.Хабаровтың Солтүстік Маньчжурияға 1650-1652 жылдардағы жорықтары жайында: «Весной 1650 г. добрался до реки Урки, впадающий в Амур. Прослышав о движении  отряда (через русского перебежчика), дауры оставили приречные районы и ушли в неизвестном направлении. Завоеватели вступили в покинутый, хорошо укрепленный город даурского «князька» Лавкая (на реке Урке). Там были сотни обширных домов – қаждый на полсотни и более человек. В ямах казаки нашли большие хлебные запасы. Отсюда Хабаров двинулся вниз по Амуру. Дальше та же картина: опустевшие селения и города. Хабаровская флотилия двинулась дальше вниз по течению реки. Казаки снова видели брошенные селения, а около селений – несжатые хлебные поля...Нанайцы, соединившись с Дючерами, неожиданно напали на русских, но были разбиты...Весной 1653 г. он вернулся в Даурию, к устью Зеи. В течение всего лета  его люди плавали вверх и вниз по Амуру, собирая с местных жителей ясак. Весь левый берег Амура опустел: по приказу маньчжурских властей жители перешли на правый берег реки»,– деп жазады («Очерки по истории географических открытий». М. 1957.  330-б.).  Бұл баяндардан біз даурлардың  қалаларда, кең ағаш үйлерде тұрғанын, егін егіп, мал, құс ұстап, айтарлықтай өркениетте өмір сүргенін көреміз.

Лұбсан Данзанның «Алтын тобшы» кітабын 2005 жылы аударған Ж.Қамай: «Осыдан төрт ғасыр бұрын жазылған бұл шығарманың тілі, сөз тіркестері ежелгі моңғол тілі ерекшеліктеріне сәйкес құрылғандықтан, қазіргі моңғол тілінің сөз бітімінен  бөлек, тіпті қазақ тілінің сөз құрылымына бір табан жақын деуге әбден болады»,– дейді. Сондай-ақ, осы шығармадағы сөздердің көбі қазіргі моңғол тілінде қолданылмайтынын, ал олар қазіргі қазақ тілінде өз мағынасымен сақталынғанын айтады. Алайда, «қазіргі моңғол тілінен гөрі қазақ тіліне жақын» осы шығарманың тілін турасынан, батыл: «түрк тілі» (көнеқазақ) деуіне аудармашыны ғылымда қалыптасып қалған «ежелгі моңғол тілі болған» деген пікір  жібермей, құрсап тастағаны сезіледі.  Дегенмен, осы кезеңде түрк тілінің «қарашаңырақтағы» мөлшері тағы да 30-25% кеми түскен болар. Мұны 1634 жылы манжұр жаулап алуына қарсы тұрмақ болған Легден ханды көпшіліктің қолдамауынан, оның Көкнұр, Тибет өлкесіне кетуінен, сондай-ақ 1691 жылы да  мәңгіелдік рубасылар «ойраттан гөрі манжұрларды жақын көріп», Цин бодандығын өз еріктерімен қабылдауынан да байқаймыз.

    «Алтын тобшы» шығармасының жазылған кезін зерттеушілер 1628 жыл деп жүр. Байқағанымыз, тарихта ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда Лубсан Данзан (данцзин) есімді төрт кісі аталған. Бірі – осы кітаптың соңында өз есімін «дінге құмар сопы Лұбсанданзан деген гүши», деп көрсеткен кітап авторының өзі; екіншісі – автор 323-бетте баяндаған Лұбсан тайшы. Ол 1634 жылы қайтыс болған  Легден ханның немересі. Екінші ұлы Абұнайдың әйелі Күрүни ханшадан (манжұр Барыс шешеннің қызы) туған;  үшіншісі, 1723 жылы Көкнұрда Цин империясына қарсы көтерілісті басқарған хошут-ойраты, Төребек (Гуши) ханның немересі, Лубсан Данцзин. Көтеріліс жаншылған соң ол Жоңғариядағы Сыбан Рабданды паналаған. Егер «Алтын тобшы» авторы сол десек, ол  мәңгіелдіктердің Цин империясына бағынуы жайын  жайбарақат баяндамаса керек еді; төртіншісі, Қытайдың «Мэн-гу-ю-му-цзи» құжаттарындағы (орысшаға аударған П.С. Попов, СПб, 1895. «Записки о монгольских кочевьях»)  Цинхай хошуттарының басшысы Ваншук-Рабданның ұлы Лубсан даньцзин. Оған 1771 жылы 1-дәрежелі тайцзы атағы берілгені жазылған. Алайда. «Алтын тобшы» авторы соңғы екеуі емес деп ойлаймын.

