Әбілязовты тығырыққа тыққан екі әйел

Әбілязовты тығырыққа тыққан екі әйел

Өткен аптаның соңында «Экспресс К» газеті Франция түрмесінде жатқан Мұхтар Әбілязовтың жеке өміріне қатысты мәлімет таратты. Газеттің топшылауынша, оның екі ашынасы бар екен. Бірі – Елена Тищенко, екіншісі – Ботагөз Жәрдемәлі. Елена Тищенко турасында соңғы кезде көп жазылды. Тіпті, бой тасалап жүрген Мұхтар Әбілязовтың ұсталуына осы - О.Тищенко себепші болды деген пікір де айтылды. Ал Ботагөз Жәрдемәліні жұрт біле бермейді. «Экспресс К» газеті де оны М.Әбілязовтың ашынасы ретінде көрсетумен ғана шектеліпті. Шындығында, ол қазір М.Әбілязовтың құрылымдарындағы басты фигуралардың бірі, «Мұхтардың оң қолы» десек те, қателеспейміз. Б.Жәрдемәлі әбілязовшіл ақпарат құралдарына ақша бөліп, олардың ақпараттық-идеологиялық жұмысына басшылық жасап отыр.

Елена

Ұлты украин адвокат Елена Тищенконың бұрынғы күйеуі Сергей Тищенко М.Әбілязовтың Украинадағы бизнес әріптесі болған. Е.Тищенко күйеуінен ажырасқан соң Еуропаға кеткен-ді. Лондон соты М.Әбілязовты алаяқтық жасағаны үшін сотқа тартқанда, Е.Тищенко оның адвокаттарының бірі болды. Кейін жария болған мәліметтерге қарасақ, М.Әбілязов пен Е.Тищенко өте жақын қатынас жасаған. Бұл жөнінде Англияда шығатын The Times газетінің Мұхтар Әбілязовтың ұсталуына қатысты жазған мақаласында айтылады: Шілденің 22-і күні Лондонда өткен соттан кейін ЕленаТищенко бірден Хитроу әуежайына бет алады. Оның соңынан Hogan Lovells заңгерлік фирмасының  қызметкерлері аңдиды. Е.Тищенко Хитроудан Францияның Ницца қаласына ұшады да, қала сыртындағы үйіне барады. Түнгі сағат 02.30 шамасында ол үйінен шығып, «Ландровер» көлігіне мініп, жағалаудағы «Villa Neptune» ауданындағы особнякқа келеді. Аңдушылар үйге дүрбі салып қарай бастайды. Олар бір сағаттан соң үй ішінде жеңіл жейдемен жүрген Мұхтар Әблязовты байқайды. Аңдушылардың айтуынша, адвокат келіншек М.Әбілязовтың особнягында қалып қояды. Осы мақаладан кейін-ақ, Елена Тищенконың жай ғана адвокат емес, М.Әбілязовпен жақын қатынас жасап жүрген келіншек екені айтыла бастады.

«Жәмила»

Ботагөз Жәрдемәлі бұрын БТА банк құрылымдарында басқарушы директор және БТА банктің басқарма мүшесі қызметін атқарған. 2009 жылы ол аяқасты жұмыстан өз еркімен босап, шетел асып кетеді. Кейін, Алматы қалалық қаржы полициясы БТА банкті тексергенде, оның қаржы алаяқтығына қатысы бары анықталды. Ол қазір халықаралық іздеуде.

Шетел асып кеткен Ботагөз Жәрдемәлі қазір атын өзгертіп алған. Ол әбілязовшілердің ортасында «Жәмила» деген атпен белгілі. Осы жылдың басында Мұхтар Әбілязов өзінің ақпарат құралдарын басқарып келген Бақытжан Кетебаев пен Ирина Петрушоваға сенімсіздік танытып, оларды шетке ысырып тастаған соң, ақпарат саласындағы билікті «Жәмилаға» берді. «Жәмила» әбілязовшіл ақпарат құралдарына қаржы беріп отыратын жасырын «қоржын» ғана емес, ол нені жазу, нені жазбау жөніндегі идеолог болып жүр. Бірақ, оның бұл ісі оңды нәтиже беріп жатқан жоқ.

М.Әбілязовпен келіспей қалған Бақытжан Кетебаев «К+» теларнасын өзімен бірге алып кеткені белгілі. Осы телеарнаның орнына жаңа телеарна құруды Мұхтар Әбілязов «Жәмилаға» тапсырған-ды. Өзі білмейтін, білгеннің тілін алмайтын «Жәмила» өзімбілерлікке салынып, өзін БАҚ менеджеріндей немесе пиар-технологтай сезініп, аспақтап кетті. Оның мұндай ісіне қарсы болған көптеген журналистер мен редакторлар «Жәмилаға» шыдас бере алмай әбілязовшіл құрылымдардан кетіп қалды. Кейбір мәліметтер бойынша, ол М.Әбілязовтың әйелі Алма Шалабаеваға қатысты жарияланған мақалаларға араласып, оны бұрмалап отырған. Оның ең сорақы қателігі – қазақтілді және қазақстандық журналистерді былай ысырып қойып, орыс (Ресей) журналистерімен жұмыс істеуі. Путиншіл, империяшыл орыс журналистерінің пиғылы белгілі. Осы себептен әбілязовшіл БАҚ-та қазақ ұлтшылдарына қарсы мақалалар жиі жарияланатын болды. Бұл қапаста жатқан Мұхтар Әбілязовқа деген қазақ қоғамының өшпенділігін одан сайын күшейтіп жатыр.

Берік Мыңжасар

Айдары:  Дүрбі
26.08.13
6616 оқылды

Пікір саны (8)

Еркек

Әблязовтың отбасын бүлдіру үшін арнайы орындар ойлап тапқан ақпарат. Біздің аңқау журналистер өтірік өсектің ақ-қарасына көз жүгіртпей оны іліп әкеткен-ау шамасы.

Берік

Несі бар қатын алсын, тіпте заңдастырса да жөні бар. Жап жас қыз емес. Байынан ажырасқан. Қайта сауап әрі қазақ саны көбейсе айып па? Ата бабамыз бірнеше әйел алған жоқ па? Мұқтардың қатыны Алма байбаламсалып жатқан жоқ, осы серкедегі Беріктің шамданатыны несі. Ішің күйсе тұз жала, болмаса сенде бірнеше қатын ал. Биліктегілер қаражат тауып береді, несіне тартынасың, қаражатың жетеді.

Есет

Билікке мынау Берік тұрғай, оның көкесіндейлер қалай-қалай жағынады десеңдерші! Солар туралы "ТанымТВ" сайтында "Жағымпаздар жарысы..." деген мақала тұр, оқыңдар, өздеріңнің білетіндеріңді жазыңдар, автор сұрапты.

Тіркелмеген қолданушы

екі қолмен шашынан тартып бұрқытатын

Жек

әдемі қыздар екен. Аблязов біледі

Есет

Берік байғұсты жазғырып қайтесіңдер, оның шын аты-жөні бұлай емес те шығар және биліктің бір жерін жалап күн көріп жүргендердің біреуінің айтақтауындағы бишара қанден де ғой. Итаяқтан ауызданғандар сол итаяқтың қасында өледі де! Гәзет те - биліктің бір бюллетені. "Қазақ" дегенде қаны борси қалатындар жиналған үйшік.

Тіркелмеген қолданушы

Саган катты тиип кеткен коринеди...

Тіркелмеген қолданушы

Әттең Берік қатын болып тумаған екенсің ,сенің өсекші әиелдерден қай жерің артық.

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.