Ұзақ бұзақылығы үшін Қайрат Нұртас полиция бөлімшесіне жеткізілді

none

Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың концертінен түсірілген видео тарады. Видеода әншінің балағат сөз қолданғанын байқауға болады. Бұл жайт полиция назарынан тыс қалмады.

"Қоғамдық орында балағат сөз айтып, видеоға түсіп қалған әнші жауапқа тартылды. Ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", делінген 2024 жылдың 29 сәуіріндегі полиция хабарламасында.

Айта кетсек, бүгін, 29 сәуірде танымал әншінің желідегі тағы бір видео бойынша да айыппұлға іліккені белгілі болды. Бұл арада әнші өзі түсірген видеода қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізіп бара жатыр, деп жазады Zakon.kz.

Айдары: Найзағай 29.04.2024 29

Қатысты мазмұн