Билеушілердің тапсырысынсыз, өз қалауымен шежіре жазатын кісілер, әдетте, тарихты баяндай келе, кітап соңын өз тегі, өзі жайлы мәліметпен аяқтайды. Мұны арғысы Қ.Жалайыр, Әбілғазы баһадұр, Шәкерімдерден, бергісі – бүгінгі шежіре жазушылардан да көреміз. Осы дәстүрге сай «Алтын тобшының» авторы «сопы Лұбсанданзан деген гүши» – Легден ханның немересі Лубсанның өзі болуға тиіс.  Солай болсын я болмасын, бірақ 1634 жылы Легден ханның қайтыс болуын, Легденнің баласы мен немересі жайын баян еткен «Алтын тобшы»  1628 жылы емес, 1700 жылдары жазылса керек.

  8) 1912 жылы Моңғолия мемлекеті  құрылған соң  ел  астанасының Қалқа  аймағында болуы, әлі де түрктігін сақтап қалған сөздерге ц, э, ч, ээ, уу, аа, оо сияқты «астана диалектісі» дыбыстарының енуіне себеп болды.  Өйткені, Қалқа –  түрктігінен ең ажыраған аймақ болатын. Мысалы, қазақ тілінде де бар «шылбыр» сөзі ХІІІ-ХV ғасырларда («көне моңғол тілі»)  «чулбуғур» делінген еді. Ал ХХ ғасыр ортасында әр диалектілерде «шулбұр (хорчин-қараша), «чолбұр (ару қарашын), «чулвұр» (шақар, ұрат), цулвұр» (шилинкөл, сунит) делінген осы сөз, Қалқа диалектісі арқылы «ортақ тіл жасау» әсерінен «цулбуур» делініп, түрктік сипатын жоғалтуға шақ қалған. БРМС жинағындағы кей бір моңғол сөздерінің синоним-баламалары онға жетеді және сөздер тегі әртүрлі этнос тілінен екені байқалады. Осыдан: «Бұл халық құрама ма?» деген ой туады.

 Сондай-ақ, қазақ тіліндегі «шақ» сөзі, ордостықтар диалектісінде  «чаг»  делініп, дәл көне түрк жазба ескерткіштеріндегідей  айтылады:  ДТС: С`АQ   пора, время: tan erta c`aqda  keldi  в утреннюю пору на заре  пришел («Оғыз-нама» 44.); С`АQLIY относящийся к какому-либо времени: edguti caqliү c`in bolmista после того как в течение достаточного времени она пропитается влагой (Rach I 151).  Ал Қалқа диалектінде бұл сөз «цаг» делінеді.  Назар аудартары – «араб сөзі» делініп жүрген «сағ+ат» сөзі түрктің осы, «мезгіл» дегенді білдіретін «чағ», «шақ»  сөзінен шыққан сыңайлы.

Сонымен, байқағанымыз – осы өлкеде бірнеше мемлекет құрған шығыс түрктерінің тілі,  зерттеушілер айтқандай, «мыңдаған жылдар бойына» емес, тек ХІV ғасыр соңына қарай, түрлі тарихи оқиғалар себебінен түрктігін жоғалта бастаған екен.  Осы  тарихи шындықты негізге алып зерттер болсақ, қазіргі моңғол тілінен мыңдаған түрк сөздерін табуға болады. Әдетте, қазақ тіліне кірме сөздерді «парсы, араб, орыс, латын, т.б. тілдерден енген» дейміз. Байқағанымыздай, қазіргі қазақ (түрк) және моңғол тілдеріндегі бірдей немес ұқсас сөздер туралы «кірме, енген, өгей» деу дұрыс емес екен. Сондықтан ол сөздерді  «моңғолдардың түрк болған кезінен «сақталып қалған»,  қазір екі халыққа да «ортақ сөздер»  деп атасақ –  бұл тарих шындығына сәйкес келер еді.

