ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылдың 2 мамырындағы ағымдағы жағдай бойынша еліміздің су қоймаларындағы ахуал туралы айтты.
Ақпаратқа сәйкес, 100%-ға толған:
Ақмола облысында екі ірі су қоймасы;
Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы.
Сондай ақ ведомствода еліміздің басқа өңірлеріндегі су қоймаларының жағдайы туралы деректер ұсынды:
Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,6%-ға толы;
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%;
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%;
БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88%-ға толды;
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 82,4%;
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 39,8%-ға толды.
"Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі",- деп толықтырды ведомство баспасөз қызметі.
Дереккөз: Zakon.kz