  

                                                             ***

  Моңғол мен тұңғұс-манжұр тілдерінің бір-біріне ықпалы мәселесі туралы бірір сөз айтайық.  Егер  бір халықтың тілдік ықпалы көршілеріне жұғысты болуы, бірінші кезекте, оның саяси күшеюіне байланысты десек, түрк сөздерінің тұңғұс-манжұр халықтары тіліне енуі шығыс түрктерінің Мөде қаған империясы (Сиуңну-Хунну) құрылған ж. ж. с. дейінгі ІІІ ғасырдан басталса керек. Бұл процесс  ж. ж. с. ІІ ғасыры ортасында сәнби билеушісі Таңшықай іргесін қалаған Татар бірлестігі кезінде және VІ-VІІІ ғасырларда Түрк қағанаттары дәуірлеп тұрған үш ғасырда да жалғасты деcек болады. Бөгде тіл сөздерін жазбаша емес, тек есту арқылы қабылдаудан сөздер бұрмаланып жатталары белгілі. Сол, түрктерден  бұрмалай қабылдаған сөздерді де тұңғыс-манжұр тайпалары Қидан, Шүршіт билігі орнаған Х-ХІІ ғасырларда қайтадан түрктерге әкелген. ХІІІ ғасырда бұл өлкеде Түркстандағыдан ерекше – «шығыс-түрк диалекті»  пайда болуының, зерттеушілердің  кей сөздерді кімнен кім қабылдағанын таба алмауының бір себебі осы болар.

  Түрк сөздерінің тұңғұс-манжұр халықтары тіліне енуінің келесі кезеңі шығыс түрктерінің ХІІІ ғасырда Мәңгіел империясын құрып, 1370 жылға дейін дәуірлеген заманы болуға тиіс. Мысалы, 1264 жылы мемлекеттің Мәңгіел атауы қытайшаға «Юань» делініп аударылып, негізгі күміс ақшасы да  «юань» делінгенімен, оны шығыс түрктері (мәңгіелдіктер) «меңгү» деп өз тілінде атаған. Ақыры, осы ақша атауы – күміс металының да аты болып кеткен. Тұңғұс-манжұрлар да ақшаны және күміс металын  «меңке», мөңкө» деуі – түрктердің Қытайда Юань династиясын орнатқаннан соң болған жағдай.

  Ал шығыс түрктерінің  (мәңгіел) тіліне енген тұңғұс-манжұр тілдерінің бірқатарын тану неліктен қиын десек, біріншіден, тұңғұстар да көптеген тайпа, рулардан тұратындықтан, тілдерінде де диалектілері, сөйлеу мәнері аса көп. Тұңғыс-манжұр тілдерінің салыстырма сөздігінде» (ССТ-МЯ) бұл халықтардың оны (10) аталған: эвенк, солон, эвен, негидаль, ороч, удэй, ульч, орок, нанай, маньчжур).

  Ал осы 10 халықтың тек бір ғана Эвенкінің өз ішінде қаншама рулар, қаншама тілдік диалект, говорларға бөлінетінін Г.М. Василевичтің «Очерки диалектов эвенкийского (тунгусского) языка» (Л.1948.) кітабындағы кестеден көреміз. Онда: «Аянский диалект, Алданские говоры, Ангарский говор, Баякитский говор, Баунтовский говор, т.б. деп, барлығы 7 диалект, 21 говорды атап көрсеткен. Егер осыншама диалектілі тайпа, рулар шығыс түрктерінің жеріне бірнеше рет – Қидан, Цзинь-шүршіт, Цин-манжұр болып басып кірсе, әрі олардың тілдері жазбаша емес, тек есту арқылы енсе, оның қай рудың диалекті екенін бұл заманда ажырату қалайша мүмкін болсын!? Зерттеушілердің лажсыздан: «Выделить заимствованное слово не всегда легко», «Грань между «своим» и «чужим» практически стерлась» деуі, осындай себептерден болып отыр.

  Сонымен, Мәңгіел қарашаңырағындағы қазіргі тіл шамамен 80-85 пайызға VІІІ-ХІІІ ғасырлардағы түрктігін жоғалтқан деген пікірге келеміз. Ал осы өлкедегі халық тілімен қоса  түрктігін де дәл осынша пайызға жоғалтты ма?   Қазіргі қазақта, татарда, қырғызда да түркше білмейтін, тек орысша ғана сөйлейтін Жалайыр, Найман, Керей, Қоңырат, т.б. ру адамдары жетерлік. Сондықтан, «бөтен тілде сөйлейді» деп, Моңғолиядағы халықтың баршасын тұңғыс-манжұрға жатқыза салуға болма ма?

Қ.Закирьянов «Шыңғысханның түркілік ғұмырнамасы» кітабында Моңғолия ғалымдары Т.Өшір мен Б.Серже зерттеулер нәтижесінде, бүгінгі Моңғолия жерінде барлығы 769 рудың өмір сүретінін анықтағанын, оның ішіндегі  35-і қазақ  руларымен аттас екенін жазып: «Шыңғысхан дәуірінде  бұл аймақты мекен еткен рулар саны 60 болса, ал қазіргі уақытта бұл аймақты 700 ру мекен етеді екен", – дейді (94-96 б.).

Әрине, бұдан «қазақ құрамында кездеспейтін рулардың баршасы тұңғыс-манжұр рулары» деген асығыс тұжырым тумаса керек. Қолымдағы деректер Мәңгіел қарашаңырағында қазір өмір сүретін рулар арасында 1310 жылы «Жами` ат-Тауарих» «түрк» деген тайпалардың бірқатары бар екенін көрсетеді. Ол рулардың кейбірі қазақтан басқа да – қазіргі татар, өзбек, ноғай, т.б. түрк халықтарының құрамында немесе Моңғолия жерінің өзінде ғана сақталған түрк рулары болуы мүмкін. Ал 769 рудың «жаңалары» – сол тайпалардан өрбіген бе, әлде сырттан кірген тұңғыс-манжұрлық тайпалардан тараған рулар ма? Шүкір, әлі де ру атаулары ұмытылмағандықтан, бұл зерттеу арқылы анықтауға болатын мәселе.

  1206 жылғы құрылтайдан кейін өздерін Мәңгіел атаған Ойраттар, көп өтпей қайтадан «ойрат», «қалмақ» деп, өз тайпа атауын немесе жаңа атау алғанын көрдік. 1206 жылы «мәңгіелміз» деген Қият, Жалайыр, Қоңырат, Найман, т.б. тайпалар да ХV-ХVІ ғасырларда Моғолстан, Ұлы Моғол деген атпен мемлекеттер құрған халық та бүгінде «қазақ, өзбек, ноғай, татар ұлтымыз» деп, басқа атаулармен мемлекет құрған. Ойраттар 1912 жылдан бастап қайтадан «моңғол» аталды. 1653 жылы Амур оңтүстігіне өткен тұңғыс Даурлар да қазір «моңғолмыз» дейді. Осының өзі «мәңгіел-моңғол» сөзі ұлттың емес,  бірлестіктің атауы екенін көрсетеді. Өйткені Бірлестікке енуге де, шығып кетуге де болады. Ал тегіңнен, генаңнан ешқайда «шығып кете» алмайсың. «АҚШ азаматымыз» деп жүргендер де өздерінің түп-тегі чех, швед, дат, т.б. екенін айтады, ұмытпаған. Менен ұлтымды сұраса, «қазақпын» деймін. Бірақ, бұл – бірлестік атауы екенін, ал тегім, қаным түрк екенін білемін. Ендеше, бүгінгі Моңғолиядағы рулардың адамдары «моңғолмын» деп Бірлестік  атауын айтар, ал «Тегің кім?» дегенге не дер екен?  Бұл сұраққа жауапты бүгінде Тули ұлысында – Мәңгіел қарашаңырағында тұрып жатқан  халықтың өзіне  қалдыралық.

 

                                                   Соңы.

                                                                                                      

Хасен Қожа-Ахмет

(«Ғасырларға жалғасқан жаңсақтық» кітабынан үзінді)

.

 

Айдары:  Төбе
02.06.13
3369 оқылды

Пікір саны (17)

Гүлжамал

Құрметті Хасен аға! Сіздің жазған еңбегіңізді қатты бағалай отырып, мен өз шыққан тегім туралы көп мағлұматтар алдым.Руым төре,Шынғыс хан ұрпағымыз.Қаламыңыздан осындай үлкен еңбектер жарық көре берсін.Рахмет!!!!!!!

Хасен Қожа-Түрк

Ойраттарды қару-жарақпен Ресей қамтамасыз етіп тұрғанын баса айту керек.
-------------
Мұны мен 1974 жылы "Орыстардың дүниежүзілік жандарм болуға тырысуы" деген мақаламда айтқанмын.Сол үшін, т.б. мақалаларым үшін 1977 ж. 2 жылға сотталдым.

Хасен Қожа-Түрк

Хайдар Дулатидің "Тарихи Рошиди"(Хақ жолындағыла) еңбегіндегі деректерді пайдаланбаған сияқтысыз. Онда Шағатай ұлысының шығысы мен батысы екіге бөлінуі жайлы жақсы жазылған----- Төлебекке.
Кітапта деректер өте көп болып кеткендіктен және қаржы тапшылығынан қысқартып, тек Моғолстанның 1358 жылы болініп шыққанын айттым.

Төлебек

Қасен аға! Ойраттар туралы терең зерттеу жасағаныңыз көрініп тұр. Бұл көп ақтаңдақтың бетін ашады. Бірақ та, Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарихи Рошиди"(Хақ жолындағыла) еңбегіндегі деректерді пайдаланбаған сияқтысыз. Онда Шағатай ұлысының шығысы мен батысы екіге бөлінуі жайлы жақсы жазылған. Аталған екеуі бір-бірін кемсітіп ат қойған. Батыстағылары шығыс бөлігіндегілерді "жетелер" десе, олар батыс бөлігілерді "...нақты атын ұмытып отырмын, әйтеуір мағынасы "шатыс", "аралас", яки "сарт" " деген. "Жетелер" өздерін таза моңғолдар санаған. Осы "жетелердің" көпшілігі бүгінгі қазақтың ұлы жүз өкілдері екен. Әсіресе Дулаттар "жетелердің" бел баласы болған. Дулаттардың арғы атасы Шыңғысхан заманында-ақ тархан атағын алып, әрі өз үлесіне "маңлай-сүбе"(Қашқария) өлкесін алған. Сондай-ақ, Дулаттардың да арғы тегі Шыңғысханмен ағайындас екен. Дәлірек айтқанда, Түмбине ханның 8-ші баласынан (аты Буылджыр, яки соған ұқсас басқадай атаумен жазылған. Мүмкін дұрысында Бәйдібек бабамыз болар) таратылады. Бұл Мұхаммед Хайдарда ғана емес , Рошид ад Диннің "Джами ат Тауарих" кітабында да осылай жазылған. Онда "Дуклат, Сукан" деп жазылған. Осы деректерге сенсек, онда Ұлы жүз руларының көбі "нирундар" болып шығады.

Тіркелмеген қолданушы

Keremet oiymyz bir jerden shykty Haseke, men tarih fakultetinde okimyn,kopten beri zerttep jurgen edim bul takyrypty,atakty Shyngystyn turk ekenin, Shygys turk kaganatyn kaita kalpyna keltirip,eldi Mangi el ,bolmasa Myn qol ataganyn, atakty turannyn,turk kaganatynyn,shyngys negizin kalaagan Mangi eldin MURAGERi QAZAQ(turk) ekenin daleldegim keledi, Qazirgi qazaqtyn kuramy:
Batys Turk(on ok budun): dulat ,qypshak(kimak ,ogyz,karluk,hazar),sary uisin(turgesh),kanly,shaprashty(shygyl),alban,suan,
Shygys Turk(mangi el): naiman,kerei,konyrat,adai,tama,argyn(basmyl),uak,jalaiyr,baiuyt(baiuly),alim,tatar(tore,tolengit)
men elimdi nagyz Kokturktin murageri,jane 21 gasyrdagy jana Kokturk memleketi sanaimyn. Jasulan

liaroutrago

Соберем для Вас по интернет клиентскую базу (Все контактные данные) !
Узнайте об этом по
тел +79137936342
Skype: s....8
ICQ: 6288862
Email: rossermantik@gmail.com

Демоверсия базы данных БЕСПЛАТНО!

Тіркелмеген қолданушы

"Түп-тұқияннан" мысал келтіргенде автор оны мақұлдап емес, фактілерді салыстырып, оның шындыққа жанаспайтынын көрсетіп отыр емес пе!?

Тіркелмеген қолданушы

Қазыбек бек Тауасарұлы «Түп-тұқияннан өзіме шейін» кітабында Аңырақай шайқасы кезіндегі жоңғар-ойраттары жайлы: «Жылғары, Мүргер деген екі батыры артындағы өз тілін алатын мыңға жуық қолымен бізге тұтқын болды. Мен оларды бестен-оннан ауылдарға бөліп жібердім. Оларға сену де қиын еді. Азырағын Шапыраштыға, көбірегін майданнан алысырақ Дулат арасына жібердім. Олар қайда баруға да қайыл, тек қайта ұрысқа салмасаңыздар болды дегенді айтқан болатын. Кейін қазақ арасында бұлар мәңгі қалып, өздерінің тілін, дінін жоғалтып, Шапырашты, Дулат болып сіңіп кете барды»,– дейді (270 б). - шындыққа жанаспайтынын қай жерде келтірді екен. Әлде мен оқымай қойған жерлерде ме екен.

Тіркелмеген қолданушы

Тым жақсы болып оқып отыр едім, "Түп-тұқияннан өзіме шейіннен" мысал келтіргенін көргеннен кейін оқығым келмей қалды.Ол кітаптың түбі шикі, шикі емес-ау өтірік, ойдан шығарылған нәрсе ғой. Шапырашты кімнің руы екенін білесіңіз, сол руды көтеріңкіреу үшін жазылған нәрсе. Сол күйінде баспаға берілді, бәлен ғасырлық кітап деген кітаптың тілі қазіргі сіз бен біз сөйлеп жүрген тілден бір де бір айырмашылығы жоғын қалай түсіндіресіз. Дәріптеп жүрген хандарымыз ана кітаптың жазылуында тегі жоқ қайдан шыққаны белгісіз,ұрланғын бала.Аты кім екенін ұмытып қалдым біреу біреудің баласын ұрлап алады да хан қылып тәрбиелепті-міс! Қасындағы біреуге осы бір жерден біреудің баласын алып кетіп хан қылып тәрбиелемесек болмайды-ау дейді кітапта. Олар да тегін емес белгілі, қадірлі адамдар. Сонда қадірлі адам дегендері біреудің баласын ұрлаушы. Бұл не масқара. Ол кітаптың өтірік екенін ғалым-зерттеуші түгілі қарапайым оқырмандар да түсінген. Жаңағы жерден кейін оқығым келмей қалғаны анадай шығармасымақтан мысал келтіріп отырғаны, бұл адамның өзінің жазып отырған нәрсесінің дұрыс-бұрыстығына күмән тудырады. Кейбір жерлерінің мағынасы келіспейді. Мен ғалым да, зерттеугі де, жазушы да емеспін, бірақ тарихи дүниелерді, жақсы көремін,көп оқыдым, көркем әдебиетті де өте көп оқыдым. Дүниесін оқып отырып, жазған адамның білімінің қандай дәрежеде екенін сезетіндей жағдайдамын. Тарих туралы Мұхтар Мағауинның қызықты, тұшымды дүниесі бар.
Біздің қазақпыз деп жүргеніміз енді ұлтымыз емес, бірлестік болып қалды ма. Ол кісінің қаны түрік болса түрік шығар, өзім неше ғасырдан бері келе жатқан қазақтың ұрпағымын, қазақпын, бір кездері, бәлен ғасырда түркі тектес болдық екен деп, мен негізінде түркі едім деген қазақты осы қырық бес жасыма дейін көрген жоқпын.
"Түп-тұқияннан өзіме шейінге" ұқсап кетеді көп жерлері. Ағайын адамдар емес па екен, ең болмаса рулас, белгілі рудан...

Тіркелмеген қолданушы

Хасен Қожа-Ахметтің "Ғасырларға жалғасқан жаңсақтық" аталатын кітабы маусым айының басында Алматыдағы "Білім" баспасынан 840 тиражбен шығарылды. "Жұлдыз" журналының №7-9 сандарына ықшамдалып жарияланбақ. Интернеттегімен салыстырғанда кітапта 1-6 тарауларға қосымша мәліметтер енгізілген.

Тіркелмеген қолданушы

Ойраттарды қару-жарақпен Ресей қамтамасыз етіп тұрғанын баса айту керек.

Тіркелмеген қолданушы

"Ақиқат" журналының 2013 ж., №4,№5 сандарында Хасен Қожа-Ахметтің "Тарих оқулығындағы олқылықтар" аталатын мақаласы (2011 ж. жазған) жарияланды. Онда Әбілқайыр ханның әкесін тарихшыларымыз бес түрлі, Бөгенбай батырдың руын төрт түрлі жазып жүргендері, т.б. мәселелер айтылған. Оқыңыздар!

Тіркелмеген қолданушы

keremet taldau eken. Men tegimmen tur sypatymmen dene bitimimen ruyhymmen soilegen tilimmen saf taza ejelgi shygys turkilikpin.

Тіркелмеген қолданушы

Хасен ага! Жалпы халкымыздын санасынын терен токырауга тускени соншалык:нагыз тарихи шындыкты кабылдату оте киын Санамызды айкындау ушин тек кана биздин тарихымызды беру аздык етеды Халкымыздын коп болигинин жеке пикирлери (собственные мнение)бар болуы жане оте билимди болуы себепти (наша счастье или беда) санамызды озгерту ушин букил алемдик адамзат баласынын тарихын: барлык алемдик диндерди(включая язычество):барлык табигат зандарын (закон резонанса: симметричность мира: 2х полярность:троиственностъ созидание:достаточные секреты звука или буквы: физиология человека и т д)беруимиз керек Сонан сон тарихи эпизодтарды зерттеу кажет: биракта фактологиялык согыстын барында умытпауымыз керек Биздин тарихымыздын арбир сози: арбир харпы ошкен жок Тек санамызды ашып жан-жагымызга дурыстап карасак болды Сол кезде адам баласынын табигатты тусину: аиналасында болып жаткан жагдайларды угыну касиеттери оянады жане намыс: уялу: ойлау: парыз: канагат сиякты саналы адам баласына тан сезим-эмоциялык-энергетикалык каналдары ашылады 7КУТЫММ!

Тіркелмеген қолданушы

Хасен ага сиздин бул енбегиниздик халыкка коп пайдасы тиери созсиз Бирак халкымыздын казирги менталитеты жагдайында елеусиз калып кояма деп коркамын Себеби дал казыр окырмандарга резонанс тугызу сал ертерек ари мумкун емес Сонан сон халкымыздын гендык курамы 70% мангы елдиктер 30% турктер екенин ескерумиз кажет (он ок деген терминди теренирек зерттениз)

Хасен Қожа-Ахмет (Қожа Түрк)

Қадірлі халайық! Құрметті оқырмандар! В.Янның "Бату" романымен 1958 жылы танысқанымнан бұл тарихқа қашанда назар аударып, фактілерді ойға түйе жүрген едім. Сол түйгендерімді жазуға кірісіп, 6 жылға жуық уақытта осы кітапты аяқтадым. Кітапты жазу кезеңінде еліміздегі бір талай қоғамдағы келеңсіз мәселелерге өз көз қарасымды білдіремін деп (мерзімінен ерте президенттік сайлау, біресе референдум, Жаңаөзен қантөгісіне байланысты соттау, қызметте қудалау,т.с.с.) көп уақыт жұмсадым. Т.б. жағдайлардан осы еңбекті аяқтай алмаймын ба деген де ойлар келді...Осындай себептерден кітаптың кей тұстарында асығыс құрылған сөйлемдер кездесуі мүмкін. Ондай жағдайда өздеріңізден кешірім өтінемін. Егер осы тарихымызға қатысты менің назарыма ілінбей қалған деректер білсеңіздер осы сайтқа жазуларыңызды сұраймын.Көп болып санамызды айқын қылар тарихымызды жасасақ деген ниет қой. Осы кітап маусым айының бірінші аптасында "Білім" баспасынан шығады. 1-6 тарауларында Интернеттегіден сәл ғана өзгешелігі бар. Орысшаға жуырда аударып болдым. Тәңірі қаласа күзге қарай баспадан шығып қалар.

Тіркелмеген қолданушы

санамызга жарык сауле тусти начали работать генное информация начали отходить глубокий гипноз рахмет хасеке

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.